15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әбілдә Тәжібаев "Толағай"
|
Пәні: Қазақ тілі |
Сыныбы 5 |
Мерзімі |
|
Тақырыбы: Әбілдә Тәжібаев "Толағай" |
||
|
Пән мұғалімі: А.Полатова |
||
|
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары |
"Толағай" ертегісінің мазмұнын өз бетінше түсіне және ертегіні талдай алады. |
|
Түйінді идеялар |
Мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу - оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. |
|
Оқып үйренудің нәтижесі |
Теориялық білімін практикамен ұшастыра алатын болады. Әдеби ертегінің мәнін, мазмұнын өз бетінше түсінеді. Сыни тұрғыдан ойланып, өз бетінше жұмыс жасауды үйренеді. Топпен жұмыс жүргізе алады. |
|
Қосымша оқу |
Әдеби ертегілер |
|
Сабақтың кезеңдері |
Мұғалімнің іс -әрекеті |
Оқушының іс - әрекеті |
Қамтылатын модульдер әдіс-тәсілдер |
Бағалау |
Уақыты
|
Ресурстар, көрнекілік-тер |
|||||||||
|
Ұйымдастыру кезеңі |
1. Психологиялық дайындық. а) Сабаққа дайындықтарын тексеру. ә) Оқушыларды белсенді әрекетке шақыру. б) Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру" Екі қолды жұмысқа жұмылдыру"ойсергегі. Бұл ойсергектің мақсаты келесідей: Әдетте оңқайлардың (оң қолымен жұмыс жасайтындардың) миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі жағы да іске жұмылады екен. 2. Оқушыларды "Жұбыңды тап"тәсілімен топқа бөлу. 3. Топ ережесін құру. 4. Табыс критериін оқушыларға таныстыру. |
Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды. Оқушылар екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен келесідей әрекеттерді атқарады: 1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төрт бұрыш салады. 2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үш бұрыш салады. 3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Оқушылар салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығына назар аудармауларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы - жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек. Он оқушыдан екі топқа бөлінеді. Топ ережесі құрастырады. Табыс критериімен танысады, келіседі Көршілерінің суретін салып, қолдарын қойып, бір-біріне тарту етеді. |
Қалай оқу керек Топпен жұмыс |
Табыс крийтериі |
5мин |
Интер- белсенді тақта, слайд, ереже табыс критерий кестесі, әдеби кейіпкерлер жазылған стикерлер |
|||||||||
|
Үй тапсырмасын сұрау |
"Крестиктер нөлдіктер" әдісімен үй тапсырмасын сұрау. 1- топ: 1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді 2. Аңыз дегеніміз не?? 3."Сырттандар" ертегісіндегі бай баласы қандай түс көреді? 4. Құранда неше сүре бар? 5. Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген? 6. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар? 7. "Аяз би" ертегісіндегі Жаман өзі хан болған соң маңдайшасына не іліп қойды? 8. Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні неде? 2- топ: 1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не? 2. Ертегі дегеніміз не және оның қанша түрі бар? 3."Аяз би" ертегісінде уәзірлер не үшін жаманды адамның жаманы деп шешті? 4. "Ер Төстік" ертегісі қандай ертегіге жатады? 5. "Қырық өтірік" ертегісіндегі Хан халқына қандай жарлық шығарады? 6. Жошы ханның жас баласы қалай қайтыс болған? 7. Тайкелтір даукестерге қандай төрелік сөз айтты?
8. Тұрмыс - салт
жырларының қандай түрлері бар? |
Кестеде берілген сұрақтарға жауап берсе крестик бере алмаса нөлдік қою арқылы үй тапсырмасын қайталайды.
|
Диалогтық оқыту.
|
Бағдар-шам бойынша өзін - өзі бағалау |
5 минут |
Әдебиет оқулығы
|
|||||||||
|
Жаңа сабақ |
Миға шабуыл. INSERT -жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі бойынша сұрақтар қою. Итермелеу сұрағы арқылы оқушылармен бірлесе жаңа тақырыпты ашу. 1. Білемін. Сұрақ: 1. Балалар біз 5- сыныпта әдебиет оқулығын оқығалы не білдік?
2.Балалар жаңа ғана сендер осы ертегілердің тағы бір саласы әдеби ертегілердің бар екенін білеміз дедіңдер. Сендер алдын ертегілердің хайуанаттарертегілері бойынша "Сырттандарды", қиял - ғажайып ертегілері бойынша "Ер Төстікті", шыншыл ертегілер бойынша "Аяз би" сияқты түрлерін оқып білгендерің жайынжа айттыңдар. Енді сендер ары қарай нені білгілерің келеді?
3. Балалар сендер жаңа ғана ертегілердің тағы бір түрі бар екенін айттыңдар. Оны әдеби ертегілер деп атайды және оның авторы бар мәселен Ә.Тәжібаевтың "Толағай" ертегісі деп айтып кеттіңдер. Ал сол әдеби ертегі туралы оның мазмұнын, не туралы екенін білгілерің келе ме? Ертегілердің бір саласы- әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегі деп атаймыз. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады. Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтыла береді. Әбділда Тәжібаев- туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әблділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. «Сыр елі- жыр елі» атанған сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек. Ә.Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған. Ә.Тәжібаев талғампаз тарих төрінен ойып тұрып орын алған тұлға. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Сыр өңірінде дүние есігін ашқан Әбділда әкесінен ерте айрылса да, анасының аяла алақаны арқасында жатқа жалтақтамай өсті. Бала кезінен әдебиетке құмарлығын оятқан да анасы. Айманкүл шеше таңды таңға қосып, қисса оқитын. Ақыннның әдебиетке жақындығы осыдан басталса керек. Әбділда ақын халқын «Толағаймен» табыстырды. Толағай еліне жаңбырлы тауды қалай көтеріп әкелсе, ақын поэзияға өзінің арқалы жырларын арқалап келді. 2.Енді не білгілерің келеді? Олай болса сол "Толағай" ертегісін ертегілер әлемінен көрейік("Толағай" мультфилімін көрсету) |
Сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп отырады.
Білдік: Мүмкін жауаптар: Біз әдебиет өнердің бір саласы екенін ол екі түрде өмір сүретінін білеміз .
Жазба әдебиеті ауыз әдебиеті дегеніміз не екенін ажырата аламыз және білеміз.
Ауыз әдебиетіне нелер жататынын білеміз.
Ертегі дегеніміз не екенін білеміз.
Аңыз әңгімелер дегеніміз не екенін білеміз.
Шешендік сөздер дегеніміз не екенін білеміз.
Діни мифтік әңгімелерді білеміз.
Әдеби ертегілердің де бар екенін және олардың авторы болатындығын білеміз.
Білгім келеді: "Толағай" ертетгісінің желісін және оның авторы туралы білгіміз келеді. "Толағай" ертегісінің мультфилімін көреді. |
INSERT
СТО
|
Форма- тивті баға |
10мин |
Интербел сенді тақта |
|||||||||
|
Сергіту сәті |
Мұғалім сергіту жаттығуларын жасатады
Шынығамыз, жастай
бiз,
Орнымыздан
тұрамыз,
Сағаттың
тіліндей,
Шаршасаңдар,
балалар,
|
Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды |
|
|
3минут |
Бейн е сюжет |
|||||||||
|
Жаңа сабақты пысықтау |
1-топ: Ә.Тәжібаев кім? Оның өмірі және оның Толағай" ертегісі туралы толық мағлұмат бер. 2- топ: Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар? "Ер Төстік" пен "Толағай" ертегісін салыстырып түсіндір. |
Берілген тапсырма бойынша бір спикер шығып түсіндіреді Оқушылар түйінді идеяларды дәптерлеріне түртіп отырады. Сонымен қатар сұрақ және ұсыныс айта алады. |
Зерттеушілік әңгіме
Топтық зерттеу Постермен жұмыс |
Екі жұлдыз бір тілек |
10мин |
Постер, дәптер кітап 6-сынып оқулығы |
|||||||||
|
Жаңа сабақты қорытындылау |
Шығармашылық жұмыс
|
Кейіпкерге хат. Оқушылар Толағайға және авторға хат жолдайды(Дәптерге орындайды) |
Қалай оқу керек |
Оқыту үшін бағалау |
5 минут |
Дәптер |
|||||||||
|
Сабақтың қорытындысы |
«Ерлік аспанннан түспейді, Ол Отанды сүюден басталады. Ал Отанды сұю үй ішіңнен, отбасынан басталады. Халқын қадірлеген сын сағаттан сүрінбей өтеді. Елін сүйген ер атанады. Өйткені ерлік білекте емес, елін сүйе білген адал жүректе» деп Б.Момышұлының қанатты сөзін естен шығармайық. Сабақтан алған әсерлерін ,сабақтыртуға ұсыныстарын рефлексия парағына жаздыру |
Сабақтан алған әсерлерін рефлексия парағына жазу |
Рефлексивті оқыту |
Оқыту үшін бағалау |
3 минут |
Стикер |
|||||||||
|
Үйге тапсырма |
1.Ә.Тәжібаев "Толағай" ертегісін оқу. 2."Отан үшін отқа түс күймейсің" ойтолғау жазып келу
|
Мәнерлеп оқиды. Ойтолғау жазады |
Қалай оқу керек |
Оқыту үшін бағалау |
2 минут |
Күнделікке жазып алу |
|||||||||
|
Бағалау |
Табыс критерий арқылы оқушылар жеткен мақсаты мен нәтижесін анықтайды |
Табыс критерий бойынша өз жұмыстарына талдау жасайды, бағалайды
|
Рефлексивті оқыту |
Критерий бойынша бағалау |
2 мин |
Кері байланыс |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген