жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әбілқайыр хандығы ашық сабақ 7 сынып
Шығыс Қазақстан облысы,
Глубокое ауданы , “Степное негізгі мектебі-балабақша кешені”
КММ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША 7 А СЫНЫБЫНДАҒЫ
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Слайд
Сабақ тақырыбы: Әбілқайыр
хандығы
Мерзімі: 21.01.2016жыл
№201 кабинет
Пән мұғалімі: Карымбаева Б.Т
Сабақтың тақырыбы: §26. Әбілқайыр хандығы.
Сабақтың мақсаттары:
1. Ақ Орданың ыдырауына байланысты құрылған Әбілқайыр хандығының жер аумағы,
халқының құрамы, ішкі-сыртқы саяси жағдайы туралы мағлұмат алу. Хандықтың
әлсіреу, ыдырау себептерін ашу.
2. Дамытушылық: Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін ажырата білуге, қорытынды шығара білуге үйрену.
3. Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелену.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, суреттерер, карта, сызба, кесте.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ой қозғау, іздену, мәселені шешу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі (психологиялық тренинг, топқа бөлу) I. Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын қайталау...?
-
1. Ноғай Ордасының құрылуы, жер аумағы?
-
2. Ноғай Ордасының қоғамдық құрылысы?
-
3.Ноғай Ордасының саяси тарихы мен ыдырауы?
-
4. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір
-
Ноғай Ордасы мен Батыс Сібір аймағының этникалық құрамы
Ашық тест:
-
1. Ноғай Ордасының негізгі аумағы ... (Еділ) мен ... (Жайық) арасындағы далада орналасты, орталығы ... (Сарайшық) қаласы болды.
-
2. Сарайшық қаласының негізін ... (XIII ғ. II жартысында) Жошы ұрпақтары қалады.
-
3. Ноғай Ордасындағы биліктің жоғарғы органы … (Үлкен кеңес) болды.
-
4. XVI ғ. 50-жылдарында … (Қазан) және … (Астрахан) хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлінді.
-
5. Монғол шапқыншылығынан кейін Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан жерлері Жошы ұлысының құрамына еніп, … (Шайбани) әулетіне тиесілі болды.
-
6. Сібір хандығы қазақ хандары … (Керей) және … (Жәнібекпен) одақ құрды.:
Сабақ жоспары
-
1. Әбілқайыр хандығының құрылуы, жер аумағы
-
2.Халқының этникалық құрамы
-
3.Әбілқайыр хандығының нығаюы
-
4. Хандықтың әлсіреуі
Ендеше, балалар, біз бүгінгі сабағымызда Ақ Орданың құлауы нәтижесінде құрылған мемлекет Әбілқайыр хандығы туралы оқып білеміз.
-
II. Мағынаны тану. Білімді кеңейту, тақырыпты ашу.
-
Әрекеттік кезеңі.
-
Мәтінмен жұмыс.Топ тапсырмалары
Сабақты бекіту: Ратация.
-
Әбілқайыр хандығы қалай құрылды?
-
«Тоқсан екі баулы өзбек» деген шежіреге қалай түсінесің?
-
Хандық не себепті әлсіреді?
-
«Дұрыс – бұрыс» ойыны.
|
Оқиғаның дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар |
дұрыс |
бұрыс |
|
1. Әбілқайыр хандығының аумағы Жайықтан Балқашқа дейінгі, Сырдарияның төменгі ағысы мен Ертіске дейінгі жерлерді алып жатыр. |
+ |
|
|
2. 1428 жылы Әбілқайыр хан болып сайланды. |
+ + |
|
|
3. Шығыс Дешті Қыпшақтың халқы қазақтар деп аталды. |
өзбектер |
+ |
|
4. Әбілқайыр дербес хандық құрып, 30 жыл бойы билікті ұстай алды. |
40 жыл |
+ |
|
5. Сығанақ мемлекеттің жаңа астанасына айналды. |
+ |
|
|
6. Әбілқайыр әскерлері мен ойраттар арасындағы шайқас 1455 жылы Сығанаққа жақын жерде болды. |
1457 |
+ |
|
7. Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған тайпалардың бір бөлігі Әбілқайырдан батыс Мауараннахрға көшіп кетті. |
Моғолс-танға |
+ |
|
8. Әбілқайыр хан 1468 жылы қайтыс болды. |
+ |
|
|
9. 1500 жылы Мұхаммед Шайбани Самарқанд пен Бұхараны басып алды. |
+ |
|
|
10. Мауараннахр XV ғасырдың соңына дейін Әбілқайыр ұрпақтарының қолында болды. |
XVI ғ. |
+ |
Қорытынды:
Бағалау: Үш шапалақ арқылы, саусақ арқылы ынталандыру.
Топтық бағалау арқылы топтардың бірін-бірі бағалауы.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Топ басшыларының тобындағы оқушыларды бағалауы.
Үй тапсырмасы: Тақырып соңындағы тест тапсырмаларын орындау, АКТ арқылы қосымша
ақпарат алу.



шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген