Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбіш Кекілбаев туралы сыр шертеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев

Қазақстан жұртшылығы ауыр қазаға душар болды. 2015 жылғы 10 желтоқсанда 76 жасында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев кенеттен қайтыс болды.

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда қазіргі Маңғыстау облысындағы Оңды ауылында туды.

1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінің редакцияларында жұмыс істеді, «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы болды. Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мәдениет бөлімінің сектор меңгерушісі, Президент Аппараты Мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі референтурасының жетекшісі болды.

1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы болды.

1990 жылы Қазақстан Республикасының он екінші және он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ұлттық саясат, мәдениетті және тілді дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болып сайланды. Қазақстан Республикасының он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

1995 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасы Прези­дентінің Мемлекеттік кеңесшісі. Сол жылы жел­тоқсанда бірінші шақырылған Парламент Мәжілі­сінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды.

1996 жылғы қазаннан 2002 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақ­стан Республикасы Президентінің кеңесшісі қыз­меттерін атқарды.

2002-2010 жылдарда Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.

Ә.Кекілбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1963 жылы жарық көрді. Одан кейін «Бір шөкім бұлт» (1966, повесть және әңгімелер), «Дала балладалары» (1968, повестер), «Дәуірмен бетпе-бет» (1972, сын мақалалар), «Тырау-тырау тырналар» (1973, жолжазба очерктер), «Бір уыс топырақ» (1974, роман және повестер), «Құс қанаты» (1975), «Баллады степей» (1975, «Молодая гвардия» баспасы), «Последний снег» (1978, повестер мен әңгімелер), «Баллады забытых лет» (1979, романдар, повестер, «Известия» бас­пасы), «Конец легенды» (1979, повестер), «Үркер» (1981, роман), «Елең-алаң» (1984, роман) кітаптары жарық көрді. Жа­зушының бірқатар шығармалары орыс, неміс, болгар, пол­я­к, мажар, чех тілдеріне аударылды.

Ә.Кекілбаев Г.Мопассанның «Пьер мен Жан», «Өмір» романдарын, Ш.Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» повесін қазақ тіліне аударды. Л.Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» роман-эпопеясын, И.Буниннің бірқатар шығар­маларын тәржімалауға қатысты. В.Шекспирдің «Король Лир», «Ромео мен Джульетта», К.Гоццидің «Турандот ханшайым», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», М.Фриштің «Дон-Жуанның думаны» пьесалары және басқа да шығармалар Ә.Кекілбаевтың аудармасы арқылы республика театрларының репертуарына енді.

«Құрмет белгісі» (1989), «Отан» (1999), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» (2004) мемлекеттік наградаларымен, «Содружество» (2003, ТМД ПАА) орденімен, сондай-ақ төрт медальмен марапатталды. Қа­зақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының (1987), Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлы­ғының (1995) лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) атанды.

Ә.Кекілбаев Қазақстанның тәуелсіздігін қалып­тастыру мен бекемдеуге, парламентаризмнің дамуына, халқымыздың бірлігі мен келісіміне қажыр-қайратын жұмсады. Сондай-ақ, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтеруге, Еуразиялық және әлемдік кеңістіктегі мәде­ниеттер арасындағы өзара байланыс­ты тереңдетуге аянбай еңбек етті.

Саналы ғұмырын елін, жерін, Отанын сүюге, мем­леке­тімізді нығайтуға арнаған, қазақ руханиятының өсіп-өркен­деуіне өлшеусіз үлес қосқан Алаш жұртының ардақтысы Әбіш Кекілбаевтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталып қалады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
2813
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі