400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» әңгімесі. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы қазақтың ырымдарына тоқталып, жазушының ойын түсінуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі, 8-сынып

Тақырыбы:   Әбіш Кекілбаев «Тасбақаның шөбі» әңгімесі

Жалпы мақсаты: «Тасбақаның шөбі» әңгімесінің толық мазмұнын ашу.

Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы қазақтың

ырымдарына тоқталып, жазушының ойын түсінуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Әңгіме мазмұнын толық түсініп айта алады. Кейіпкерлерге мінездеме  беру арқылы қазақ ырымдарының негізсіз емес екенін  ұғынады,

әңгіме идеясын түсінеді.

Қажетті әдіс-тәсілдер:  Диалог,   жеке жұмыс,   жұппен жұмыс   топтық жұмыс, топтастыру,  Венн диаграммасы


Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі . Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу. Сергіту сәті.

І.Білу(әңгіменің тақырыбын аша отырып, оқушының  қызығушылығын ояту)

5 минут (Смайликтер беру арқылы бағаланады. )

Миға шабуыл (жетелеуші сұрақтар арқылы  оқушылардың теориялық білімін тексеру, жаңа мәліметтерді дәптерлеріне түртіп алып отыру)

Автор туралы не білеміз?

Тасбақа туралы қандай мәліметтеріңіз бар?

Неліктен әңгіменің тақырыбы «Тасбақаның шөбі» деп аталды деп ойлайсыздар?

«Тасбақаның дауылы» дегенді естулеріңіз бар ма?

ІІ. Түсіну(жазушы идеясына зер салу)   7 минут

(Критерийлерін дайындап, өз жұмыстарын және өзге топтардың жұмыстарын бағалайды)

 «Оқу және талдау» әдісі (берілген қима қағаздар арқылы оқушылар топта оқиды, талқылайды)

      1-топқа      Басты оқиға не туралы?

      2 – топқа   Әңгімедегі кейіпкерлер бейнесі?

ІІІ.Қолдану(шығармашылық жұмыс) 10 минут

(Өзге топтардың жұмыстарын бағалайды.   Критериалды  бағалау)

«Бес жолды өлең» (әңгімеден алған мәліметтерін пайдалана отырып, өлең құрастыру)

Әңгімеден рөлдік ойыны

ІV. Талдау(кейіпкерлерді салыстыра талдау)  6 минут

(Өзара  бағалау)

 «Венн диаграммасы»       Қарабала мен Оңбай бейнелерін салыстыру

Жинақтау(өмірмен байланыс) 6 минут

(Белсенді қатысып, өз ойларын айтып, дәлелдеп берген оқушыларға смайликтер беріледі)

  РАФТ құрастыру(өзіндік жұмыс)

     Рөл  – оқушы

    Аудитория – өз таңдауы, жазушыға, Оңбайға, тасбақаға, Қарабалаға

    Форма –  ашық хат, өлең, өтініш, т.б.

    Тақырып –  мінездер, тасбақа, т.б.

VІ. Бағалау (шығармадағы негізгі ойды түйіндеу)  10 минут

(Өзара  бағалау)

«Өз жартыңды тап» (мәтіннен алынған үзінділердің сұрақтары мен жауаптарын сәйкестендіру  арқылы әңгіменің негізгі ойын қорытындылайды, жұптық жұмыс)

Үйге тапсырма:      «Тасбақаның шөбін тауып алсам…» ( ойтолғау жазу)


1. Тасбақа туралы не білесіңдер?

2. Тасбақаның шөбі дегеніміз не?

3. Қарабала кім?

4. Қандай кәсіппен айналысады?

5. Қазақта қандай ырымдар бар?

6. Қарабаланы кім жұмсады?


Ауылдың алдындағы қара жал қақырай сөгіліпті. Қайда қарасаң қарс айырылып жатқан жарық. Қайда қарасаң-шөп арасында әлдеқайда бөксесін сүйретіп тоңқаңдап бара жатқан тасбақа. Кешегі бір айқайдың ала шаңыты тасбақаның дауылы болды. Тұқшаңдаған немелер тұяқ дыбысын естігенде мойындарын іштеріне тығып бұға қалады. Да, сәл ұзасаң қайтадан тарбаңдай жөнеледі.. Міне, керемет! Табаның орнындай бір үлкен жарықтан енді шыға берген тасбақа аяғы аспаннан кеп үйелеп  қапты. Қыртыс-қыртыс қысқа мойнын әнтек созып, жандәрмен тырбаң-тырбаң етеді. Ауызында бір тал шөп.

 Қарабала  шыбын  жаны көзіне көрініп азапқа түскен бейшараны етпетінен аударып салайын деп, шыбыртқысын соза берді де, тасбақаның жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қай қалауы да орындалады дейтін әңгіме ойына оралып атынан түсті. Қасына барды. «Біссімілә!»-деп шөпті алды. Инедей ғана бір тал шөп. Құмақтарда көп өсетін көсіктің сабағына келіңкірейді. 

    «Апыр-ай, ә...Сенейін бе, сенбейін бе? Жаратқан иемнің сүйген құлы болғаным-ау! Қай қылығыммен жақтым екен!»

 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
2060
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі