Әбіштану дара тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбіштану дара тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 орта мектеп



Әдеби кеш

Тақырыбы: «Әбіш – дара тұлға»





Дайындаған: Шырақбаева З.

























2018/2019 оқу жылы

Әдеби кеш

Тақырыбы:Әбіш- дара тұлға.

Мақсаты:

Білімділігі:Ә.Кекілбайұлы өмірі мен шығармашылығын меңгеріп,тереңдей бойлату.

Дамытушылығы:Оқушының сөйлеу тілін дамыту,жазушы шығармаларын талдай білу дағдысын одан әрі қалыптастыру,өзіндік пікір,ой қорыта білуге жетелеу,шығармашылық ізденіске жол ашу.

Тәрбиелік: Жоғарғы адамдық қасиет-адамгершілік қасиеті.

Көрнекілігі:Белсенді тақта, музыкалық орталық, баспасөз материалдары,буклеттер және т.б.

Әдісі:Іздендіру,зерттеу,баяндау,сахналық көрністер,оқу т.б.

Әдеби кеш Ә.Кекілбаевқа арналған бейне жазбамен ашылады.

1 жургізуші: Салеметсіздерме, қымбатты ұстаздар, оқушылар және де бүгінгі кешке қатысушы қонақтар.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты құнды мақаласы негізінде «Әбіш-дара тұлға» атты Әбіш Кекілбаевтың еске алу шығармашылық кешіне қош келдіңіздер.

2 жүргізуші: Маңгыстаудың киелі топырағынан түлеп ұшқан , барша Қазақстан Республикасы аймағында келісі ерек,болмысы жаңа, мерейлі, береке бітімі ерекше ,ел тарихында айырықша ауқым ардақталатын,көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халык жазушысы Ә Кекілбаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш- дара тұлға» атты әдеби кешімізді ашуға рұқсат етіңіз.

1 жүргізуші: Әдеби кешімізді ашып беру үшін мектебіміздің басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліні ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші : Ә.Кекілбаев дәуірдің кемеңгер қаламгері, әдебиет атты мұхиттың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейінен әлемнің назарын өзіне аудартқан шебер жазушы болады .

Әбіш Кекілбаев табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиеттің небір інжу-маржанынан сыр арқауын тартқан шығармасымен ,елінің ертеңіне сарабдал

ой тастап бүгінгісіне шеберлікпен талдау

жасаған саясаткерлік , қайраткерлік ,азаматтық парызы биік ,телегей талант иесі екендігімен мәлім .

1 жургізуші

Ағашты ,Оңды, Мырзайыр менен Баскұдық

Берсем соның бәрін басқа ұрып

Туған жердің қымбат дейді тасы да

Қайран сол бір балалық шақ, шат қылық

2 жүргізуші

Ет бауырды кетті омір де езілтіп,

Өн бойына жұғыпты төзімділік.

Жаратылыс қыр -сырын бағымдады,

Туган жердің тау -тасын кезіп жүріп.

1 жүргізуші : Күй.Орындайтын мектебіміздің 9-сынып оқушылары Мақсет Айдаулет,Аманғали Ділназды «Еркесылқым» күйімен қарсы аламыз.

2 жүргізуші: Ендеше ортаға 9 «А»сынып оқушысы Қыдырходжаева Балереркені шақырып,Ә.Кекілбаевтің өмірдерегімен танысалық.Слайд

1 жүргізуші:

Тұра аларма толғантпай Дала -Дана,

Қалай біткен қасиет- сана сара.

Қазағымның бағындай маңдайының

Қырда туған қиялы қара бала

2 жүргізуші

Соғыс өрті кетсе де әкені алып,

Сәби жүрек қалса да жараланып,

Сәйгүліктер жорытқан сары далада

Сағым куған өсті ұлан дараланып.

1 жүргізуші: Ә.Кекілбайұлы әдебиетке өлең арқылы келді Ол оқырман қауымға ,ең алдымен өлең арқылы танылады.Оның баспадан шыққан «Алтын шуақ» деп аталатын тұңғыш кітабы да –өлең кітабы болатын.Яғни,ол әдебиет есігін ақын боп ашты.

Қайтейін қайран әкем қасымда жоқ,

Амалсыз өтке күнге үңілемін –деп Әбіш ағамыз барша адамзат секілді туған ата-анасын жырлаудан талмаған.Әттең сол бір соғыс Әбіштей алып ақынның әке мейрімінен айналдырып өтіп ,жалғыздықты сезіндірген болатын.

Ортаға Ә.Кекілбай ұлының «Әке» поэмасынан үзінді мәнерлеп

оқитын 10 «а» сынып оқушысы Өткелбаева Әсел және 9 «а» сынып оқушысы Болатова Жұлдызды қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші:Ә.Кекілбаевтің «Біздің бала шағымыз» өлеңін мәнерлеп оқитын 10 «ә» сынып оқушысы Тұрмағамбетова С

1 жүргізуші: Би.Қазақ биімен ортаға 5-сынып оқушысы Утегенова Динараны қарсы аламыз.

2 жүргізуші: Әбішке арнау.11 «а»сынып оқушысы Алламуратова С

1 жүргізуші: Әйел күлкісі өлеңімен 6-сынып оқушысын қарсы алыңыздар.

2 жүргізуші:

Шабады арғымақтар нағыз дара,

Дейтінтей әулиелер «аңыз бала».

Сүйеніп кешті ғұмыр киелерге,

Жанымда демеуші боп Абыз- Ана.

Айсауле ана -парасаттың панасы,

Сол кісіден туган қазақ данасы.

«Әбішжанды ренжіте көрмеңдер»,

Деп аманат етіпті асыл анасы.

1 жүргізуші: Ән. Туған жер орындайтын 9-сынып оқушылары Балтабаева Айгеріммен Салтанатты қарсы аламыз.

1 жүргізуші: Әбіштің анасынан сұхбат.

2 жүргізуші:

«Алып анадан» деп пайымдаган халкымыз Әбіштің әлем таныған талант ,келісті қаламгер толысқан тұлға, ел таныған қайраткер санатына жетуінің түп тіні, алтын арқауы, асыл текті анадан болса керек деп Айсауле анага арнап туған жеріне ескерткіш орнатқан болатын.

1 жүргізуші: Ә.Кекілбаевтың Анама өлеңін мәнерлеп оқитын 10 «ә»сынып оқушысы Жубандиков А

2 жүргізуші: Ақжайық өлеңін мәнерлеп оқитын 10 «а»сынып оқушысы Түркменбаева А

1 жүргізуші: Теңіз жағасындағы ой өлеңін мәнерлеп оқитын 10 «а» сынып оқушысы Дәмелі

2 жүргізуші: Күй.Балбырауын күйін орындайтын 9-сынып оқушысы Мақсетбай Айдаулетті ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:

Алты алашқада атыңыз мәлім марғасқа

Қазақ елін сен көтере берші асқарга

Ғұмырыңызда тірліктің түрлі ақпары

Тәуелсіз елдің төрінде мәңгі жарқыра

2 жүргізуші:

Айналдырған ұлылық қорғанына

Талантыңыз орманба ордалыма

Бірге түлеп заманымен құйылыпты

Құнар қосып дүние ғапыл жырларына

1 жүргізуші:

Жүректерді жылытса жан шуағы

Көңіл кілті біліммен ашылады

Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқан

Секілдісіз Маңғыстау шамшырағы

«Тарихтың алтын арқауы» 10-11 сыныптардан құралған Ә.Кекілбайұлының Абылай хан драмалық дастанынан үзінді.

1 жүргізуші:

Бала кезім ұлағат дана кезің

Тырнап ашқан сен едің сана көзім

Кәрі дала сан ғасыр толғатқанда

Тек маңғыстау туа алған дара бозын

2 жүргізуші:

Қойнауынан тарихтың алып кіріп

Құпия сырларына қанықтырып

Кеткендей сәулесімен жан сарайы

Үркер мен елең алаң жарық қылып

Теңсіздікті адамға дұшпан аты

Теже дейтін ұрпаққа нұсқа хаты

Шыңыраудың тұңғыйық тереңдері

Тіршіліктің сарқылмас қазынасы

1 жүргізуші:Би.Қазақ биімен сахнаға 9-сынып оқушысы Қыдырходжаева Балеркені шақырамыз

1 жүргізуші:

Тізгіндеген шақтарда ой алыпты

Заманның сырлары сұхбат құрды

Ұйқыдагы арудың оянуы деген атпен

Туған өлке туралы жазылыпты

2 жүргізуші:

Тілдескеннің бәрінде табындырған

Биіктесін мәңгіге алып тұлғаң

«Сыр- десте» мен «Ай- ана» жинақтары

Шежірелі тілінен бал тамызған

Қорытынды

XX ғасырдың таңдаулы жазушыларының Ә.Кекілбай ұлының өмірінің кең айдындағы белестері шалқар шабыттың тереңде ғұлама ойдың шешімі келіскен тұжырымның жаңылмас бағдардың биігі болғай

1жүргізуші:

Ә.Кекілбай ұлына арналған «Әбіш-дара тұлға»

атты әдеби кешімізді аяқтаймыз.

Хор. (Қорытынды)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2018
850
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі