400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әбу Нaсыp әл-Фapaбидің нақыл сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқырмандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фарабидің нақыл сөздері


Шымкент қаласы, OҚМПУ

Сәрсенбай Аяулым 2-курс студенті


Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика зерттеушісі. 



  • Шыншылдық адалдықпен ағалас.


  • Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.


  • Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.


  • Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады. 


  • Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.


  • Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.


  • Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.


  • Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.


  • Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. 


  • Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.


  • Шын білім – ақиқат, анық білім.


  • Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.


  • Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек. 


  • Мінез – жанның айнасы.


  • Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.


  • Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады. 


  • Сұлу саз жан сергітеді.


  • Тән ауырса – жан да ауырады.


  • Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.


  • Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш. 


  • Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.


  • Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.


  • Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.


  • Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. 


  • Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік. Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі