Жоба тақырыбы:
« Ұлы даланың ұлық тұлғасы –
Әбу Насыр Әл Фараби »

Секциясы:
Орындаған:
Жетекшісі:
2020-2021 оқу жылы
Аңдатпа
Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай таңдап алынған бұл ғылыми жоба жан-жақты талданды. Әл Фараби ғылымы бізге таптырмас асыл қазына. Әр қазақтың баласы Әл Фарабидің ғылыми еңбектерімен сусындап, меңгеруі керек. Рухани жаңғыру аясында Әл Фарабидің барлық шығармаларын оқып, осы ғылыми жобамда ұстазымыз екеуміз жан-жақты саралап, білгендерімді қағаз бетіне түсірдік. Әл Фарабидің математика, медицина, музыка, тарих, философия саласына қосқан еңбегі бізге баға жетпес асыл мұра. Жоба Әл-Фарабидің шығармаларын зерттеуге бағытталған.
Аннотация
Этот научный проект, выбранный в честь 1150-летия Аль Фараби, был всесторонне проанализирован. Наука Аль-Фараби-бесценное достояние. Каждый казахский ребенок должен заниматься научными трудами Аль Фараби. В рамках Рухани жаңғыру, прочитав все произведения Аль Фараби, в этом научном проекте мы с учителем всесторонне проанализировали и запечатлели на бумаге то, что узнали. Вклад Аль Фараби в математику, медицину, музыку, историю, философию-бесценное наследие. Проект направлен на изучение произведений Аль-Фараби.
Аnnotation
This scientific project, chosen in honor of al-Farabi's 1150th birthday, has been thoroughly analyzed. Al-Farabi's science is an invaluable asset. Every Kazakh child should engage in scientific works of al-Farabi. In the framework of Ruhani zhangyru, after reading all the works of al-Farabi, in this scientific project, the teacher and I comprehensively analyzed and captured on paper what we learned. Al-Farabi's contribution to mathematics, medicine, music, history, and philosophy is an invaluable legacy. The project is aimed at studying the works of al-Farabi.
Мазмұны
-
Кіріспе
-
Негізгі бөлім
-
Әл Фарабидің өмірбаяны
-
Мәңгілік елдің алып тұлғалары Әл Фараби мен Абай
-
Әбу Насыр әл-Фарабидің ізгілікті қоғам жөніндегі идеялары
-
3.Қорытынды
4.Ұсыныстар
5.Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Әл-Фарабидің пікірінше, жетілу жолы - бұл өмір бойы жүретін процесс. Ол бақытты сапалы білім алу, мәңгілік адамгершілік құндылық деп түсінді. Бақыт - имандылықты жетілдірудегі сый. Бақытқа жету дегеніміз - жақсы, жарқын істерді орындау арқылы адамның өзі жасауы.
Айта кету керек, 21 қаңтарда Нұр Сұлтан қаласында Абайдың 175 жылдығына арналған мереке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басталды. 29 қаңтарда Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді ресми түрде бастады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әл-Фараби мен Абайдың мерейтойын тойлау туралы Жарлығын қоғамдық ойды қайтадан түлеткен, ел асылдарына деген халықтың қөзқарасын жетілдіре түсетін және елдік пен бірлікті насихаттайтын үлкен шаруа деп есептеймін. Өмір сүрген кезеңдері хронологиялық алшақтықты қамтығанымен, бір географиялық аумақта дүниеге келіп, саналы ғұмырларын руханиятқа, білім мен ғылымға арнаған тұлғаларды тану, мұраларын зерделеу тарихнамалық мәселелерді қорытумен сараланады. Көшпелілер әлемінен шыққан ұлы тұлғалардың мұраларын талдауда методологиялық әлсіздіктің сезілуі еуропацентризмнің адамзаттың ғылыми ойлау жүйесіндегі ықпалының әсерінен орын алды. Ғылымда ұзақ жылдар басымдыққа ие болған маркстік таптық методологияның түркілік өркениетнаманың ауқымындағы тақырыптарды көтеруге шамасы келмейтін еді. Сайын сахарадағы ерекше өркениет пен бірегей мәдениеттің қабысуын тарих философиясы тұрғысында пайымдау ғұламалардың мұраларын зерттеуде қаперге алынбады. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді»,- дей отыра, тарихи сананы жаңғырту үшін, ең алдымен, ұлт қаһармандарын үлгі тұтуға, олардың өнегелі өмірі мен артына қалдырған құнды еңбектерін елге, әсіресе жас ұрпаққа кеңінен насихаттауды тапсырған болатын. Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені, адамгершілік пен ізгілікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Оларды данышпан-ойшылдардың еңбектерінен ғана кездестіруге болады. Сондай құнды мұралардың иесі, қазақ топырағынан шыққан, жанжақты және ғұлама ғалым – Әл-Фараби. Ол сонау ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол бірнеше ғылым салаларын қамтитын 150-ге тарта трактаттар жазған .
Тақырыптың өзектілігі: Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай, рухани жаңғыру аясында ғалымның баға жетпес шығармашылығын жан-жақты зерттеп, болашақ жастардың бойында ізгі қасиеттер мен жақсы мінез-құлықты қалыптастыру.
Қазіргі уақытта Әл -Фараби ойларының өзектілігі, маңыздылығы қайтадан арта түсуде.
Зерттеудің болжамы: Әл Фарабидің еңбектері баға жетпес құнды жәдігер екенін айқындау.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Әл Фараби шығармашылығын кеңінен талдау, жастардың бойында ізгі, асыл, көркем мінезбен, сарқылмас ақылды қалыптастыру. Асыл мұраларын зерделеп, оқып-танып сыныптастарыма насихаттау, еңбектерінен үлгі-өнеге алу
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
1) Әл-Фарабидің өмірбаянына шолу жасау;
2) Әл-Фарабидің шығармаларын зерттеу;
3)ғалымның құрметіне өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңызын анықтау.
Жұмыстың негізгі нысанасы ретінде Әл Фарабидің трактаттары, Әл Фарабиді зерттеуші ғалымдардың еңбектерін, газет-журнал материалдары, басшылыққа алынды.
Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері:
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Жұмыстың жаңалығы:
Қазіргі таңда Әл- фарабиді бүкіл әлем мойындаған ғалым болды. Алдыңғы буын ағаларымыз да осыдан 50-60 жыл бұрын әл-Фараби еңбектеріне назар аударды. Кеңестік және араб елдері ғалымдарының ой-тартысында ғалым Ақжан Машановтың табандылығы мен ғылыми ізденісінің арқасында әл-Фарабидің қазақ жерінен шыққандығы бұлтартпас айғақтармен дәлелденіп, сонау ІХ ғасырда өмір сүріп, ғылымға зор үлес қосқан, «Шығыстың Аристотелі» атанған қазақ кемеңгері әл-Фарабидің биыл 1150 жылдығы.
Негізгі бөлім
2.1 Әл Фарабидің өмірбаяны
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
2.2 Мәңгілік елдің алып тұлғалары Әл Фараби мен Абай
Ислам дәуірі әдебиеті мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясы арасындағы
көркемдік дәстүр жалғастығын сөз еткенде, мықтап ескеретін бір жәйт бар. Кез келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал тарихи жалғастық дегеніміздің өзі, ең алдымен ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты. Ол өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келе, оны «потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған инттелект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре кел, естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.
Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп көрсетеді. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес», – дейді. Әл-Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші сөзінде» өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда «ғылым» бұл үшеуіңнің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: «Ей, Қайрат, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаталдығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман», – депті. Бұдан кейін «ғылым» өз шешімін «Ақылға» айтыпты: «Жаратқан тәңіріні де сен танытасың. Жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның – екеуінің де сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман », – депті.
Ғалым Фараби рухани күш табиғатын анықтауға көп мән берген. Ол өзінің «Даналық негіздері» атты еңбегінде адам табиғатының қасиеттеріне қарай оның сыртқы және ішкі дүниесінің бар екенін айтады. Қоршаған ортаның құбылыстарын тани алатын физиологиялық дене құрылысы мен бітім болмысын құрайтын сыртқы тән сезімдері ішкі дүниеге де әсерін тигізеді. Ал ішкі құпия дүние дегеніміз - адамның рухани күштері. Өз кезегінде, даму процесінің үш түрі бар. Ол адамның, жануардың және өсімдіктің дамуы[2.20].
Дамуды осылай жіктеген Әл-Фараби дамудың мазмұнын түсіндіруде: «Өсімдіктерше өз ұрпағын, өзіне тән құрылыс сипатын сақтап қалуды ғана мақсат тұту немесе жануарларға өзінен басым күштермен күресу сияқты мінез-құлықтармен қорғанатын даму мен таным барысындағы ортақ ұқсастықтар адамзат баласының өрісін кеңейте алмайды. Адамның тіршілік етіп дамуы, оның пайдалы, ізгі, игі мақсаттарға бағытталған жолды таңдауына, шындыққа ұмтылуына байланысты. Мұндай үлкен мақсаттарға жетелейтін адамның санасы ғана. Оның еңбектерінде адам баласының ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесі арасалмағына ерекше мән беріледі. Ғалымның айтуынша, рухы әлсіз адамдардың ішкі әлемін құрайтын сезім күйлерінің терең өріс алуы оның сыртқы дүниесінің белсенділігін өшіреді, яғни дүние құбылыстарын дұрыс табиғи тепе-теңдікте қабылдай алмайтындай жағдайға жеткізеді.
Ұлы ойшыл қазылық қызмет атқарып жүрген тұсында да ғылымнан қол үзген емес. Бірде таным өрісін одан әрі кеңейтіп, білімін молайта түсуді көздеген данышпан қазылық мансаптан бас тартады. Ұлы данышпан жаратылыстану, медицина салаларындағы өзінің алдына қойған мақсаттарына жетіп, олардың әрқайсысына жеке-жеке кітап жазып шыққан. Осылайша ғылым-білімнің әу бастағы қайнар бұлағы Алла Тағала тарапынан келетіндігіне жаратылыстану ғылымдарынан нақты дәлелдер келтірген. Мұндай пікірін ұлы ойшыл өзінің Платон философиясының негіздері атты кітабында айтып өткен. Әл-Фараби өз заманында медицинаны «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол медицинаның тек аурулардың себептерін анықтаумен ғана емес, адам денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою шараларын да іздеген. Әл-Фараби медицинаға көп көңіл бөлгендігі соншалық, адам ағзасының әрбір мүшелерін зерттегенін кейбір еңбектерінде айшықтап көрсеткен. «Қайырымды қала» еңбегіндегі жүрек жайлы айтқан ойларын медицинамен ұштастыра отырып шебер жеткізе білген. Өз пікірлерін ғана айтып қоймай Әл-Фараби өз кезегінде ұлы ойшылдар Аристотель мен Галеннің пікірлеріне де жеке көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің жаратылыстану бағытында жазған еңбектері туралы айтылады. Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми еңбегі, соның ішінде биология, химия, медицинадағы еңбектері кеңінен талданды.

Мемлекетті күшейтіп, тәуелсіздікті қорғайтын қоғам қандай болуы қажет? Бұған қатысты адамзат тарихында Платон, Аристотель, Әл-Фараби сынды ірі ойшылдар жауап берген. Кемеңгер тұлғалардың ізгілікті қоғам құру жөніндегі идеялары қашанда өркениетті мемлекеттің үлгісі, өлшемі болып табылады.
Адамзат қоғамы қаншалықты дами берсін, бүгінгі ақпараттық технология үстемдік құрған ғасырда да ізгілік, адамгершілік, қайырымдылық әлеуметтік ортаның тереңдігін айқындап, мемлекеттің болашағын шешетін құндылық ретінде өзінің тарихтан бері келе жатқан орнын сақтап қала бермек. Алаш зиялысы Жүсіпбек Аймауытов жазып кеткендей, «Мәдениет жүзінде адам баласы құс болып ұшып, балық болып жүзіп, алысты жуық болдыруды анық қалап отырса да, бірін-бірі өлтіруді, зорлығы қиянаты қалмай отыр. Неге? Адам тәрбиенің құлы болуға жетпей, әлі күнгі табғаттың құлы болып жүргендігі. Адам баласы табиғатқа қашан құл болудан құтылады? Анық ақылға билетіп жалпы жұрт жақсы тәрбиелі болғанда құтылмақ. Адамшылықтың тарихына көз жүгіртсек, өмір жүзінен мысал қарастырсақ, атақты данышпандардың пікірін, сөзін байқасақ тәрбие адамды бұзуы, түзеуі көрінеді [1.133 б.]. Ұлт, ұлт тұлғасы, мемлекет, ұрпақтың зиялылығы, тұлғалануы бұның барлығы адам баласының өзінің бастапқы табиғатынан рухани деңгейі арқылы ажырап, ұлттық табиғат пен кісілік табиғатты иеленгендігін көрсетеді. Жүсіпбек Аймауытовтың айтып отырған табиғаты қоршаған орта, ата мекен табиғаты емес, адамды тарих пен мәдениет үдерісінен бөліп алып тұйыққа тірейтін табиғат, яғни надандық.
Қоғамның негізі, болашағы ұлттық тәрбиеге тәуелді, ұлттық тәрбие болмаса қоғамдық ортада кісілік қалыптаспайды. Кісілігі жоқ қоғам мемлекетке, оның болашағы ұрпаққа қажетті құндылықтарды бере алмайды, бұндай орта тарихтың бойындағы рухани дүниелерді кейінгі уақытқа жеткізуге, мемлекет мүддесін қорғауға қабілетсіз келеді. Сондықтанда өркениетті мемлекеттің бет-бейнесі оның мәдениеті, әлеуметтік ортада адам бойында кіслік қасиеттердің орын алуымен көрінеді. Әл-Фараби жазып кеткендей, мемлекеттің рухын қоғамдағы адамгершілік, қайырымдылық, әділеттілік, шынайылық, тұрақтылық, ізгілік көтереді, рухани құндылықтары ғана сақтай алады.
Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала» еңбегінде адам танымынан бастау алып, оның қызметімен (ісімен), рухани өмірімен жалғасатын құндылықтарды, білім түрлерін кеңінен талдаған. Ойшылдың ұғымынша қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан, жаратылыс құдіреті туралы адамзаттың дұрыс танымынан (ілімнен) бастау алмақ. Барлық ғалам, адам баласы үшін бір ғана мән, бір ғана негіз бар, ол жаратушы. Әл-Фараби ілімінде жаратылыс ақиқат, ақиқат туралы дұрыс білім, адам баласының жаратылыс ақиқатын дұрыс ұғынуы Бірінші Тұлға туралы дұрыс білімінен көріненді. Қазақта, «жалғыздық бір Аллаға ғана жарасады» деген ұғым осыдан туса керек. Бұның мәні адам қанша атақты болсын, данышпан, кемеңгер, батыр, сәуегей болсын, барлық адамзатты өзіне қарата берсін ол адам дүниені өзгерте алмайды, табиғатты қайта жасай алмайды, кәрілікті жеңе алмайды. Сондықтанда барлық құдірет, мінсіздік жаратылыс иесінің құдіретіне ғана үйлеседі, сол ғана барлық жаратылыстың иесі болуымен ғана дара деген ұғымды білдіреді. Зиялы адам өз заманында имандылығы, діни білімі, қабілеті, тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері арқылы адамзатқа, ұлтына, діні мен діліне дұрыс қызмет етіп, ұрпаққа ізгілігі мол істерін қалдыра білсе адамзаттық кеңістіктегі тұлғалыққа қол жеткізбек, бірақ адам қанша кемеңгер болса да Бірінші Тұлға бейнесін біле алмайды. Демек қоғамның, адамзат қоғамының, ұрпақтың бейбіт өмірін, ізгілігін қалыптастыратын жалпыға ортақ дұрыс білім, діни сауаттылық және парасаттылық. Бұлар қашанда адамзаттық мәдениет пен өркениеттің тірегі болып табылады.
«Бірінші Тұлға – барлық жан біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі. [Жалғыз] сол ғана кемшіліктен ада: басқа жан біткеннің бәрінде – Одан басқасында ең болмағанда бір кемшілік немесе бірнеше [кемшілік] бар. Ал Біріншіні [Тұлғаны] алатын болсақ, ол мұндай [кемшіліктің] бәрінен ада, өйткені Оның тіршілігі кәміл және болмысында басқаның бәрінен озық, Одан кәміл жетілген еш нәрсе жоқ және одан бұрын ешнәрсе де болмақ емес. Бұл ретте оның тіршілігі ең мәртебелі дәрежеде әрі ізге, әрі кәміл жетілген» - деп жазып кеткен Әл-Фараби [2.60 б.]. Адам баласы тарихтың қайнаған дәуірінен қанша алыстағанымен ол діннен, жаратылыс ақиқаты туралы ұғымнан алыстамайды. Дін адамзат баласының әлемінде, дұрыс өмір сүрудің жолын сақтап тұру үшін Жаратылыс иесінің адамзатқа салып берген тура жолы. Осы тура жолдың басында Бірінші Тұлға ақиқаты құр пайым түрінде емес, ақиқатты білім, парасатты түсінік, кемел ұғым болуы тиіс. Себебі ізгілікті қоғам, мемлекет халықтың дұрыс діни танымынан, білімінен шығып отырады. Әл-Фарабидің бұл ұғымына Абай өзінің Отыз сегізінші қара сөзінде былай деп жауап берген: "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі –надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық.
Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады»[3. 100 б.]. Әл-Фарабидің, Абайдың, Жүсіпбек Аймауытовтың айтып отырғаны адамды, сол арқылы мемлекетті, ұрпақты, ұлтты сақтайтын кемел білім. Адамзаттық болмыстың мәні оның бойындағы ізгілігімен көрінсе, ізгілікті қоғамның кілті ұрпаққа таза дін, кемел білім, дұрыс ілім арқылы табысталмақ. Заманыңда білім мен ғылым бола тұрып оны дұрыс иелене алмасаң, мемлекетіңе білімің мен ғылымың арқылы көмектесе алмасаң ілгерілеу болмайды. Әлеуметтік ортадағы даму, адам болмысының өрісіндегі рухани дамудан басталады. Рухани дамудың негізінде дұрыс таным, тарих, отан, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік тұр.
Жоғарыда айтып өткеніміздей адамзат дүниесіне, халыққа, ұлтына және оның дүниелеріне ақыл парасаты мен білімі арқылы қызмет ете білген адам зиялы адам. Шынайы (дәстүрлі) діннің өзі адамзаттан зиялылықты талап етеді. Ұлттық мүдде, халық игілігі жолында жүрген адам көкірегі ояу, мінезі дұрыс, шыдамды, қайратты, батыл болуы қажет. Нағыз зиялы адам өзін ұлтының қызметшісі санайды. Кемеңгер бабаларымыз айтып кеткендей, ұрпақтың қашанда өзін, өмірін қор қылатын нәрселерден аулақ болғаны жөн. Адамның шынайы, әрі дұрыс білімі оның танымын сақтап тұрады. Егерде надандық болса, қоғамдағы барлық кемшілік сауатсыздықтан, әділетсіздіктен, әдепсіздіктен шығар болса ұрпақ өзінің, мемлекетінің болашағына қажетті көптеген мүмкіндіктерден қолы үзуі мүмкін. Қашанда адамның дініне, діліне күш беретін білім, көркем мінез.
«Қайырымды қала тұрғындарын алатын болсақ, - деген Әл-Фараби, - ата-бабаларының көзқарастарына сәйкес олардың бойында қалыптасқан рухани жағдай олардың жандарын матерядан азат етеді» [2. 170 б]. Адам өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғаммен интеллектуалдық байланыста болуы тиіс. Интеллектуалдық байланыстың биік көрінісі парасаттылық. Ата бабаларымыз ата мекенменен парасатты негізде байланысу нәтжесінде мәдениетті, ұрпақтың мүддесіне қызмет ететін тарихты қалыптастырған.
Әл-Фарабидің идеяларынан түсінетініміз мемлекет халықтың, жеке адамның рухани болмысының толыққандылығымен, тереңдігімен нығаяды. Ел болмысының негізін құрайтын ұрпақтың болмысы болса, жаңа айтып өткеніміздей дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс білім, денсаулық, табиғи ортаның тазалығы, қоғамдық ортадағы қайырымдылық, адамдардың бір-біріне деген адамгершілігі, жауаптылық мемлекетті көркейтеді. Ұрпағын дұрыс тәрбиелеп, қорғай білген елдің ұрпағы елін қорғайды.
Қай жағынан болмасын адам болмысындағы, қоғам өміріндегі жасандылық қайырымды ортаның болмысына жат. Ойшылдың өзі жазғандай, «көзсіз батырлық ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарыттыққа ұқсас, әзілқойлық өткір тілділікке ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін-өзі кемсіту кішіпейілділікке ұқсас, көлгірсу адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткерліктердің ішінде жаратылысымыз бойынша өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан, біз бұлардан cақтануымыз қажет. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей қалушылық, жаратылысымызда өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола алады» [2. 222 б]. Қоғамдық ортадағы адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасының негізіндегі шынайылық ел болмысының деңгейін арттырады. Жалған нәрселермен ел мүддесіне қатысты мәселелер шешілмейді. Шынайылық, дұрыс мінез өсіп келе жатқан буынның болашаққа дұрыс бағдар (тәрбие) алуына ықпал етері сөзсіз. Себебі шынайлық пен дұрыс мінезді талап ететін қашанда уақыт.
Әл-Фарабдің ұғымынша кез келген нәрсенің шегі болады, ол шектен еш нәрсе де шығып, асып кете алмайды. Мәселен батырлықтың шегі тарих, кез-келген батырлық тарихтан асып, немесе озып кетпейді, оның ұясы тарих. Сол сияқты жалған әдетте қоғамнан, уақыттан асып кетпейді, қоғам қажеттіктері, уақыт, заман талабы шынайы мінезді талап етеді, уақыты келгенде ол айқындалып отырады.
Әл-Фарабидің
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әбу Насыр Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай

шағым қалдыра аласыз