Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Абылай хан 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қордай ауданы №32 ОМ. Тарих пәні мұғалімі-Абдыкасымова Жулдыз Алмырзаевна
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §15. Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: Қазақ халқын бір хандыққа біріктіріп, Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаған Абылай хан жайында оқушыларға мәлімет бере отырып, оның Қазақ тарихындағы орны, ерлік істері жайындағы білімдерін арттыру, Абылайдың жүргізген саясатының сырын түсіндіру.
-
Дамытушылық: Абылай ханның қазақ тарихындағы еңбегіне баға беру арқылы тарихи тұлғалардың еңбегін бағалай білуге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.
-
Тәрбиелік: Абылай ханның қазақ тарихындағы алатын орнын анықтай отыра, оқушыларды қаһарман тұлғалардың ерлігін құрметтеуге үйрету, ерлікке, отансүйгіштікке, ұлтжандылықка тәрбиелеу.
Сабақтың типі: 6 аралас
Әдісі: интерактивті, сұрақ-жауап, жеке және жұптық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың көрнекілігі: Абылай, Әбілқайыр ханның суреті, батырлардың портреттері, Қазақстанның саяси картасы, «Көшпенділер» фильмінен үзінді көрсету.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)оқушыларды түгендеу
б)оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұраймын.
1-қатардағы оқушыларға карточкалық тапсырмалар беремін: «Жұптық жұмыс»
Қазақ батырлары:
1. Бөгенбай батыр-1. туған жылы-1680ж
2. туған жері-Түркістан өңірі, Бөген өзені
3. әкесі-Ақша, Тәуке ханның 80 мың қолын бастаған сардар
болған.
4. қайтыс болған жылы, жерленген жері-1778ж, Қожа Ахмет Йасауи
2. Қабанбай батыр-1. туған жылы-1691ж
2. шын есімі-Ерасыл
3. әкесі-Қожағұл
4.Жеңгелерінің берген аты-Нарбала
5. Абылай ханның берген аты-Дарабоз
6. Қайтыс болған жылы-1769ж
3. Наурызбай батыр-1. туған жылы- 1706ж
2. Атасы-Төлеміс
3. қайтыс болған жылы-1781ж
4. Баян батыр- 1. туған жылы-1710ж
2. Берілген аты-«Батыр Баян»
3. Ағасы-Сары
4. қайтыс болған уақыты- 1757ж
5. Әбілқайыр хан- 1. туған жылы-1693ж
2. хан атағын алған уақыты-1718ж
3. қайтыс болған жылы-1748ж
2-оқушы тақтада жұмыс жасайды. Топтастыру:
Жоңғарларға қарсы күреске қатысқан батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Олжабай, Бөкенбай, Есет, Малайсары, Жәнібек, Баян, Райымбек
Сәйкестендіру:
1. Тәуке ханның тақ мұрагері 4.Әбілқайыр
2. Кіші жүзге Ресей үкіметі атынан келген елші 3.Ордабасы
3. Қазақтың игі жақсылары мен жайсаңдары жиналған жер 1.Қайып
4. Ресей бодандығын бірінші қабылдаған хан 2.Тевкелев
3-қалған оқушыларға ауызша сұрақтар қоямын:
1.Жоңғар хандығы қашан құрылды? /ХҮІІғ. 30 жылдары-1634ж/
2. Бұл мемлекетті қандай тайпалар құрды? /Чорос, дүрбет, хошоуыт және торғауыт/
3. Жоңғар мемлекетін кім басқарды және оларды қазақтар тағы қалай атады? /Қоңтайшы, қалмақ/
4. Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы қай уақыт аралығында болды? /ХҮІІғ басы-ХҮІІІ ғ ортасы/
5. Жоңғарлардың қазақ жеріне жасаған ең ауыр шабуылы қай уақытта болды және ол қалай аталды? /»Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»/ 1723-1727жж
6. Осы оқиғаға байланысты қандай ән дүниеге келді және оны кім жазды?/Елім-ай, Қожаберген жырау/
7. Жоңғарлардың қазақтардан жеңілген уақыты қашан? 1726ж-Бұланты шайқасы, 1730ж-Аңырақай шайқасы.
Тест тапсырмалар:
1. Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді?
А) Тәуке ә) Қайып б) Әбілқайыр в) Абылай
2. Орыс патшайымы Анна Иоанновна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы грамотаға қай жылы қол қойды?
А) 1718ж ә) 1731ж б) 1715ж в) 1726ж
3. Ресей үкіметі атынан келген елші
А) Анна Иоанновна ә) Тевкелев б) Әбілқайыр в) Қайып.
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң тақырыпты шолып, қысқаша сабақты қорытындылаймын. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына тарихи тұрғыда баға бере отырып, оның тарихи маңыздылығына тоқталамын. Әбілқайыр Ресей бодандығына қол қойғанымен халықтың көпшілігі оған көнбеді. Міне осылардың басында Абылай тұрды. Осылай жаңа сабақпен байланыстыра кетемін.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушыларға айтып беремін. Сонымен қатар сабақтың жоспары тақтаға жазылады.
Сабақтың жоспары.
1. Абылайдың ата-тегі, жастық шағы.
2. Абылайдың жүргізген саясаты.
3. Абылай - қазақтың Ұлы ханы.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын оқушыларға бейнекассетаны қосып «Көшпенділер» киносынан үзінді көрсетемін. Осы кинодағы Мансұр бейнесіне назар аудару тапсырылады.
Содан кейін мынадай сұрақтар қойылады:
1. Осы кинодағы Әбілмансұр туралы не білесіңдер?
2. Әбілмансұр кинода қандай кейіпкер ретінде көрінеді?
Оқушылар жауабын тыңдап болғаннан кейін жоспар бойынша сабақты түсіндіруге кірісемін. Ең алдымен Абылайдың ата-тегіне тоқталамын.Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. Арғы аталары әлемге әйгілі Шыңғысхан және оның үлкен Ұлы Жошы хан. Бұлардың тікелей ұрпағы болып табылатын Қазақ хандығының алғаш іргетасын қалаған Әз-Жәнібек те Әбілмансұрдың арғы аталарының бірі. Қазақтың хан тағына тек Шыңғыс ұрпақтары ғана отырды. Оларды төре деп атайды. Міне Әбілмансұр осы төре тұқымынан.
Бұдан әрі Әбілмансұрдың жастайынан жетім қалғанын, Ораз аталықтың көмегімен аман қалып, көшпелі қазақ халқының арасына келіп паналайтыны туралы айтып өтеді.
Осы жерде бейнекассетаны іске қосып, оқушылар назарын «Көшпенділер» киносындағы Ораз бейнесіне аударып, пікірлерін тыңдаймын.
Одан әрі ретімен жас Сабалақ туралы, оның Абылай атануы жайында оқушыларға түсінік беріп өтемін. Абылай ханның өмірінің соңғы кезімен аяқтаймын.
Әрі қарай оқушыларға түсініктірек болу үшін «Сатылай комплексті талдау технологиясы» арқылы қысқаша түсіндіріп өтемін. Слайдтар арқылы түсіндіру үшін интерактивті тақтаға көңіл аудартамын.
Абылай хан
---------туған жылы----1711ж
---------шын есімі----Әбілмансұр
---------ол кім?------қазақтың ханы, мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат
---------әкесі-----Уәли---Үргенішті билеп тұрған кезінде бір шайқаста қайтыс
болады
---------атасы----Абылай---Түркістанды билеген
---------лақап аты----Сабалақ
---------Шарышпен жекпе жегі----------1730ж---19-20 жасында
---------хан болған уақыты-------------1771ж-----Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін
---------орта жүздің ханы болған уақыт--------1778ж---------ІІ Екатеринаның
ұсынысымен
---------хандық билікті күшейтуде арқа сүйеген беделді тұлғалар:---------Бұқар,
Үмбетей,Тәтіқара,
Қабанбай , Малайсары.
-----қайтыс болған жылы және жері---------1781ж----Түркістанда
-----жерленген жері------Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
-----түйіні-----Абылай хан өзінің білгір ішкі, сыртқы саясатымен Қазақ хандығын
мықты да біртұтас мемлекетке айналдырды, мемлекеттің шекарасы
кеңейді.
----Ш.Уәлихановтың пікірі:-------«Абылайдың ғасыры қазақтың ерлік ғасыры
болып табылады»
Негізгі түсіндіру уақыты аяқталғаннан кейін оқушыларға түрлі түсті қағаздар таратамын. Қағазда мынадай жазу болады:
Абылай - ол:
Оқушылар Абылай туралы өз ойларын жазады. Мысалы: Абылай - хан, дипломат, батыр т.с.с.
Оқулықпен жұмыс.
Оқушыларға кітаптан Абылайдың өмірінен хронологиялық кесте жасатамын. Мысалы:
1. 1711 жыл - Әбілмансұр өмірге келді т.б. Осы жерде оқушыларға Абылайдың төңірегіндегі тұлғалар жайында түсінік беру. Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Тәтіқара акын т.б. Бұқар жыраудың Абылайдың өмірін жырлаған жыр жолдарынан үзінді келтіремін.
Ей, Абылай, Абылай,
Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай үл едің,
Үйсін Төле бидің
Түйесін баққан құл едің,
Абылай атың жоқ еді
Сабалақ атпен жүр едің.
ІҮ.Бекіту кезеңі
Сабақты қорытындылау үшін төмендегідей сұрақтарды беремін:
1. Абылай билікке қалай келді?
2. Абылай атының шыға бастауы қандай тарихи оқиғаға байланысты?
3. Абылай қазақ тарихында қандай орын алады?
4. Абылай төңірегіндегі белгілі адамдардың ықпалы қандай болды?
1.Абылайға қатысты мына жылдар не дейді?
1711ж 1730ж 1771ж 1778ж 1781ж
2. Абылай хан---шын аты
---Төле бидің қойған аты
---әкесі
----атасы
3. Абылай хан-------жау қолынан аман алып шыққан адам
-------нарқызыл атын сыйға тартқан адам
-------жекпе-жекте жеңген қалмақ батыры
-------өз тағын ұсынған хан
Абылай - үш жүздің басын бір хандыққа біріктірген, Қазақ хандығын біртұтас, мықты мемлекетке айналдырған дарынды қолбасшы, батыр, дипломат, атақты мемлекет қайраткері.
Ү.Бағалау:
ҮІ.Үй тапсырмасы: §15. Кесте толтыру. Абылай хан жайында шағын әңгіме жазу.
№32 В.В. Маяковский атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Абылай хан
Дайындаған: тарих пәні мұғалімі-Абдыкасымова Ж.А.
Қайнар