жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ацетиленді станциялар мен генераторлар.

8. Ацетиленді станциялар мен генераторлар.
Доғалық пісірумен салыстырғанда, газбен пісірген кезде дайындама
бәсең қызады. Бұл газбен пісіруді қолданудың негізгі аймағын анықтайды.
Мынадай жағдайларда газбен пісіруді қолданады: қалыңдығы кішкентай
металдарды пісіру үшін (0,2...3 мм); жеңіл балқитын түсті металдар мен
қорытпаларды пісіру үшін; біртіндеп қыздыруды және салқындатуды талап
ететін металдар мен қорытпаларды пісіру үшін (мысалы, аспаптық болаттар,
шойындар, жездер, т. б.); дәнекерлейтін және балқытып қаптастыратын
жұмыстар үшін; шойын және қолалар құймалары ақауларын кетіру үшін.
Металдың қалыңдығын үлкейткен кезде, газбен пісірудің өнімділігі тез
төмендейді. Осындай жағдайда металл бәсең қызатын болғандықтан,
пісірілетін бұйым едәуір деформацияланады. Бұл газбен пісіруді қолдануды
едәуір шектейді.
Газдың генератордан пісіру шілтеріне жүретін жолда, сақтандыратын су
бекітпесін орнатады. Бұл бекітпе кері соққан кезде, оттегі-ацетиленді
жалынның ацетилен генераторына еніп кетуінен сақтайды. Газдың ағу
жылдамдығы, осы газдың жану жылдамдығынан төмен болған кезде кері соғу
пайда болады. Тәжірибелік кері соғу шілтер қызып кеткенде және шүмек
немесе ауа сорғыштың орталық тесігі ластанып кеткен кезде жүреді.
Сонымен газды шілтер жұмыс жасаған кезде, кері соққы деп айтылатын
құбылыс пайда болуы мүмкін (шлангіге және генераторға қопарылыс толқыны
мен жалынның кіріп кетуі). Мұндай жағдайда генератор қопарылып кетуі
мүмкін. Генераторға жалынның кіріп кетуін болдырмас үшін сақтандырғыш
бекітпені қолданады. Сақтандырғыш бекітпелерді құрғақ және сұйық (сумен
жұмыс істейтін бекітпелар) бекітпелер деп екіге бөледі. Сумен жұмыс істейтін
жабық типті бекітпелердің тұрқында (1.20-сурет) мыналар орнатылған: газды
алып келетін түтік 1; диск- шағылдырғыш 2; кері клапан 6. Құйма жалғастық 4
арқылы бақылаушы шүмектің 5 деңгейіне дейін бекітпе сумен толтырылады.
Дағдылы жұмыс істеген кезде ацетилен кері клапан, су қабаты және емік 3
арқылы газды алып келетін түтік бойымен газ шілтеріне беріледі (1.20, а-сурет).
Кері соққан кезде (1.20, б- сурет), ауа толқыны суды қысып кері клапанды
жабады. Тұрқы мен диск-шағылдырғыш арасындағы саңылау арқылы өткен
соққы толқыны әлсіреп өшеді.
Ацетиленді генераторлар қопарылысқа қауіпті және арнайы күтуді талап
етеді. Бір, екі пісіру орнында және далалық жағдайда жұмыс істеген кезде
баллонды ацетиленді қолданған дұрыс. Ацетилен баллондары ақ түске
боялады және олардың бетіне қызыл бояумен «Ацетилен» деген сөзді
жазады. Бұл баллондардың құрылымы оттегілі баллондардың құрылымына
ұқсайды. Баллондағы ацетилен қысымы 1,5 МПа тең. Баллонда кеуекті
масса (белсендірілген көмір) мен ацетон бар. Ацетиленнің ацетонда
еруі, кішкентай көлемде мөлшері бойынша көп ацетиленді орналастыруға
мүмкіндік береді. Ацетонда еріген ацетилен, кеуекті массаны сіңіріп қауіпсіз
болып кетеді.

0-сурет. Жабық типті сумен жұмыс істейтін бекітпенің сұлбасы
1 – газды алып келетін түтік; 2 – диск-шағылдырғыш; 3 – газ емігі; 4 –
құйма емігі; 5 – бақылаушы шүмек; 6 – кері клапан
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген