Материалдар / ActivInspire бағдарламасын білім беру жүйесінде пайдаланудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ActivInspire бағдарламасын білім беру жүйесінде пайдаланудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заманда жас ұрпаққа ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру, өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану білім берудің бір шарты деп түсінген жөн.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
1779
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «ActivInspire бағдарламасын білім беру жүйесінде пайдаланудың тиімділігі»

«Қазіргі заманда жас ұрпаққа ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру, өте қажет» деп Елбасы атап көрсеткендей, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану білім берудің бір шарты деп түсінген жөн. Ақпаратты технологияны оқыту үрдісінде қолданылатын жаңа түрдегі құрал белсенді экран - интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақта арқылы жұмыс жасау қазіргі заман талабы.

Интерактивті тақта – бұл болашақ ұрпақтың жан - жақты білім алып, сауаттылыққа жол ашатын бірден - бір құрал. Электронды есептеуіш машинасы тәрізді бұл тақта да жоғары технологияда жасалып шығарылған. Тақта ақпараттың бірнеше түрін бере алады, бейнелеу, фигураларды ендіру, цифрлық жүйе орнату және сол сияқты көптеген мағлұматты көрнекі түрде баяндауға, түсіндіруге мүмкіндік береді. Бұл тақтаны қолдану барысында оқытушы бұрынғыдай көрнекі құралдар дайындау кезінде қиыншылықтарға кездеспейді, оның орнына алдын - ала дайындалған сабағын ұсынады және уақыт үнемдей алады.

Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны студентке сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік береді.

Менің бүгінгі баяндамамда осы интерактивті тақтамен жұмыс жасауға арналған ActivInspire бағдарламалық қамсыздандыруының мүмкіндіктерін тиімді қолдануға, түрлі флипчарттар дайындауға нұсқау болатын бірнеше үйретуші бағдарламадан және флипчартты дайындау әдістемесі баяндалған қосымшадан тұрады. Флипчарт – қажетті беттер санынан тұратын негізгі жұмыс аумағы болып табылады.

Бүгінгі таңда интерактивті тақтада жұмыс жасау үшін қолданып жүрген бағдарламалардың бірі - ActivInspire бағдарламасы. Бұл бағдарламаның көптеген мүмкіндіктері оқытушының оқу - тәрбие үрдісіндегі жұмысын жеңілдетеді. Сабақ барысында материалды жеңіл тусіндіру үшін түрлі қызықты, тартымды, студенттердің ойлау қабілетін дамытатын мүмкіндіктерін қолдана алады. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде оқытушы қосымшаны іске қосу, CD - ROM, Web - түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тінтуірді ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және тағы басқа әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

- Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

- Алған білімді жүйелеу;

- Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- Студенттерге оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

ActivInspire - заманауи оқыту және үйрену тәжірибесінің іргетасы. Сабақта пайдалануға арналған бағдарлама оқытушыларға интерактивті тақтада сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Сан алуан арнайы әрекеттерге толы жаңа сабақтар жасау және оқуды бағалау тапсырмаларын жеке студенттермен, топтармен және барлық студенттермен қолдануға мүмкіндік береді.

Әрбір жасқа бөлек интерфейсі бар ActivInspire бағдарламасы студенттерге Promethean Planet торабында қол жетімді қосымша қор көздер дүниесімен оқыту әрекеттері, құралдары, кескіндері, дыбыстары мен үлгілерінің сан алуан түрлеріне қатынасу мүмкіндігін береді.

ActivInspire - ең жақсы, толық түрде біріктірілген интерактивті технология. Осы бағдарламадағы тақтамен жұмыс істеуді үйретуді де өзі жүзеге асырады.

Тақтамен жұмыс істеудің тиімділігі:

- үйреншікті тақтадағы жұмыстың бәрін де орындауға болады, тек сабақтың темпі, студенттерге әсері өзгереді;

- жазуға, сызуға, өшіруге, сызбалар жасауға болады;

- жазба, сызбаларды сақтап қойып, келесі сабақтарға, басқа топтарда пайдалануға болады;

- сабақ жазылған флипчартқа фильм, суреттер және дыбыстар қосуға болады;

- Microsoft Word –тан немесе тура Интернет желісінен де мәтін көшіріп алуға болады. Сол сияқты кез келген жазуыңызды өзі түсінігі бойынша терілген мәтінге айналдырады және қажет болған жағдайда қателерін түзетуге де мүмкіндігіңіз болады;

- флипчарттарыңызды жариялауға болады, сол сияқты жарияланған флипчарттарды пайдалануға болады;

- барлық студенттерден алдын ала дайындалған сұрақтарға бір мезгілде жауап алып, оның қорытындысын дереу шығарып, сараптама жасап береді;

- қажеттілікке қарай флипчартты дереу өзгертуге болады;

- қарапайым құрал - жабдықтарды пайдалану арқылы студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыруға болады дейміз.

  Сонымен қатар, тақтаға калибровка жасап тұру керектігін айту керек, қаламның қызметі  компьютердегі тінтуірдің қызметімен бірдей.

Бүгінгі таңда мемлекет үшін ұлттық білім беру жүйесіне жаңа технологияларды ендіруге жағдай жасау, оның қарқынды дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады. Осы орайда оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолдану – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды ендіруге бағытталған бағдарламаның бастамасы болып отыр.


ActivInspire Professional бағдарламасы.

ActivInspire Professional Edition бағдарламасы ActivClassroom жүргізу үшін қажетті барлық нәрсе және тағы басқаларды қамтиды.

ActivInspire бағдарламасының негізгі мүмкіндіктер:

    • Алдын - ала дайындалған мазмұнды, оның ішінде дүниежүзінің жетекші білім жариялаушыларынан қор көздерді қарау және ойнату мүмкіндігі;

    • Microsoft PowerPoint™, Adobe™ және Smart Notebook™ сияқты басқа бағдарламалар түрлерінен файлдарды және мазмұнды импорттау;

    • Шырағдан, сиқырлы сия, сағат пен бояу құралын қоса арнайы құралдардың сан алуан түрлері.

  • Қос пайдаланушы режимі екі пайдаланушының оқытушы және студент қаламдарын бөлек пайдалануына мүмкіндік береді;

  • ActivBoard 500 Pro бағдарламасымен қалам және сенсор мүмкіндігін пайдаланған кезде тақтада жұмыс істеу табиғи және сезімтал сезіледі;

  • Математикалық теңдеулер жасау және оларды флипчартқа қосу немесе ActivExpression V2 бірге пайдалану үшін қолдануға икемді теңдеу өңдегіш;

  • Ендірілген веб - шолғыш флипчартқа веб-тораптардан тікелей мазмұн ағынына мүмкіндік береді;

  • Жеке оқу мүмкіндіктерін ActivExpression Learner Response құрылғыларымен пайдаланыңыз;

  • Студенттерге арналған көптеген параметрлер, оның ішінде нақты уақыттағы пікірлер және бағалаудан кейінгі жиынтық мәлімет дұрыс бағытта екеніңізді білдіреді;

  • Дыбысты жазу құралы мен бейнебетті жазу құралы сияқты бай мультимедиялық қолдау

  • Таңқалдырарлық қалыпты және қолтаңбаны тану құралдары;

  • Кеңейтілген теңшеу мүмкіндіктері – жеке профайлды сабақ беру мәнеріңізге және сабақ талаптарына сай етіп жасаңыз.

Осы аталған бағдарлама бойынша «Тұңғиық сандықша», «Сиқырлы сия», «Сілтемені қою», «Мультимедиа файлдарын қабылдау», «Тік қозғалыс бағыты», «Флипчарттардағы контейнерлерді пайдалану» үлгелерін көрсеткім келеді. Олар қосымшада беріледі. Жалпы «Тұңғиық сандықша» флипчартын жасауда «Туындынының анықтамасы» тақырыбы бойынша студенттерге алгоритмді жасырын тұрған тізбек ретін рет – ретімен көрсетуге мүмкіндік береді.

Туындыны табу алгоритмі:

Анықтама бойынша туынды табу алгоритмі:

1) аргументке өсімшесін беру;

2) өсімшеге сәйкес функция өсімшесін анықтау;

3) функция өсімшесінің аргумент өсімшесіне қатынасын табу, яғни ;

4) соңғы теңдіктен аргументөсімшесі нөлге ұмтылғандағы шекті анықтау, яғни кезіндегі шегін табу.

«Туынды ережелері» тақырыбында функциялар беріледі де, студенттер берілген функцияның туындыларын жасырын сөздерді «Сиқырлы сия» арқылы орындап, тексеріп отырады. Яғни мұнда студенттер ойлау қабілеттерінің қаншалықты дәрежеде екенін көріп, оны одан әрі жетілдіруге, өздеріне деген сенімділіктерін қалыптастыруға сонымен қатар тиянақты жұмыс жасауға үйренеді.

Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияның дамуына байланысты қазіргі таңда ActivInspire бағдарламалық қамсыздандыруы оқытушылар мен студенттердің қажеттіліктеріне байланысты құрылды.

Бұл программада барлық пәндерден интерактивті сабақтар дайындауға болады және мұндай сабақтарды ұйымдастыру студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. ActivInspire бағдарламасында сабақтарды дайындауға көптеген функциялар қолданылады, мысалы тұсау кесер құру және жүргізу, арнайы эффектіні материалдарға қосу, кілттік кезеңдерді айыру, қосымша ақпараттарды студенттерге жеткізу. Сондықтан да осындай сабақтарды жүргізу студенттер үшін қызықты, әрі олардың сол сабақты толық меңгеруіне көп көмегі бар.

ActivInspire бағдарламасы интерактивті сабақтарды дайындау ортасы көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуге көмектеседі.

ActivInspire - ең жақсы, толық түрде біріктірілген интерактивті технология. Осы бағдарламадағы тақтамен жұмыс істеуді үйретуді де өзі жүзеге асырады.

«Ел ертеңі – білімді ұрпақ» демекші, студентті білімді, адамгершілігі мол, мәдениетті етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз тынбай еңбек етіп, үнемі ізденісте болу керек.


















Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Зарина Е. С. Учебный фильм о загадке свойства Перетащить копию программы ActivInspire. Элементы сложной презентационной техники ActivInspir.

  2. Ясеновская Л.Н. Вставка активной ссылки на веб-узел в ПО ActivInspire.

  3. Виссарионова С.Ю. Учебный фильм об инструментах Модификаторы ручек в программе ActivInspire интерактивной доски ActivBoard.

  4. Андреева В.П. Как составить кроссворд в ActivInspire.

  5. Майоров С.В. "Вставка изображения в ActivInspire".

  6. Волосовец И.А. Действия со страницами.

  7. Волосовец И.А. Копирование страниц в другой флипчарт. Перемещение страниц

  8. Бахова А.Б. Создание кнопок роста. Учебный фильм о технологическом приёме ActivInspire.

  9. Кислая И.И. Инструменты Шторка и Прожектор в программе ActivInspire интерактивной доски ActivBoar.

  10. Кислая И.И. Три способа создания "Вертушки" во флипчарте ActivInspire.

  11. Медведева Е.В. Работа со слоями в Обозревателе объектов.

  12. Медведева Е.В. Инструмент Циркуль в ActivInspire.

  13. Кошкина А.В "Инструмент Линейка" в ActivInspire.

  14. Иванова В.И. Свойство "Повернуть объект" в ActivInspire. Учебный фильм.

  15. Иванова В.И. Учебный фильм. Тянем, потянем (или ох, уж эти стрелочки

  16. Комлева Г. Использование инструментов Часы и Шторка в ActivInspire.

  17. Кутявина Е.В. Проектировщик Сеток ActivInspire. Магнит.

  18. Чадаева М.А. Контейнер в ActivInspire.

  19. Задорожная Е.П. Движение точки по окружности. Ограничители в ActivInspire

  20. Зеленцова О.Н.Создание макета координатной плоскости. Ограничители в ActivInspire.

  21. Задорожная Е.П. Измерение углов с помощью Инструмента Транспортир ActivInspire.

  22. Задорожная Е.П. Проектировщик сетки ActivInspire

  23. Садртдинова Е.Н. Определение азимута с помощью Инструмента Транспортир в Activinspire.

  24. Романенко Л.А.Устройство звукозаписи ActivInspire.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!