400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Адал Азамат

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл "Адал азамат" атты мақала оқушыларды әділ болуға шақырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адал азамат

Адал азамат дегеніміз-өз еліне, өз қоғамына және жасаған іс-әрекетіне аса жауапкершілікпен қарап, шынайылық танытатын адам. Көпке топырақ шашпасақ та, қазіргі қоғамда адал азаматтар жиі кездесе бермейді. Сондықтан да бүгінгі күні ондай тұлғалардың алар орны ерекше. Айналалағы біркелкілікті сақтау үшін жақсы әрі әділ принцип ұстанатын жандарға бүкіл әлем зәру. Себебі адал азаматтардың бойында кездесетін қасиеттер өзге жандар үшін тапшы.

Адал азаматтың негізгі құндылығы оның адалдығында. Ал адалдық дегеніміз-біреудің ала-жібін аттамау, берген сертінде тұру, қара қылды қақ жаратындай әділ болу. Оның түрлері көп. Мысалы: отанға адал болу, достыққа адал болу, жұмысты адалдықпен атқару, академиялық адалдықты сақтау және тағы басқалары. Аталмыш факторларды ескере отыра адал азамат болу екенің бірінің қолынан келмейтін іс деп білемін. Өйткені адал болу жүректің тазалығынан келеді. Егер де сенің жаныңды кір шалмаған, көзің ашық, көкірегің ояу, өз көзқарасыңды қалыптастырған жан болсаң онда болашағың жарқын болмақ. Себебі өзің жақсы болсаң жаныңа сондай жандар жиналып, сені алға жетелейді. Демек, ұрпақ алға жылжыса еліміз де ілгері қадам басады. Сондықтан да сенің адал азамат болып қалыптасуыңда тұтас елдің тағдыры тұрғанын сезінуміз қажет.

Қорытындалай келе, қай заманда да елге адал қызмет еткен тұлғалар халық жадында сақталып, ұрпаққа үлгі бола білген. Яғни, біз жастар адалдықты ту етіп, ел болашағы үшін жауапты, әділ, еңбексүйгіш азамат болуға ұмтылғанымыз жөн. Өйткені адалдық бар жерде сенім бар, ал сенім бар жерде жарқын болашақ бар. Сөз соңында тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін мына өлең шумағымен жеткізбекпін:

Адалдықпен басталсын әр ақ таңың,

Сонда ғана бітердей сынақтарың,

Алтын тақтан сан құлап жатсаңдағы,

Адалдықтың ақ туын құлатпағын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
2 қыркүйек
235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі