400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Адал азамат

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып сағаты

№9

Сынып жетекші:



Күні:


Сынып:

Қатысқаны: Қатыспағаны:



Сабақтың тақырыбы:

«Адал азамат »

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

№ 9-САБАҚ

8- сыныптар :Күмәнді келісімдерден қорғаудың қарапайым қағидалары

Сынып сағатының мақсаты:

«Адал азамат» ұғымының мәнін түсіндіру, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа, ізгілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу..

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Мақсаты: оқушыларды қарапайым және практикалық қағидалардың көмегімен күмәнді жағдайда аулақ болуға үйрету.

Қауіпсіздік сабағының міндеті:

Міндеттері:

Ұсыныстар мен келсімдерге байланысты ақпаратты тексерудің, негізгі қағидалары мен әдістерін үйрету;

Ықтимал алаяқтықтан осы қағидаларды қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту:

Әділдік және жауапкершілік айы

Апта дәйексөзі:

Адамдар әділ болса, өмір әрқашан әділ.  Әбіш Кекілбаев

Сынып сағатының барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы:

10 мин

• Оқушылармен амандасу

• Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.

• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

ҚР Мемлекеттік Гимнін орындау

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар әнұран орындайды.


Оқушылар топқа бөлінеді





Көңілді әуен


Сынып сағатының ортасы

20

– Адал адам қандай болады?

Нағыз адал азамат мектеп қабырғасында қалыптасады.» Қ.Тоқаев

Талқылау сұрақтары:
– Президент не айтқысы келді?
– Адал азамат болу үшін не істеу керек?

Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек.

Адал азаматтардың қасиеттері

Shape1

Мақалдарды жалғастыр:

1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет)

2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс)

3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер)

4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады)

5.Еңбек етсең ерінбей,

……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей)

6.Еңбек ердің – көркі,

……. …….. ……. . (Ер елдің көркі)

7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір)

Еңбектін көзін тапқан,
……… …….. ………. . (Байлықтың өзін табады)

8. Еңбек мұратқа жеткізер,
…….. …….. …….. . (Жалқаулық абыройды кеткізер)

9.Еңбегің қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар


1. Жеке жұмыс – “Мен қандай азаматпын?”

Тапсырма:
Оқушылар параққа өз бойындағы 3 жақсы қасиетті және 1 жетілдіру керек қасиетті жазады.
Содан соң “Адал азамат болу үшін мен не істей аламын?” деген сұраққа шағын ой жазады.

Топтық тапсырма:

1- топ: «Адал бала қандай болады?» тақырыбында кластер жасаңыз.
– Мысалы: шыншыл, мейірімді, уәдесінде тұратын, еңбексүйгіш.


2-топ: «Мектептегі адалдық ережелері» атты кодекс құрастыру (5 тармақ).
Мысалы:

  • Сабаққа кешікпеу

  • Үлгерім мен бағада әділ болу т.б.

3-топ: “Адал оқушының бір күні” атты шағын постер жасаңыз.




Оқушылардың пікірлерін тыңдауу





әділдік, жомарттылық адалдық, бауырмалдық кішілік , ибалылық сабырлылық, имандылық т.б оқушылар айтады.





Мақал-мәтелдерді жалғастырады

























Оқушылар сұраққа жауап береді















Оқушылар топтық тапсырмаларды орындайды.





















Тақырыптық слайдтар мен суреттер

Shape2


















































10 мин

Қауіпсіздік сабағы

№ 9 САБАҚ. КҮМӘНДІ КЕЛІСІМДЕРДЕН ҚОРҒАУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ҚАҒИДАЛАРЫ

Сабақтың барысы:

Кіріспе

Күмәнді ұсыныстардан бас тарту қажет жағдайлардың мысалдарын талқылау, заңсыз әрекеттерге қатысу туралы ақпарат беру.

Негізгі бөлім

Күмәнді мәмілелерден қорғаудың қарапайым қағидалары

Шындық болу үшін тым жақсы естілетін сөйлемдерден сақ болыңыз. Егер біреу аз күш жұмсап үлкен пайда әкеледі деген уәде етсе, бұл қауіпті қармақ болуы мүмкін. Әрқашан ақпаратты тексеріп, асығыс шешім қабылдамаңыз.

Құжаттарға ата-анасыз (заңды өкілдерсіз) қол қоюға болмайды. Егер біреу бұл «Тек формальдылық» деп сендірсе де, әрқашан мәтінді мұқият зерттеп, сұрақтар қойыңыз. Егер бірдеңе түсініксіз болса, ересектерден көмек сұраңыз.

Бейтаныс адамдарға, әсіресе интернетте сенбе. Егер біреу тауарды немесе қызметті әлеуметтік желілер, сайттар арқылы ұсынса, абай бол және ешқашан келіспе. Себебі бұл көбінесе заңсыз әрекеттерге әкеледі.

Жеке деректерді қажетсіз берме. Төлқұжат деректері, телефон нөмірі және банк ақпараты сияқты жеке деректеріңізді алаяқтар пайдалана алады. Оларды не үшін және кімге беретініңді көрсетіңіз.

Сатып алудан немесе маңызды шешімдер қабылдаудан бұрын ата-анаңызбен немесе мұғалімдеріңізбен кеңес. Ересектер жағдайды түсінуге және қателіктерден аулақ болуға көмектеседі.

Барлық чектер мен құжаттарды сақта. Егер проблемалар туындаса, бұл құжаттар сіздің құқықтарыңызды қорғау үшін қажет болуы мүмкін.

Сатушылардың қысымынан аулақ бол. Егер біреу дереу шешім қабылдауды талап етсе немесе бірдеңе жоғалтып жатқандай сезінсе, бұл қулық болуы мүмкін. Ойлануға уақыт бөл.

Жарнама мен уәделерге сыни бол. Жарнамадағы көптеген ұсыныстар асыра сілтелген немесе жабық. Көбірек ақпарат алуға тырыс және айтылғанның бәріне сеніп қабылдама.

Қорытынды

Сабақты қорытындылау.

Негізгі қауіпсіздік ережелерін қайталау.




Оқушылардың тыңдау.


Сұрақтарға жауап береді
























Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.









Презентация








Пайдалы сілтемелер:


https://drive.google.com/file/d/1bN0HfFbBS9COPQ6a5pLBK0-2qlvGPAlY/view?usp=sharing



https://drive.google.com/file/d/1gVluG3uFlkwoD1z_dGFc-GBjaJajUbC-/view?usp=sharing


https://docs.google.com/presentation/d/19Qk5tz0Gk8IcahyMMTSrJeJoJzSytJgo/edit?usp=sharing&ouid=110516144726477210122&rtpof=true&sd=true




Сабақтың соңы

5 мин

Адал жолмен жүру, адал адам болу- міндетіміз. Әркез адалдықты жақтаушы ретінде танылсаңдар, жақсы азамат боласыңдар. Аталарыңның баласы ғана емес, адамның баласы болуға шақырамын. Адалдық жолмен жүруге ешқашан шаршамаңдар. Адалдық- адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсенділік танытқан оқушыларға алғысымды білдіремін. «Толықтыр» тапсырмасы

Оқушылар сөйлемді аяқтайды:

Бүгін мен білдім…

Мен ойнағанда әрқашан…

Енді ойынға көзқарасым…


Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
248
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі