Адал азамат – ел болашағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адал азамат – ел болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – саналы, білімді, отансүйгіш, адал және еңбекқор жас ұрпақ тәрбиелеу. Себебі кез келген елдің болашағы – сол елдің жастарының қолында. Ұлттың келешегі жастардың адами қасиеттеріне, өмірлік ұстанымдарына және азаматтық жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың бойына отансүйгіштік, адалдық, еңбексүйгіштік және жауапкершілік сияқты қасиеттерді дарыту – уақыт талабы әрі тәрбие берудегі негізгі басым бағыттардың бірі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



























«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып жетекшілер бірлестігімен өткізілген кезектен тыс отырысы

















































2025-2026 оқу жылы





Мақсаты: 2025-2026 оқу жылында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша кәсіби шеберліктерін жетілдіру.

Міндеттері:

  1. 2025-2026 оқу жылында жүзеге асырылатын тәрбие жұмысының бағдарын түсіндіру.

  2. Тәрбие жұмысын құндылықтар негізінде ұйымдастырудың ерекшеліктерін нақтылау.

  3. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жобалау.

  4. Қауіпсіздік сағаттарын сынып сағатымен кіріктіруі жоспарлау.

Міндеттелген жобаларды іске асыру, жетекшілер тағайындау

Өткізу әдісі: Топтық жұмыс Барысы:

1-бөлім

Теориялық бөлім

Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 123 бұйрығын басшылыққа ала отырып 2025-2026 оқу жылында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған нұсқасымен тәрбие жұмысы іске асырылады



Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде балалар арасында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап, білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісіне ерекше назар аударуды тапсырды. Осыған орай 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы (бұдан әрі – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, болып аталады) әзірленіп, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз етуді саясатымыздың тұғырлы қағидатына айналдыратын мықты демократиялық институттары мен дамыған құқықтық жүйесі бар әділетті мемлекетті құрудың шарты және еліміздің жаңғыруы мен әрі қарай дамуының стратегиялық бағдарын айқындайды. Бұл баршаға және әрбір адамға бірдей мүмкіндік беретін қоғамды қалыптастыратын адал азаматтар табанды еңбегімен еліміздің дамуына өз үлес қосқанда ғана мүмкін болады.

«Озық ойлы ұлт» идеясы балалар мен жастардың бойында білімге құштарлық, шығармашылық және инновациялық ойлау, кәсіби даму, бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады.

Демек, қазіргі әлемнің сын-тегеуріндеріне дайын азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» үштағанымен сабақтасады. Бұл әрбір азамат өзінің маңыздылығын, жауапкершілігін және ортақ іске қосқан үлесін сезінетін әділетті, дамыған және инновациялық қоғам құруға мүмкіндік береді.



Аталған идеялар мен құндылықтар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізіне айналады. Бағдарлама құндылыққа бағдарланған және құзыреттілік тәсілдері негізінде білім алушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі мақсат пен міндеттерді айқындайды.

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев озық дамыған мемлекет құру өскелең ұрпаққа тікелей байланысты екендігіне тоқталып, оларды тәрбиелеуге ерекше назар аудару міндетін қойды. Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын:

тәуелсіздік және отаншылдық

бірлік және ынтымақ

әділдік және жауапкершілік

заң және тәртіп

еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын саралап, бала тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде айқындады.



Ұлт болашағы балалар мен жастардың бойына қандай құндылықтар сіңіретініне байланысты, сол себепті өскелең ұрпақты тәрбиелеу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі.

Сондықтан Бағдарлама елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.



Бағдарламаның мақсаты:

қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

Бағдарламаның міндеттері:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;



өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын болуға баулу;

әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету;

отбасын білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесіне тарту.

«Мозайка құндылықтар»

А) Әр қатысушыға «Адал азамат» құндылықтары жазылған қағаз қиықтарын таратып беріңіз (тәуелсіздік және отаншылдық

бірлік және ынтымақ

әділдік және жауапкершілік

заң және тәртіп

еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

жасампаздық және жаңашылдық).

Ә) Қатысушы өзіне түскен құндылықтың мағынасын қысқаша айтып береді.

Б) Барлық сөздер қосылып, «Адал азамат» тұлғасының бейнесі қалыптасады.

«Жылы сөздер тізбегі»

Қатысушылар бір-біріне қарап, бір жылы сөз немесе комплимент айтады (мысалы: «Сіз адал жансыз», «Сіз еңбексүйгіш ұстазсыз», )

Практикалық жұмыс

1-топ: Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс АЙ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

2-топ: Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтиды:

күнделікті:

апта:

3-топ: Құндылықтарға негіздеген жобалардың атауы









Құрметті әріптестер!
Бүгінгі сынып жетекшілер отырысында біз «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнымен кеңінен танысып, оның мектептегі тәрбие жүйесіндегі маңызына көз жеткіздік. Бағдарламаның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, отансүйгіштік және еңбексүйгіштік сияқты асыл құндылықтарды қалыптастыру екені анық.

«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру – тек бір бағдарламаны орындау ғана емес, болашаққа салынған берік негіз екенін атап өткім келеді. Біздің әрқайсымыздың күнделікті атқарып жүрген еңбегіміз арқылы шәкірттеріміздің жүрегінде ізгілік пен әділдіктің оты маздап жанатынына сенемін.























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2025
80
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі