400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адал азамат- ұлт болашағы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Адал азамат" бағыты аясында өткізілген ұлттық ойын тәрбиелік мәні жоғары, рухани құндылықтарды дарытатын шара болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы







«Адал азамат – ұлт болашағы»

«Ұлттық ойын – ұлттық тәрбие құралы»


Қостанай қаласы №16 балабақшасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы аясында балалармен ұлттық тәрбиеге негізделген ойын – «Ханталапай» өткізілді.

Мақсаты– балаларды адалдыққа, әділдікке, достық пен шынайылыққа тәрбиелеу, ұлттық ойын арқылы ой-өрісін, жылдамдық пен ептілік қабілетін дамыту.

Ойын басталмас бұрын тәрбиеші балалармен адалдық, әділ ойын, бір-біріне көмектесу туралы қысқаша әңгіме жүргізді. «Адал азамат қандай болу керек?» деген сұраққа балалар белсенді жауап беріп, шынайы ниеттерін білдірді.

«Ханталапай» ойыны кезінде балалар асықтарды тез жинауға тырысты, бірақ ең бастысы – ережені бұзбай, адал ойнау болды. Тәрбиеші әр баланың әрекетіне назар аударып, жақсы мінез көрсеткендерді мақтап отырды.

Ойыннан кейін балалар өз ойларымен бөлісіп, «Адал болу – дұрыс жол», «Досыңа көмектесу – жақсы іс» деген пікірлер айтты.

Қорытынды: «Адал азамат» бағыты аясында өткізілген ұлттық ойын – тәрбиелік мәні жоғары, рухани құндылықтарды дарытатын шара болды. Мұндай іс-шаралар арқылы баланың бойында адалдық, әділдік, сыйластық сияқты қасиеттер қалыптасады.

Жусупова Жанар

№16 бөбекжайдың тәрбиешісі,

Қостанай қаласы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі