|
Ұйымдастыру кезеңі
(5мин)
|
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу,
түгендеу.
Психологиялық
жағымды ахуал туғызу
|
Мақсаты:
Оқушылар мұғаліммен
сәлемдесіп,түгенделеді. Сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы
арқылы сабаққа белсенділігі
артады.
|
Тақырыпқа байланысты слайдтар,
басқа пәндермен
байланыстыру.
|
|
Сабақ
басы (10
мин)

|
Сабақтың
тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру. "Адал азамат", "адал еңбек",
"адал табыс" сөздерінің мағынасын талқылау.
Талқылау:
Адал азамат деген кім? Оның
қоғамдағы рөлі қандай? Адал еңбек неге маңызды? Адал жолмен табысқа
жетудің мәні неде?
|
Оқушылар қойылған сұрақтарға
жауап береді.
Адал азаматтың қасиеттері:
Шыншылдық – өзінің ойларын, сезімдерін және әрекеттерін шынайы
жеткізеді. Жауапкершілік – өзінің әрекеттері үшін жауап бере алады
және басқаларға көмектесуге тырысады. Қоғамға пайдасы – адал азамат
өз елінің дамуына үлес қосып, айналасына үлгі
болады.
|
Слайд
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, сабаққа белсенділікпен қатысқан
оқушыға «Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
|
Ортасы
(20 мин)

|
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Тапсырма: Берілген тапсырмаларды
талқылау, топта ой қозғау.
1 топ. Адал азамат (жақсы азамат болу деген ойды
жеткізу. Адалдық және жауапкершілік сияқты қасиеттерді
түсіндіру)
1. Адал азаматтың мінез
құлқы?
2. Адал азаматтың түр
сипаты?
3. Адал азамат деген атқа лайық болуы үшін не
істеу керек?, қандай болу
керек?
4. Адал азаматтың мемлекетімізге, қоғамға
керегі бар ма?
2 топ. Адал еңбек (Еңбек пен адалдықтың қадірі деген
ойды қозғау, еңбектің жетістікке жетуі туралы мысалдар
келтіру
1. Еңбек адамға не үшін қажет деп
ойлайсыңдар?
2. Еңбекқор деп қандай адамды
айтамыз?
3. Өздерің еңбектің қандай түрлерімен
айналысқанды ұнатасыңдар?
4. Адал еңбек дегенді қалай
түсінесіңдер?
3
топ. Адал табыс (Адал табыс
және адал жолмен табудың маңыздылығы туралы әңгімелеу) Тарихтан
және қазіргі заманнан адал еңбек еткен тұлғалардың өмірінен
мысалдар келтіру. Жетістікке жеткен адамдардың адал еңбек арқылы
табысқа қол жеткізгені туралы
әңгімелер айту.
|
Оқушылар берілген тапсырманы
топта орындау,
талқылайды.
Оқушыларды осы қасиеттерді
көрсететін өздері білетін адамдар туралы ой
қозғайды.
Оқушылар еңбекке қалай қол
жеткізу жолдарын түсіндіріп, мысалдар
келтіреді.
Оқушылар анықтамаларды,
мысалдарды қамту арқылы тапсырманы орындайды. Әр топ өздерінің
жұмыстарын түсіндіре отырып, постерін
ұсынады.
|
Сабаққа белсенділікпен қатысқан
оқушыға «Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|