Материалдар / "Адал болып өсеміз" Тәрбие сағаты. 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адал болып өсеміз" Тәрбие сағаты. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
2177
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ











«Адал жол – 2018»сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон «Адал болып өсеміз»/тәрбие сағаты/









Өткізген: 1 «Ә» сынп жетекшісіЖ.К. Кудайбергенова

















2018-2019 оқу жылы

Мақсаты: 1.“Өзгелерге қиянат жасамау, адал болу” деген ұғымдарды түсіндіру. 2. Адалдық туралы көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық адамгершілік сезімдерді қалыптастыруКөрнекілігі: Суреттер, слайдтар, плакаттар, электронды құралдарӨткізудің формасы: Тәрбие сағатыӨткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ жауапБарысы: Оқушылар біз бүгін «Адал болып өсеміз» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіземіз. Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз сендерді кіші жастан бастап адал жолмен жүруге, адал болуға шақырады.Мұғалім: Адам - ғалам ғажайып, жеке - дара,Жан құмары ізденген мәңгі сана.Өзіңді - өзің танысаң, істің басы,Түзеген өз ғаламын болған дана.Ақындардың түсініктері: оқушы 1- оқушы: Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол»2 -оқушы : Ұлы Абай: “Кімде - кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ.3-оқушы : Ғ. Мүсірепов: Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.Мұғалім: Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады. 1 - оқушы:Сүйетініме шүбәм жоқ,Сүймей ме деген күмән көп.Түстім бе деген тура жолКөрінбейді тұман боп2 - оқушы:Адалдық өміріңе керек нәрсеОлда гүлдеп нұрланар көңіл бөлсеХалыққа өз пайдасын тигізе алмайАдам боп өзін өзі меңгермесе3 оқушы:Несиені, қарызды жек көредіӨсім берсе,- ептелеп еп көредіҚұлағын да ұстатпай, бездіредіБауыр, жиен, нағашы, ет бөлені4 - оқушы:Адалдық ар жанымның садақасыКөрмегем тар қолтықта шалыс басыпҮмітім ізгіліктен үзілмейдіНамысым талабымды қамшыласып.Мұғалім: Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата - бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.Ойын жалғасын тапМақал - мәтелдер: Адалдық - ардың ісіАдалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.Асылдың бірі — адалдықАдамның ұяты бетінде,Адамгершілігі ниетіндеШындық жоқ жерде сұмдық көп,Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,Саудаң әділ болмаса нарық бұзыладыҚорытынды: Адал жолмен жүру, адал адам болу- міндетіміз. Әркез адалдықты жақтаушы ретінде танылсаңдар, жақсы азамат боласыңдар. Аталарыңның баласы ғана емес, адамның баласы болуға шақырамын. Адалдық жолмен жүруге ешқашан шаршамаңдар. Адалдық- адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Тәрбие сағатымыз аяқталды. Белсенділік танытқан оқушыларға алғысымды білдіремін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!