Адал достық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адал достық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектебі

Мерзiмі: ------------

Тақырыбы: Адал достық № 10-сабақ

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Шыншылдық, мейірімділік,адалдық, қайырымдылық.

Мұғалiм: Устемирова Назира

Сынып: 4 оқушылар саны:20


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • оқушыларға адал достықтың мәнін түсіндіру;

  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • достықты қадірлей білуге, шыншылдыққа, мейірімділікке,адалдыққа тәрбиелеу;


Ресурстар:

оқулық, дәптер,

слайд


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу,оқу құралдарын тексеру.

5 Т-ны еске түсіру: Тәртіп, тазалық, татулық, талап, тыныштық

Тыныштық сәтi.«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Оқушылар өз ойларын ортаға салады.


2. Үй тапсырмасын тексеру:

«Екі дос» ( Ел аузынан ) мәтінді оқып келу.

  • Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

  • Аңыз әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

  • Сендердің де адал достарың бар ма?Олардың адалдығын қай іс - әрекеттерінен байқадыңдар?

  • Достар бір-бірін құтқару үшін қандай қиянатқа барды?

- Адал дос дегеніміз өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін, қашан да қасынан табылатын, досы үшін өзін қиянатқа қиятын, барын бөлісетін нағыз жолдас.


Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.

«Айнымас досы бар адам - ең бақытты адам»

Халық мақалы.

Дәйексөзді оқимыз,мағынасын ашып талдаймыз.Оқушылар есте сақтап қалу үшін балалар бөлек, қыздар бөлек хормен қайталаймыз,дәптерге жазамыз

Оқушылардың жауабын тыңдап, соңынан қорытындылау..

  • Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Ал ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.



4.Әңгiмелеу

Алтын құс

Ертегі

Ерте замандарда кішкентай ауыл үстінде алтын құс айналып ұшып жүріпті. Сол ауылда Толыбек пен Арман деген ойын жасындағы балалар болыпты. Екеуі ауыл үстінен алтын құс ұшқан кезде, ойындарын тастай салып:

- Алтын құс ұшып барады, алақай! - деп оны едәуір жерге дейін шығарып салады екен.

Алтын құс жалт - жұлт еткен қанатымен көгілдір көкте еркін ұшып, көзден таса болғанша, екеуі көз алмай қарайтын.

Сол алтын құс күндердің күнінде ауыл үстінен ұшып, көк жапырағы жайқалған, басынан талай тарих өткізген шынар ағашының басына келіп қонады. Күндей жарқылдап отырғанда, шынардың қою көлеңкесі де сейіледі екен.

Шынар ағашына келген Толыбек пен Арманның ойы - әдемі, алтын құсты ұстап, торға салып қою болатын.

Алтын құс шынардың түбінде тұрған екі баланың әңгімесін толық естиді.Бірі "тұзақ құрып ұстайық" десе, екіншісі "жем беріп, қолға түсірейік" деп дауласады.

Осы сөздерді естіген алтын құс адам тілімен үн қатыпты:

- Балалар, мені қолға түсіріп, тор ішінде ұстағаннан келер пайда не? Күні ертең ер жетесіңдер. Мұхиттан да, таудан да өтерсіңдер. Сонда ел мен елдің, адам мен адамның достығынан, татулығынан артық ешнәрсе жоқ екендігін білесіңдер. Сондықтан табиғатты, достықты қадірлеңдер,-деп ұша жөнеліпті.

Күн соңынан күн өтіпті. Жылдар желдей есіп, жылжи беріпті. Құмға аунап, ой-қиялы шарықтап өскен Толыбек пен Арман ер жігіт болыпты.

Бірде ел басына бұлт үйіріліп, ел шетіне жау бүйірден тиіскенде Толыбек пен Арман сап түзеп, ел қорғауға аттаныпты. Олар батырларша жаумен алысып, жеңіп, екеуі де елге аман-сау оралған екен. Жол бойында қираған қала мен мерт болған батырларды, өртенген гүлбақшаларды көріп, елдің бейбіт өмір сүруін тілейді.

Ұзақ жүріп ауылға жетер жолда екеуі тұрған зәулім шынарды көреді.

Сол мезетте шынардың төбесінде отырған алтын құс қанатын қомдай түсіп:

- Жүздеріңді көріп, қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Кішкентай кездеріңде дос едіңдер. Енді, мінеки, ер жігіт болыпсыңдар. Әлгі де жұптарың жазылмапты. Достықтың алмас қамалы жоқ. Ылайым бұдан былай да достықтан айнымаңдар, - деп қанатын қағып-қағып ұша жөнеліпті.

Достықты, татулықты ту етіп ұстаған алтын құсқа екеуі де риза болып, қол бұлғап қоштасады.

Толыбек пен Арман қолтықтасқан күйі туған ауылына келіпті. Достықты қадірлеп ғұмыр кешіпті.


- Толыбек пен Арман қандай құсты көрді?

- Алтын құс қайда келіп қонды?

- Толыбек пен Арман не ойлады?

- Алтын құс адам тілімен балаларға не деп үн қатты?

- Толыбек пен Арман қайда аттанды?

- Алтын құс неліктен екі достың жүздерін көріп қуанды?

- Толыбек пен Арманның достығы адал достыққа жата ма? Неліктен?

- Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?



5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жағдаяттарды талдау

1 – топ

Ақылбек пен Асылбек төртінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ақылбек сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Асылбек те ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Асылбек :

  • Мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы,- деп өз өтінішін Ақылбекке айтты...

  • Ақылбек егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

2- топ

Төртінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады.

  • Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қалай? Сендер оның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

3 – топ

Қаңтардың қара суығы. Мұхит екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды.

Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Мұхиттың аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді...

Мұхиттың тобығы шығып ауруханада көп жатты.

  • Сендер Мұхиттың досы болсаңдар не істер едіңдер?



Оқушылардың білімдерін тиянақтау үшін тапсырма ұсынылады. Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.

Қуаныш күлкі

Өзара сыйластық оқу

Еңбек өзара көмек

Шыншылдық сұлулық

Сүйіспеншілік түсіністік

Мейірімділік қамқорлық

Кешірімділік адалдық

Жауапкершілік әдептілік


6.Топпен ән айту

Достар

Әнін жазған: Айжігіт Асанов

Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова

1. Ақ, қарамыз, сарымыз,

Тату доспыз бәріміз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық, кәне, біз.

Жүзімізге қараңыз,

Бал-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуак,

Бізге қымбат Анамыз.


2. Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.

Балдырғанбыз арай жүз,

Бал-бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғанын қалаймыз.


3. Таласпаймыз біз бірақ,

Отырмаймыз тұнжырап.

Қуысамыз көгалда,

Жүгіреміз құлдырап.

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгілік достармыз,

Біз мәңгілік біргеміз.




7.Үй тапсырмасы

11-сабақ. 58- беттегі Ж.Дәуренбековтың «Сурет» әңгімесін оқып келу. Дәптермен жұмыс.



8.Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді жайлап ашыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
488
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі