Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адал ұрпақ қандай болуы керек

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Аты-жөні:Балабекова Жұпар




Мамандығы:Бастауыш білім беру мамандығы




Біліктігі:0105013



Топ:410




Жетекшінің аты-жөні:Құсайынова Күлəнда Ешетайқызы





Телефоны: +77026435295





е-mail: sanzhar_201200@mail.ru



















Эссе

Адал ұрпақ қандай болуы керек?


Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық — пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.

Шәкәрім қажы адалдық турасында: «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, — деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық-адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет адамның сана сезімін-ар ожданына қайшы келмейтіндігін білдіреді. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.

Адал адам – сенімді, өтірік айтпайтын, өз ісіне тиянақты, жауапты, арам ойы жоқ, сөзіне берік, әрбір істе қара қылды қақ жаратын әділ, жасағанын міндетсінбейтін жан. «Осы біз тамақ жемесек баяғыда байып кетер едік» деген екен бір кісі. Меніңше, сол секілді мына біз өмір сүріп жатқан қоғамдағы адамның барлығы адал болса, дамудың биігіне сонда шығып, өмір сүру әлдеқайда жеңіл болар ма еді?! Адамның өзін-өзі жақсылыққа жетелеп, адал болуға тырысуы, өзге адамдар үшін пайдалы көрінгенмен, өзі үшін мол иігіліктері бар. Себебі, бергенің қалай болса, аларың да солай болмақ. Адамның күні адаммен екенін де ұмытпау керек. Менің ойымша парақорлық жайлаған, жемқорлық қанатын кеңге жайған мына заманда адалдық жайында мәселе қозғау өте қажет. Мемлекеттің қаржысына қол сұғып немесе бір мекеменің қорындағы ақшаны есебін тауып жымқыру адалдыққа әсте жатпайды. Бұл нағыз арсыздық деуге болатын шығар. Күнәсін айтпағанда.

В. Гюго: «Ұлыға бәрінен гөрі адалдық жақын тұр» десе, «Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ», - деп Р. Роллан да тамаша айтыпты. Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде – бір мемлекеті, бірде – бір саяси жүйе, бірде – бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев -айтқандай адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Егер, жастайынан баланың санасына тазалық, жауапкершілік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік қағидаттарын сіңіретін болсақ, есейген кезде оның бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасып, саналы өмір сүруге мүмкіндігі жеткілікті болады. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Мен ойлаймын ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 30 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз. Ең алдымен, адалдық балаға тәрбие берілгеннен болады деп білемін. Шыр етіп сәби дүниеге келген кезде,оның тұсауын кесерде "біреудің ала жібін аттамасын" деп бата беруі тегін емес еді. Әрине, өмірден мысалдар алатын болсақ, адал адамдар,түзу жолмен жүргендер барынан айрылып, баз кешіп жатады. Алайда, жамандықтың артынан жақсылық жүреді ғой. Сондықтан да, не де болса дегенімізге, ісімізге, айналадағыларға адал бола білейік. "Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен" деген екен Мұхтар Әуезов. Шынында да, беделіңе, байлығыңа сенудің қажеті жоқ. Түбінде адалдық жеңетіні сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егер адамдар сенің бойыңдағы бір істі көруін қаламасаң, онда ол істі жеке қалғанда да жасама»,– деп тек адамнан ғана емес, Алладан да шынайы түрде ұялуға, адал болуға шақыратын және өзі де үлкен ұят иесі еді. Бұл аталған хадиске өмірден мысал келтірейік. Мысалға, бастығыңыз бір жұмысты тапсырып кетті делік. Сол жұмысты бастығыңыз жаныңызда бақылап тұрғандай жасасаңыз, міне, сол – адал жұмыс. Өйткені сіз ол жұмысты кем-кетіксіз жасайтыныңыз анық. Халқының мүддесін өз мүддесінен артық қоятын, адалдылық, бауырмалдылық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерді бойына жинай білген тәрбилі ұрпақ болу барлығымыздың борышымыз.

Болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім берумен шектеліп қана қоймай адал еңбекқорлыққа да үйретуіміз керек. Адал еңбекқорлық-еліне адал қызмет ету және сыбайластық іс – әрекеттерден аулақ болудан тұрады. Сыбайлас жемқорлықты келешек ұрпаққа сіңіруден аулақ болуды үйрету әрбір ата – ананың міндеті. жұмысымызға әділдікпен, адалдықпен, жауапкершілікпен қарап, басқа біреу көріп тұрмаса да, Алла көріп тұр, ақыретке барғанда күнім не болады деген қорқыныш оймен жұмыс істеу керек. Әрі біреудің ақысын жемей, шынайы ықыласпен істеген дұрыс.

Имам ғалымдарының бірі былай деген: "Кімде-кім адамдармен әділетті түрде қарым-қатынас жасайтын болса, басқалар да әділдікті қабылдайтын болады".

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлы боласың», – деп айтқан болатын.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: күнделікті жұмысымызға адал болып, қызметімізге Алланың аманаты деп қарап, мұсылмандықты ту етіп өмір сүруімізді жазсын!

Адал,саналы ұрпақ-жарқын болашақтың кепілі екенін естен шығармайық!..

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2020
839
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11