Ы.Алтынсарин атындағы
гимназия
Ж ұмыс
уақыты:
9:00 -10:00
Жұмыс күндері:
-
Дүйсенбі
-
Сейсенбі
-
Сәрсенбі
-
Бейсенбі
-
Жұма
-
Сенбі
«Адал ұрпық»
еріктілер
клубы
2018 жыл
Мектеп жанынан ұйымдастырылған «Ақ желкен»
күндізгі тынығу лагерінің ашылу салтанаты
Мақсаты: балаларды лагерьдің басталуымен
құттықтау, өткізілетін іс – шаралар мен лагерь ережелерін
таныстырып, жақсы демалуларына жағдай жасалатынын
жеткізу.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі мектеп жанын ашылып отырған «Ақ желкен»
күндізгі тынығу лагерінің 3 маусымына қош
келдіңіздер!
Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді
Тамаша көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін
келген«Көңілді күн» әнімен кішкентай бүлдіршін
Ибрагим Іңкәрді ортаға шақырамыз.
Балалар, бойымызды бір сергітіп алайық. Мен дене
мүшелерін айтқан кезде сендер қолдарыңмен ұстап көрсетесіңдер.
Жарайма.
Мен бастаймын: бас, мұрын, шаш, көз, құлақ,
іш, аяқ, бел т.б.
Енді мен тез-тез айтамын, сендер үлгіріп
отырыңдар.
Бас, аяқ, көз, бел, тізе, құлақ, аяқ, мұрын,
құлақ т.б.
Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып
сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген
Біздің жас бишілерімізді ортаға
шақырайық.
Бірге әдемі би қимылдарын қайталап бой
сергітейік.
Балалар ортаға шығып билейміз.
3 маусымының «Ақ желкен» мектепалды лагерінің
жетекшісі Курмангалиева Динара Жумагалиевнаға сөз
береміз.
-
Ойын: «Кім жылдам?»
Ойынның шарты: бір орында отырып қасындағы
шашылып жатқан заттарды тез жинау керек. Кім бірінші жинап болса,
сол жеңімпаз атанады.
-
Ойын: «Сүрінбей өт»
Шарты: балаларалдында жатқан сыйлыққа қол жеткізу
үшін, жерде жатқан іздердің үстінен ғана басып жүруі керек. Егер
аяғы ізге түспесе, ойыннан шығып қалады.
Балалар мен жұмбақ жасырамын, ең көп жұмбақ
шешкен балаға сыйлық береміз.
1.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
2.Тілі жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде. (қаламсап)
3.Ұзынды – қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл. (сағат)
4.Суда – көлік,
Құмда – өлік. (қайық)
5.Ай астында ақ мамық,
Жатыр суда жастанып. (Аққу)
6.Ерте тұрады,
Жар шақырады. (Қораз)
7.Мұрны насос, кран да,
Кім таң қалмас бұл аңға. (піл)
Енді мақалды жалғастыру керек. Оқыған мақалдарды
мұқият тыңдап, жалғасын айтасыңдар.
1.Кітап – білім бұлағы, (білім – өмір
шырағы)
2.Ұстазы жақсының (Ұстамы
жақсы)
3. Наданмен қас болғанша (кітаппен дос
бол)
4.Ақыл жастан шығар (Асыл тастан
шығар)
5. Дос жылатып айтады, (дұшпан күлдіріп
айтады)
6.Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау
алмайды)
7.Отансыз адам (ормансыз
бұлбұл)
Келесі ойын «Қастырғыштар» деп
аталады.
Ойынның шарты: екі қатысушыға он-оннан
қыстырғыш беріледі, берілген қыстырғыштарды кім бірінші киіміне
қыстырып болса, сол жеңіппаз атанады.
Сергіту сәті.
(фли-флай-фо)
Балалар жақында ғана Астанада қандай айту мереке
болды?
Әрине, Астанамыздың 20 жылдығы.
Балалар, мен сендерді Астанасының 20 жылдығымен
шын жүректен құттықтаймын!
Астанам менің,
Қалқаным менің,
Асқақтаттың ғой Арқаның жерін.
Армандап жүрген ертеңім бе
едің,
Қиялдап жүрген ертегім бе
едің?!
Арман қаламыз – Астанаға арналған «Ертегілер»
әнімен ортаға Ибрагим Іңкәрді шақырамыз.
Бүгінгі біздің 3 маусымға арналған «Ақ желкен»
мектепалды лагерінің ашылу салтанаты өз мәресіне
жетті.
Сендерге көп-көп рахмет!
Енді барлықтарыңды би алаңына
шақырамын!
Жас достарым, көңілді жазғы демалысты бірге
өткізейік!