Адал ұрпақ тәрбиелеу— әр азаматтың борышы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адал ұрпақ тәрбиелеу— әр азаматтың борышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаматқа ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адал ұрпақ тәрбиелеу— әр азаматтың борышы

Адамзат қоғамы әрдайым өз ұрпағының тәрбиесіне ерекше мән беріп келген. Өйткені, адал, білімді, ізгілікке толы ұрпақ — еліміздің болашағы. Адал ұрпақ тәрбиелеу — тек ата-ананың немесе ұстаздардың міндеті ғана емес, бұл әр азаматтың борышы. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. Біздің басты мақсатымыз-қазіргі халықтың талаптарына сай жан-жақты үйлес қоса отырып тұлға қалыптастыру. Егер біз ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, онда ол тұлға ретірде дұрыс қалыптасып, жетіледі, яғни жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өседі.

Азаматқа ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы”, – дейді әл – Фараби. Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле», – деген екен Платон. Адал ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың алар орны ерекше екендігі бәрімізге мәлім. Өз тарихымызды, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді жастарға жеткізу — бізге, қоғамға жүктелген маңызыды жауапкершіліктердің бірі. Ұлттық құнылық пен рухты бойына сіңірген жас ұрпақ өз елінің нағыз патриоты болады дегенге сенемін. Адал ұрпақ тәрбиелеуде қоғамдық ұйымдардың, мекемелердің алар рөлі зор. Әрбір азамат жастармен жұмыс істеп, оларға қолдау көрсетуі тиіс. Адал ұрпақтың қалыптасуына үлкен үлес қосуы әбден мүмкін. Білім беру мекемелері мен әлеуметтік орталар, қоғамдық ұйымдар жастарға арналған іс-шаралар, жобалар ұйымдастырып, олардың дамуына ықпал етуі қажет. Адал ұрпақ тәрбиесінің негізі – сапалы білім. Білімді жастар еліміздің болашағын құрады,экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосады. Сондықтан, мұғалімдер мен ата-аналар жастардың рухани дамуына ерекше көңіл бөлуі тиіс деп білемін. Сапалы білім – зиялы ұрпақтың кепілі. Білім беру процесінде сапалы әдістемелер мен заманауи технологияларды пайдалану сонымен қатар жастардың қызығушылығын арттыру маңызды рөл алады.

Адал ұрпақ тәрбиелеу — біздің ортақ міндетіміз. Біз барлығымыз қоғам мүшелері ретінде, жастардың тәрбиесіне үлес қосуымыз керек. Адал, білімді, ізгі азаматтар өсіре отырып, еліміздің болашағын жарқын ету — әрқайсымыздың парзымыз. Тек осындай ұрпақ арқылы ғана қоғамымыздың дамуына, гүлденуіне қол жеткізе аламыз.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2024
234
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі