жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адал ұстаз
Тақырыбы: Жалпы адамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негіздері
Мақсаты: Жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейте отыра, отбасы – тәрбиенің негізі екенін ұғындыру.
құрметті ата-аналар мен білім алушылар. "Жалпы адамзаттық құндылықтар отбасы тәрбиесінің негізі" атты ашық тәрбие сағатына қош кеЖалпы адамзаттық құндылық - белгілі адамдар үшін ғана емес, жалпы адамзат үшін маңызды құндылықтар. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар – қасиеттер. Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негізі ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалпыадамзаттық құндылықтар адамның тумысынан болады. Әр адамда рух бар. Рух дегеніміз – жалпы адамзаттық құндылықтардың жиынтығы. Жалпыадамзаттық құндылықтар: ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі Анасына қарап, қызын ал- демекші, тәрбиелі анадан, тәрбиелі бала өсіп шығады. Ананың орнын ешқашан, ешкімде алмастыра алмайды. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейірімі мен махаббатына бөленуі тиіс.
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі Әке – шаңырақтың негізгі тірегі әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке отбасының асырушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.
Ержан: Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Арай:
Қиянат жасамау-рухани деңгей,
Ақиқат-интелектуалды деңгей.
Сүйіспеншілік-адамгершілік деңгей,
Тыныштық-эмоциялық деңгей,
Дұрыс әрекет-физикалық деңгей.
Ержан: Әке... Осы сөзді айтсам,бір түрлі қанат біткендей, құс сияқты қалықтайдындай сезімде боламын. Арманға жетелеп, ерлікті білдіріп, алдыңа күннің бар жарық нұрын өзіне жиып алып, соған қарай төніп тұрған шыңды көргендей боламын. Нұрға бөленген мейірлі де, мейірімді, тірек болар, пана болар, жол көрсетер шың - әке. Иә, әке-асқар тау, асқар шың.
Әкенің мейірімі, басыңнан сипап күле қарағаны жаныңа жаз самалындай әсер етеді. Құшағына еніп көрші, ол құшақтан босағың келмейді. Әкенің жылы жүрегінен еркелетіп айтқан әр сөзді жүрегіңнің бір бөлігіне барып мәңгілік өнеге болып құйылып жатқандай. Осындай мейірімді, жылы жанды адам мені мына өмірдің кейбір қиыншылығынан қорғап, асқар белдерінен демеп асырып, сылдырап аққан бұлағынан нәр беріп, алып бәйтерегімен өмірдің аптабынан қорғап тұрған асқар тау сияқты көрінеді. Әке- әркімге де асқар тау, ана-өмір сыйлап, нәр берер бұлақ, бала-жағасындағы балауса құрақ. Әр әке арманы - құрақтың өсіп қатаюы, шыбықтың шыңдағы шынар боп өсуі, балапанын өз елінің аспанында қалықтар қыранға айналуы деп білемін.
Айгерім "Әке"
Мұқағали Мақатаев Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі - кезі келгенде тасып та алам, Кезі - кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң. Құры алақан емеспін қуаныштан, Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан. Бір арыстан өмірден өткенімен, Өмір сүріп келеді тірі арыстан. Өкінбе, әке, отың бар сөнбейтұғын, Ол мәңгілік жанады көрмей тыным. Ұрпағың бар, ел менен ер намысын, Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын.
Аружан: Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі.
1-топ Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды.
Сағадат
Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім.Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс.
Аида
Тек ақиқат білім ғана күндік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. Ғылым-үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері,тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді.
Меруерт
"Ақиқат ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен қолданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі.
Айгерім
Акикаттың айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап етеді. Ақиқаттың объективтілігі — тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады.
Аружан: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Сүйіспеншілік тобы.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген