"Адал ұстаз.Заманауи мұғалім" эссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Адал ұстаз.Заманауи мұғалім" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
"Адал ұстаз"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адал ұстаз. Заманауи мұғалім

Адал ұстаз – шәкірттеріне білім берумен қатар жүрегіне адамгершілік, әділдік, мейірімділік сияқты қасиеттерді сіңіретін жан. Мұғалімнің адалдығы оның оқушылармен қарым-қатынасында, оларға деген шынайы қамқорлығында көрінеді. Адал ұстаз – өз ісіне берілген, өзінің қызметін адал атқаратын, шәкірттеріне үлгі болатын тұлға.

Адал ұстаздың басты мақсаты – шәкірттерін өмірдің әр саласында табысқа жетелейтін жолға салу. Ол баланың жүрегіне шынайы білімнің дәнін егіп, адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетеді. Мұндай ұстаздың тәлімі ешқашан ұмытылмайды, ол әрқашан шәкірттің жүрегінде мәңгілікке қалады.Адалдықтың ақ туын ұстаған ұстаздарымыз Ы.Алтынсарин.А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов ұстаздық жолында тек білім беріп қана қоймай, шәкірттеріне адалдық пен әділдіктің, ізгілік пен адамгершіліктің үлгісін көрсете білген тұлғалар.Олар адалдықтың үлгісін көрсетіп, қазақ халқының болашағы үшін күресіп, шәкірттеріне ұлтжандылық пен адалдықты сіңірді,шындықты іздеуді және өз жолынан таймауды үйретті.А.Байтұрсынұлының «Адамға ең қымбат – ар мен намыс. Арлы адам – адаспайды»,-деген сөздері өмірлік ұстанымын және адамгершілікке, адалдыққа деген көзқарасын көрсетеді. Ол ар-намысты жоғары қоя отырып, адамның өмірдегі ең басты құндылықтарының бірі ретінде адалдықты дәріптеген.

Заманауи ұстаз ретінде шәкірттерге адалдықты үйрету өте маңызды, өйткені бұл қасиет олардың болашақта жауапты, әділ, және сенімді тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. «Шәкірттеріме адал болуды қалай үйретемін?» ,-деген сұрақ бәрімізді ойландырады.Балалар мен жасөспірімдер көбінесе өздерінің ұстаздарына қарап үлгі алады. Сіз өзіңіз адал бола отырып, оларға адалдықтың нақты көрінісін көрсетесіз. Бұл шынайы қарым-қатынас, шындықты айту, әділдікке басымдық беру,өз пікірін еркін білдіру және уәделеріңізді орындау арқылы жүзеге асады. Сонда ғана қазақтың ұлы ханы Абылай хандай әрқашан өз халқының мүддесін қорғап, әділ шешімдер қабылдаған, өз халқына адал болып, қазақ елінің бірлігін сақтаған ұрпақты тәрбиелейміз. «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол! Алдама, өтірік айтпа» — деген ұлы Абай атамыздың дана сөздерін көкейіне түйген адал.әділ қоғам қалыптастырамыз.

Елдің абыройын асқақтатып, мәртебесін өсіретін, мәңгілік елдің адал ұрпақтарын қалыптастыратын, ел болашағын тәрбиелейтін ұстаздарымыздың, заманның ағымына іліскен заманауи мамандарымыздың еңбегі өлшеусіз. Адал ұстаз -тәуелсіз елдің сөнбес нұры, шамшырағы, мәңгілік елдің сәулесі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2024
655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі