Материалдар / Адалдық - адамгершілік белгісі

Адалдық - адамгершілік белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Адалдық - адамгершілік белгісі
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«БЕКІТЕМІН»

«Каспий» жоғары педагогика

және салалық технологиялар

колледжі директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

__________Әмірбекова Г.С

«____»____________ 2024 ж.








ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: «Адалдық – адамгершілік белгісі»










Өткізген: Амантұрлы Ж.О.

2ИББ-23 б/б тобы















2024-2025 оқу жылдары

Тақырыбы: «Адалдық – адамгершілік белгісі»

Апта дәйексөзі: Ынтымақ – бұзылмайтын қорған

Тәрбие сағаттың мақсаты: Студенттерге адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру. Адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру; Студенттердің адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Сәлеметсіздер ме, құрметті студенттер! Бүгінгі колледжге білім алуға келген талаптарыңызға нұр жаусын! Сіздермен өткізілгелі отырған алғашқы сабағымызды «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Адалдық өмірінде керек нәрсе, Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе. Халыққа өз пайдасын тигізе алмай, Адам боп, өзін - өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата - анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық – адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағаты.

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи. Ғибадат пен адалдық ар үшін жи. Шәкәрім Құдайбердиев

Студенттерге сұрақтар ұсынылады:

- Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

- Сендердің де адал достарың бар ма?

- Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?

- «Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?

- «Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?

«Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады.

Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады», деді Президент.

Әділетті Қазақстан және адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс.

«Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге, жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс» деп Мемлекет басшысы атап өткендей, осы сөздерді іспен орындай білуіміз керек.

Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.

Тәрбие сағаттан алған әсерлеріңізді стикерге жазып тақтаға жабысты-рамыз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз керек. Оны тек Президенттің өзі ғана жүзеге асырмайды. Сондықтан аймақтық деңгейдегі осы тетіктің жұмыс істеу қабілеті мен нәтижелері үнемі бақыланып, есеп беріліп отырылуы тиіс. Демократияның айқын көрінісі айшықтала түсуі қазіргі кезеңде өте маңызды. Себебі, біз «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдарын ерекше құндылықтар ретінде дәріптеп қана өркениетті елдің қатарына қосыла аламыз

Адамдық борыш ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін.

Серт берген еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін.

Деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз!

Қош, сау болыңыздар!















































Хаттама_____


Орны: «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі

Уақыты: 23.12.2023.

Отырыс: 507 каб.

Тобы: 2ИББ-23 б/б

Барлығы: 25 студент

Қатысқандар: 23 студент



Күн тәртібінде:


  1. «Адалдық – адамгершілік белгісі»

  2. Әртүрлі мәселелер


Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша топ кураторы сөз алып, «Адалдық – адамгершілік белгісі» тақырыбында өткен тәрбие сағаты жақсы деңгейде өтті. Студенттер берілген сұрақтарға жауап беріп, ғұлама ғалымдардың нақыл сөздерін ортаға салды. Студенттер тақпақтар айтып, ән орындалды. Сөз қорытындысы «Әділетті Қазақстан» мен «Адал азамат» ұғымдарын дәріптеумен аяқталды.





Шешім:

  1. «Адалдық – адамгершілік белгісі» тақырыбында өткен тәрбие сағаты «жақсы» деп бағалансын.

  2. 2-мәселе бойынша студенттерді іс – шараларға қатыстыра отырып, олардың шығармашылықтарын шыңдау,топтағы студенттердің сабаққа қатысын және форма сақтау керектігі айтылды.

  3. Осы айтылған мәселелер орындалысы Ж.Амантұрлыға міндеттелсін, студенттердің сабаққа қатысы, кешікпеуі, колледждің формасы сақталуы топ старостасына жүктелсін.



Жиналыс төрайымы: Ж.Амантұрлы

Жиналыс хатшысы: М.Козденова




ЖИ арқылы жасау
23 Ақпан 2025
122
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі