жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адалдық-адамдықтың белгісі
Сабақ жоспары
Тақырып: Адалдық – адамдықтың белгісі
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: мәңгілікті уақытшадан, шындықты жалғаннан ажыраты білу, жауапкершілік.
Мұғалім: Абубакирова Мадина
Күні: 15.20.12.2017ж
|
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы адалдық қасиеті негізінде ақиқат құндылығын ашу. Сабақтың міндеттері: 1. Оқушыларға мәңгілікті уақытшадан ажырату
керектігін түсіндіру. |
Ресурстар: оқулық, дәптер, маркер, бейнепроектор, ән мәтіні |
|
Сабақтыңбарысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин) 2. Тыныштық сәті. Жарық. (3-5 мин) Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу үстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырыңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұрдан сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Енді көзіңізді ашуға болады. Тыныштық сәтінде қандай әсер алдыңыздар? |
Сабақ барысын талдау |
|
3. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин) «Темірқазық»
әңгімесі |
|
|
4. Дәйексөз. (5 мин) «Ақиқат жол – жөнекей жұлып ала салатын гүл
емес, |
|
|
5.Әңгімелеу . (9 мин) Аңыз әңгіме: Адам ақиқатты қалай
таниды? |
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин) Жағдаятты талдау: Талғат теледидардан спорттық бағдарламаны қарап отырған еді. Сол мезет інісі жүгіріп келіп «Сізді досыңыз Самат телефонға шақырады» деді. Талғат бағдарламаны үзгісі келмей «Мені жоқ деп айта салшы» деді. Сұрақтар: Талғаттың әрекеті туралы не айтасыз? Сіз Талғаттың орнында болсаңыз не істер едіңіз? Асан көрші досы Маратқа үйін көшірісуге көмектесемін деп, уәде беріп қойған еді. Сол күні мұғалім бақылау жұмысына дайындалып келуді тапсырды. Асан Маратқа көмектесіп келіп, шаршап ұйықтап қалуы себепті, бақылау жұмысына дайындала алмады. Таңертең Асан ұйқыдан тұрған соң «бақылау жұмысынан құлаймын» деп ойлап, «Неге сабаққа бармайсың?» деген анасына «басым ауырып тұр» деп айта салды. Оның өзіне де басы ауырып тұрғандай болып көрінеді. Сіз Асанның орнында болсаңыз не істер едіңіз? Әсел туған күніне жаңа көйлек киіп келді. Әселдің көйлегі өзіне қонымсыздау тұрды. Сыныптағы Алма Әселге «көйлегің өзіңе тамаша жарасып тұр» деп айтты. Алма неліктен Әселге «Көйлегің өзіне тамаша жарасып тұр» деді? Сіз Алманың орнында болсаңыз не айтар едіңіз? |
|
|
7.Топпен ән айту. (3 мин) Оқушылар өздері қалаған көңілді әнді бірге орындайды. |
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин) Қ.Толыбаев «Ақиқат» мәтінін оқу. |
|
|
9.Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (2 мин) Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады» |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген