Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адалдық-адамдықтың белгісі. Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Адалдық туралы сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: « »

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

« Адалдық-адамдықтың белгісі» сынып сағаты

Қауіпсіздік сабағы №7

«СУПЕРМАРКЕТТЕ ӨНІМДЕРДІ ТАҢДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

ҚТ №11 «Мектептегі тәртіп сақтау ережелері: сабаққа дейінгі, қоңыраулардағы, сабақ барысындағы, сабақ аяқталғаннан кейінгі»

ҚАҢТАР – ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ


2-апта дәйексөзі:

Талап бар жерде тәртіп бар

Құндылық

заң және тәртіп

Индикаторлар

Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін білу

Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын білу

Сабақтың барысы

Сынып сағат кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Рес

урс

тар

Басы

7 мин

Психологиялық дайындық







- Мұғалім:

-Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адалдық, ар-ұят ұғымдарымен танысамыз, осы сөздердің мәнін тереңнен түсінетін боламыз.

Алдымен адам бойындағы асыл қасиеттермен танысайық.:

Сұрақ-жауап:

-Әдептілік деген не?

-Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

-

(балалардың түсінбеген ұғымдарын мұғалім түсіндіріп, өмірден нақты мысалдар келтіріп айтады.)











Оқушылар адам бойындағы асыл қасиеттермен танысады, әр қасиет туралы қысқаша айтып өтеді.Осы қасиеттерге байланысты болған әртүрлі жағдаяттар мен оқиғалардан мысалдар келтіреді. Мысалы:

1-оқушы:

Әдепті және кішіпейіл бала жаман сөздер айтпайды, достарын ренжітпейді, мазақтамайды, барлық балалармен тату болады.

2-оқушы:

Шын достар бір-біріне қолдау көрсетеді, қиындық болғанда көмекке келеді, сатып кетпейді. т.б.

Слайд





















слайд














Ортасы

23 мин

Мұғалім:

-Осы асыл қасиеттердің ішінде адалдық ұғымына тоқталайық.


Мұғалім:

Енді , топпен жұмыс жасайық.

Түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырайық.






























-Енді, адалдық ,ар-ұят ұғымдарын тереңірек түсіну үшін бейнефильмге назар аударайық.

Бейнефильм бойынша сұрақ-жауап



Топтық жұмыс

Оқушылар жағдаятты талқылап, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді, жағдаяттан шығудың дұрыс жолдарын ұсынады.

1-топ. Болашақ

Ержасын мен Темірлан тату, дос. Екеуі бірге ойнайды, мектеп асханасына бірге барып,кітапханадан бірге барып кітап алады. Қашан көрсең де егіз қозыдай бірге жүргені. Сейсенбі күні математикадан бақылау жұмысы болды. Неге екені белгісіз сол, бақылау жұмысынан кейін екі достың арасынан бір сызаттың түскенін, мұғалімі де оқушылар да тез байқады. Екеуі бір-біріне жоламайды Ержасын өз бетінше сабаққа дайындалып отырады, ал Темірлан қоңырауда өзге сыныптағы балалармен ойнайтын болды.Сабақтан кейін мұғалім екі досты шақырып алып, ұзақ сөйлесті. Темірлан: « Бақылау жұмысы кезінде Ержасын дайын есептерді көшіріп алуға дәптерін бермеді және өзің шығар деп қарамай қойды»-мен енді онымен дос болғым келмейді деді. Ал Ержасын болса шын кінәлі кісіше басын төмен салбыратып, досына кінәлі көзбен қарады.

2-топ. Зерделі

Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
    Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады. 
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
   Сонда досы:  «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.


Балалар көрген бейнефильм бойынша сұрақтарға жауап береді қорытынды жасайды.




























































https://www.youtube.com/watch?v=f2J53JvJ2j8







7 САБАҚ. «СУПЕРМАРКЕТТЕ ӨНІМДЕРДІ ТАҢДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ»

Сабақтың мақсаты: өнім сапасына және тұтыну мәдениетіне белсенді танымдық қызығушылықты қалыптастыру. Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі Жағымды мотивациялық көзқарасты қалыптастыру (1-2 мин).

2. Мақсат қою. Тақырыптың анықтамасы Балалардың диалогі тыңдалады.


-Балалар, мына оқушылардың қандай қызықты және көзқарастары мүлде басқа екенін көріп тұрсыңдар. Айтыңдаршы, сауатты тұтынушы деген нені білдіреді? Бүгін біз супермаркетте тағам таңдау ережелері туралы айтатын боламыз.

3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау Адам дүниеге келген сәттен бастап тұтынушыға айналады. Өмірі мен қызметіне, жұмысы мен оқуына, күнделікті өмірі мен демалысына қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу арқылы әрбір адам тұтынушыға айналады. 6 жастан асқан балалар шағын тұрмыстық операцияларды өз бетінше жүзеге асыруға, мысалы, балмұздақ, шырын, тоқаш, мектеп асханасында түскі асқа төлеуге немесе киноға билет сатып алуға құқылы. Заң сатушыны, өндірушіні және орындаушыны сатып алушыны толық және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге міндеттейді.

4. Бастапқы білімді игеру және түсінгенін тексеру Педагог: Ендеше біз зерттеу нәтижелерін күтеміз. Педагог шағын зерттеу нәтижелерін тыңдап, оларға түсініктеме береді. Салауатты және қауіпсіз өнімдерді таңдау ережелерін құрастыру. «Адасқан сөздер» ойыны 1. Балалар, адасқан сөздерден денсаулыққа пайдалы және қауіпсіз өнімдерді таңдау ережелерін құрастыруды ұсынамын. (азық-түлік сатып алғанда оның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз). 2. (өнімдердің құрамын мұқият қараңыз). 3. (әртүрлі ақпарат көздерінен өнімнің құрамдас бөліктерінің қауіпті екенін тексеріңіз).

5. Қорытынды Рефлексия. «Салауатты өмір салты» - Бүгін қандай қорытынды жасаймыз? (Сіз әртүрлі және қауіпсіз тағамдарды жеуіңіз керек және оны дұрыс таңдау ережелерін білуіңіз керек!).






Балалар диалог құрады


1-оқушы: Қауіпті өнімдер бар ма?


2-оқушы: Ешқандай тағамның зияны жоқ деп ойлаймын. Өйткені, ол дүкенде сатылады! Мен үшін бәрі пайдалы, мен дәмдінің бәрін жеймін! Маған әдемі қаптамадағы кез келген тағам ұнайды және оның зияны жоқ деп ойлаймын.


3-оқушы: Менің ойымша, зиянды тағамдар бар.


4-оқушы: Кейбір тағамдық қоспалар адам денсаулығына қауіпті деп естідім. Сондықтан мен дүкендерде өнімдерді өте мұқият таңдаймын. Өйткені, менің денсаулығым мен үшін өте құнды және мен оны тәуекелге салғым келмейді.






Топтық жұмыс


Топ өкілдері өнімдер туралы білгендерін ортаға салады. Денсаулыққа пайдалы өнімдер жасыл жәшікке, өмірі мен денсаулығына қауіпті – қызыл жәшікке салынады.



Пайдалы өнімдері бар карточкалар «СӨС» жазбасының айналасындағы тақтаға бекітіледі, балалар сабақта жаңа және пайдалы нәрселерді білгендерін айтады























Пайдалы сілеме:


https://youtu.be/Zm_XMz91Nj8?si=-5BOpyehY9iRgTeQ



Соңы

5 мин

ҚТ №11 «Мектептегі тәртіп сақтау ережелері: сабаққа дейінгі, қоңыраулардағы, сабақ барысындағы, сабақ аяқталғаннан кейінгі»


-Мұғалімнің қорытынды сөзі:

алалар, біз күнделікті өмірде ар-ұяты жоғары, адалдық қасиетті бойына сіңірген адамдарды көріп жүрміз. Ондай адамдар, досын сатып кетпейді, сені біреуге барып жамандамайды, сенің немесе басқа адамның жасаған іс-әрекетіне әділ көзқараспен қарайды, шындықты айтады,өтірік айтпайды, біреуге жала жаппайды.




Оқушылар мектептегі тәртіп сақтау ережелерін құрады.


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2025
124
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12