Материалдар / Адалдық сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адалдық сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Адалдық сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2024
26
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың  теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы


Мақсаттары

өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың  теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін кеңінен түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарын, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарларын, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктерін түсіндіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі кездесуіміздің мақсаты болады.

 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында Елбасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейтілетінін атап өтті.

     Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы да өзінің сайлауалды бағдарламасында жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді.

Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

адамның басты құндылықтарын насихаттайтын боламыз. Олар:

Адалдық

Парасаттылық

Әділдік

Сенім

Жалпы, бұл қасиетті ұғымдар қазақ болмысына жат емес.

Осы құндылықтардың арқасында туыстас тайпалар бірігіп, Қазақ хандығының негізі қаланды. Ұлан-асыр жеріміз, төл мәдениетіміз, тарихымыз сақталып, бізге аманат етіп тапсырылды.Қазақ хандығын басқарған хандар елде тәртіп, әділдік болсын деген мақсатпен заңдар шығарды. Сол заңдарды бірге еске түсірейік.



Оқушылардың Жауаптары:


Әрине, ол «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Қазақ қоғамында қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелерінің әділдігі, Отанға және отбасыға деген адалдық, жаратушыға деген сенім халқымыздың осы дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарымен қамтамасыз етілді.

Еліміздің «Қазақстан-2050» Стратегияда сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіп-қатер ретінде көрсетілген. 2014 жылы 26 желтоқсанда 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданды. «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Тікелей Президентке бағынатын жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызмет етуде.Атаулары көрсетіп отырғандай, Заңның да, Агенттіктің де басты мақсаты – әлеуметтік дерттің алдын алу болып табылады.



презентация

Сабақтың ортасы

Сыбайлас  жемқорлық деген не? (еске түсірейік)

«Коррупция» (сыбайлас жемқорлық)–латын тілінен аударғанда «бұзу» немесе

 «сатып алу» деген ұғымды білдіреді.«Сыбайлас жемқорлық- бұл жеке мақсаттарында пайда көру үшін мемлекеттік билікті пайдалану»

Стратегияның мақсаттары ретінде келесілер айқындалған:

- жемқорлық масштабын азайту;

- мемлекеттік органдардың ашықтығы;

- квазимемлекеттік және жеке секторлардың ашықтығы.

Квазимемлекеттік деген не? Ол мемлекеттің жеке секторға қатысты негізгі үлгісі бар кәсіпорындар.

 


Оқушылар

Сыбайлас Жемқорлыққа постер қорғайды




  (адалдық, парасатылық, әділдік, сенім туралы мысалдар келтіру)


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Адалдықтың таза ниет,ақ көңіл,имандылық қасиеттен туындаған адам бойындағы асыл құндылықтар екендігін айтады.Әр адамның өзіне тапсырылған іске жауапкершілікпен қарап оны адал ниетпен орындай алуының мәдениетілікті көрсететіндігіне де назар аудартады.Әрқашан әділ сөйлепшынайы пікір білдірген адам ғана адал бола алатынын айтып мұғалім балаларды ар-ұждан тазалығына әділдікке шақрады.Мұғалімнің сөзін оқушылр жалғастырады.Әр оқушы берілген сұрақтарға сәйкес әділдік пен адалдық туралы өз ойын айтады.

Тәрбие сағатында олар өз бойларына адалдық пен шындық қасиеттерін қалыптастыра отырып, жеке тұлға мінез-құлқының жағымды қалыптасуына әсер алды.



презентация





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!