400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адалдық туралы сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныпқа арналған. сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Адалдық пен әділдік» сынып сағаты

Тақырыбы: «Адалдық пен әділдік»

Мақсаты: Балаларға  адалдық  пен  әділдік  туралы  түсінік  беру. Адами  қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру,балалардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету, балаларды адалдыққа,қамқорлыққа,әділдікке  және шынайылыққа тәрбиелеу.                

                                             Шаттық шеңбері

 

«Кел, балалар күлейік»
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!

 

      Қ.Нақысбековтың  «Арың-адал,әділ  болсаң  әрқашан» өлеңін мәнерлеп оқу.

Білім мен өнерді сүй, сусуында,                                                           

Деп айтсын ел: Осындай ер тусында!

Арың-адал, әділ болсаң әрқашан                                                

Дүниенің бар бақыты уысыңда...                                                                       

Түспегені абзал ғой арға дақтың,                                 

Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың.                                      

Адал адам әрқашан-еңсесі тік,

Әділдікті ту еткін, қолғанатым.

 

Әңгімелесу

Ойланайық,пікірлесейік”атты айдарынан берілген  сұрақтарға әңгіме жүргізу.   

1.Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?      

2.Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?Неліктен?               

3.Әділ болу оңай ма?                              

 

Мақал-мәтелдер  оқып  мағынасын  талдау.

1.Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. 

2.Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде. 

3.Кішіпейілділік - кісінің көркі.  

4.Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені. 

 

                                            Жағдаятты  сахналап, талдау

1-жағдаят.Дүкеннен  азық-түлік  алып  келе  жатқан  атаны  Аймира  байқамай  қағып  өтті.

-Ал  Аймира  не  істейсің  енді?

-Балалар  қалай  ойлайсыңдар  Аймираның  іс-әрекеті  дұрыс  болды  ма?

2-жағдаят.Радмир  жүгіріп  ойнап  жүріп  әжесінің  келе  жатқанын  көрмей  құлатып  алды.-Радмир    сен  осы  жаідайда  не  істер  едің?

-Балалар  сендер  не  істер  едіңдер?

Shape1 Shape2

 Қорытынды:                                

Жүректен жүрекке:Балалар  шеңбер  бойымен  отырып,ойыншықты  беру  арқылы  бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтады.

-Денсаулық  мықты  болсын;

-Ақылды  бол;

-Адал  бол;

-Ажарлы  бол;

-Достарың  көп  болсын т.с.с.





Тексерілді: ………………………………………………………………………









Сырбек Каттебеков атындағы жббм









Сынып сағаты



Shape3

«Адалдық – адамдықтың белгісі»















Сынып жетекшісі:











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
08.10.2025
33
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі