Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам-әлем бөлшегі 4курс Адам-әлем бөлшегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Санақ Аяжан
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырып: Адам-әлем бөлшегі

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: ар-ұждан, шыншылдық, әділеттілік,.

Мұғалiм: Санақ Аяжан

Сынып: 8

Сабақ мақсаты:оқушыларға ар-ұждан арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

- оқушыларды өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге шыншылдыққа, әділдікке тәрбиелеу;

- оқушыларды ізгі істерге жетелейтін ар-ұждан мәнін ашу;

- өмірде әділетті болуға, дұрыс өмір сүруге үйрету

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)Нұрға бөлеу.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Елге деген махаббат» Қ. Мырза Әли

-Елге, жерге деген махаббатты немен түсіндірер едіңдер?

- Өздерің елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?

-Елің, жерің үшін жасаған азаматтың ерлікке жата ма?

Сабақ барысын талқылау:

3.Дәйексөзді түсіндіру:

Адам –ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары іздеген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзелген өз ғаламын болған дана Ақжан Әл-Машани

1.Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

2.Адамның өзіне байланысты деп ойлайсызба белгілі бір мақсатқа жету?


4. Әңгiмелеу.

Аңыз әңгіме: Ақиқат іздеген адам

Баяғы өткен заманда бір адам өмір сүріпті. Ол көп оқып, ғұламалардан дәріс алған,бірақ оған ол аз болып Ақиқатты іздеуге шығады.Биік таудың басында сол Ақиқатты білуші Ұстаз тұрады екен.Оны естіген іздеуші Ұстазды іздеп жолға шығады.Ол ұзақ жүреді.Киімдері жыртылады,тырнақтары сынады, шаршап шалдығып әзер дегенде Ұстаздың үйін табады.Үйге кірсе, Ұстаз үйінде екен.Ол кіре сала Ақиқаттың қайда екедігін сұрайды.Ұстаз сәл ойланып, оның кепкен құдықтың түбінде қобдиша бар екендігін айтады.Сол қобдишаның ішінде деп айтады да кіруін сұрайды. Бірақ іздеуші құдықты көп кешікпей тауып алады. Құдыққа үңіліп қараса, құдық өте терең екен.Аяғы тайып кетіп,құдықтың ішіне құлап , басын тасқа ұрып алады. Есін жиып қараса,әлгі қобдиша алдына жатыр екен. Дереу қбдишаны ашса,ішінде ақ қағаз жатыр екен.Ішінде «Ақиқат сенің ар-ұжданың,ол сенің жүрегіңде» деп жазылыпты. Сода іздеуші Ақиқатты өз жүрегінде екендігін түсінді.

Сұрақтар:

1.Аңыздағы ұстазды, құдықты, қобдишаны неге теңеуге болады?

2.Қандай адамгершілік қасиеттер арқылы жүрегімізді аша аламыз?

3.Біздің жан дүниемізде қандай рухани құндылықтар өмір сүреді?




4.Шығармашылық тапсырма

1-топ. Адам мен әлемнің байланысын зерттеу

2-топ Адам мен әлемге қатысыты сурет салу

3-Адам мен әлем постер



4. Топпен ән айту

Ақ көгершін /Мұғалім балалармен қосылып ән айтады/

Сөзі: Н. Баймұғамедов

Әні: А Жұбанов

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт, ел ушін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Ұшырамын қолымнан.

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.


Көзін сенен алмайды

Ақ ниеті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралаған.


Тыныш бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына




5.Үй тапсырмасы: «Әлемнің жеті кереметі» материал жинақтау

«Қазақстанның жеті кереметі»



6.Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен сұлулық мен сүйіспеншілікті үйлестіре отырып, бізді қоршаған орта үнемі өзгеріп отырады. Тек адам баласы ғана осындай талай ғасыр, мыңдаған жылдар бойы бұрын қандай болса, қазір де сол қалпында өзгеріссіз, өмір сүруде: бұрын қалай сүйсе, бүгін тап солай сүйеді.

Көздеріңізді жаймен ашыңыздар, сабаққа қатысқандарың үшін рахмет







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12