Адам анатомиясы : ағза жүйелері мен денсаулық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адам анатомиясы : ағза жүйелері мен денсаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология және денсаулық жайында айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

Бұл авторлық бағдарлама 8-сынып биология пәніне арналған. Авторлық бағдарламада «Адам анатомиясы: ағза жүйелері мен денсаулық» жаратылыстану- ғылыми сауаттылыққа негізделген тапсырмалар алған. Оқушылар алған білімдерін шынайы өмірде қолдануға негізделген.

8-сыныптың "Биология" пәнінде қолдануға тиімді түрлі тақырыптық тапсырмалар мен сабақтан тыс тың мәліметтерді қамтиды. Бағдарламада оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда тақырыптан тыс тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Түрлі тапсырмалар оқушыларды белсенділікке функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар құрастыру, олардың оқушылардың білім сапасына әсерін анықтау және оқу үдерісінде тиімді пайдалану жолдары қарастырылады. Бағдарламада адам ағзасының негізгі жүйелері – тірек-қимыл, тыныс алу, қанайналым, ас қорыту және зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты қарастырады. Бағдарламаның басты ерекшелігі – оқушыларға тек ғылыми білім берумен шектелмей, олардың денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған.Бағдарлама 34 сағат аптасына 1 сағатқа есептелген және жалпы білім беретін мектептердің 8-сынып оқушыларына арналған. Әрбір сабақ оқушының танымдық қызығушылығын арттырып, алған білімін өмірмен байланыстыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға жағдай жасайды. Бағдарламаның өзектілігі: қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтына баулу – білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл бағдарлама арқылы оқушылар ағза жүйелерінің қызметін түсініп қана қоймай, денсаулықты қорғаудың маңыздылығын саналы түрде ұғынады. Бағдарлама мақсаты: Оқушыларға адам ағзасының негізгі жүйелері мен олардың қызметін меңгерту, салауатты өмір салтының денсаулық үшін маңызын түсіндіру, күнделікті өмірде қолдана алатын дағдылар қалыптастыру.

Бағдарлама міндеті:.

-Адам ағзасы жүйелерінің құрылымын ғылыми негізде оқыту;
-Әрбір жүйенің қызметін өмірлік жағдайлармен байланыстыру;
-Салауатты өмір салтын ұстанудың жолдарын үйрету;
-Денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру;
- Зиянды әдеттердің ағзаға әсерін түсіндіріп, алдын алу жолдарын көрсету.
Білім берудегі адам анатомиясы мен салауатты өмір салты негіздері арасындағы байланыстар теориясы. Функционалдық сауаттылықтың психологиялық-педагогикалық аспектілері. Құзыреттілікке негізделген оқыту теориясы (PISA, TIMSS және басқа халықаралық зерттеулерге сәйкес).STEM-білім беру тұжырымдамасы. Тапсырмаларды құру әдістері (Биолгия мен салауаттанудың өзара байланысын көрсететін өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмалар).Интерактивті және сараланған оқыту тәсілдерін қолдану. Тапсырмалар бойынша нәтижелер функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдістерін анықтауға биология сабақтарының мазмұнын жетілдіруге бағытталады.

Бұл авторлық жұмыс білім беру жүйесінде жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізуге бағытталған. Оның жаңашылдығы келесі аспектілермен анықталады: Биология және салауатты өмір салтын ғылымының байланысын тереңдету: Оқушылардың биология пәнін оқуда адам ағзасы жүйелерінің анатомиялық құрылыс ерешеліктерін, денсаулық мәдениетін ұстанудың өзара байланысын түсіне отырып, меңгеруіне мүмкіндік беру. Оқушылардың өз денсаулығы мен қоршаған ортадағы түрлі жағдаяарды салыстыра отырып, дұрыс шешім шығаруға бағытталған тапсырмалар арқылы білімін бекіту.Бағдарламада жинақталған тапсырмалар ғылыми-әдістемелік деңгейде жоғары сапалы және тиімді жұмыс жасау үшін қажетті құралдарды ұсынады. Оның деректерді өңдеу, талдау, модельдеу және визуализациялау мүмкіндіктері ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады. Қазіргі білім беру стандарттарына сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған ғылыми көзқарастарды қолданған. Адам анатомиясы және салауаттану ғылымыныдағы ортақ заңдылықтарды зерттеу және оларды оқыту әдістерін талдаған. Бұл жұмыс ғылыми тұрғыдан негізделген әдістерді қолданып, функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді жолдарын анықтауға бағытталған. Зерттеу нәтижелері білім беру саласындағы инновациялық әдістерді жетілдіруге және оқыту сапасын арттыруға үлес қосады.

Күтілетін нәтиже: Бағдарламаны меңгерген соң оқушылар:
1. Білу және түсіну деңгейі
- Адам ағзасының негізгі жүйелерін (тірек-қимыл, тыныс алу, қанайналым, ас қорыту, зәр шығару) біледі;
- Әр жүйенің ағзадағы рөлін түсінеді;
- Денсаулық пен салауатты өмір салтының арасындағы байланысты түсіндіреді.
2. Қолдану деңгейі
- Сурет, кесте, сызбанұсқа арқылы ағза жүйелерін талдайды;
- Әр жүйенің қызметін өмірлік мысалдармен байланыстырады;
- Тәжірибелік тапсырмаларды орындай алады.
3. Талдау және жинақтау деңгейі
- Зиянды әдеттердің ағзаға әсерін дәлелдермен түсіндіреді;
- Әр түрлі жағдайды талдап, денсаулыққа әсерін бағалайды;
- Салауатты өмір салтына қатысты жеке ұсыныстар жасай алады.
4. Бағалау және шығармашылық деңгейі
- Денсаулықты сақтау мәдениетінің маңызын бағалайды;
- Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйренеді;
- Денсаулықты нығайтуға арналған жеке жобалар мен постерлер жасай алады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.00.2025
86
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі