Материалдар / Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.

Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
987
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:дүниетануКүні:Тақырыбы: Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі.Мақсаты: 1.Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі туралы түсінік беру. 2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын ,жүйелі түрде мазмұндау қабілеттерін дамыту. 3.Айналадағы қоршаған ортаны қорғауға ,тазалығын сақтауға тәрбиелеу.Сабақ түрі:Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірліктерін тексеру,назарын сабаққа аударуІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:-Қандай құбылыстардың әсерінен жер беті өзгеріске ұшырайды?-Бұзылған тау жыныстары қалай тасымалданады?-Терең шатқалдар қалай пайда болған? Мазмұнын сұрауІІІ.. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау «Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі»ІҮ.. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
  • Адам жер бетін қалай өзгертеді деп ойлайсыңдар? Оқулық бойынша түсіндіру.
«Оба»дегеніміз 15-20 метр болатын қолдан үйілген төбе.Оба ертеде ,жаугершілік заманда жау әскерін алыстан байқау үшін әдейі үйіліп жасалған.Сонымен бірге ертеде атақты адамдар жерленген моланың үстіне де үйілетін болған.Есік обасын айтуға болады.Обаның үстін көп уақыт өткендіктен өсімдік басып,табиғи төбе сияқты болып кеткен.«Террикондар» -- шахтадан кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері. Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп. Террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды.Қазір өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды.Көмірі таусылған ескі шахталардың орнын бос тау жыныстарымен толтырады.Бірқатары тегістеліп,террасарларға айналдырылады. Ол жерге құнарлы топырақ төгіліп,ағаш,бұта,шөп егіледі.Террикондардың біразы шахтер ауылына көрік беретін жасыл желекке айналды.Ашық карьерлерден өндірілген пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатын ашқандағы тау жыныстары төңірегінде тау-тау болып үйіледі. Ондай шағын таулар Қостанай облысындағы Арқалық боксит,Соколов –Сарыбай темір кені ,Қарағанды облысындағы Қоңырат мыс кені орнында кездеседі. Мұндай карьерлердің орнына қолдан көл жасап, айналасына ағаш отырғызған тиімді.Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады. Мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтынын ешкім ойлаған емес.20 ғасырдың орта тұсында ғана алғашқы қауіп дабылдары түсті. 1939жылы АҚШ-тың мұнайды көп өндіретін Калифорния аймағында жердің айтарлықтай қозғалғаны сезілген. Мұнай мен газ өндірген жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағанысебеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 м дейін шөккен.Нәтижесінде қалалар көп зиян шекті.Жер бетінің шөгуі тездеп,жылына 80см. жеткен.Ғалымдар бұл залалдан құтылу жолын жедел іздестірді. Ақыры бос орынға су айдап толтыруды шешті. Тәжірибе бірден оң нәтиже берді.Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде газ бен мұнай өндірілетін аймақтарда жер қойнауында міндетті түрде су жіберілетін болды.Оқулықпен жұмыс.Тізбектей дауыстап оқыту. Дәптермен жұмыс.Күн ретін,ауа райын жазу. Адамдардың қандай әрекетінен жер беті өзгеріске ұшырайтынын жазып шығу.Сергіту сәті:V. Бекіту кезеңі: --Террикондар деген не? Олардың қандай зияны бар?-Ашық карьерлердің орнын қалай пайдалануға болады? -Оба дегегн не?Есік обасы туралы не білесің?-Мұнай мен газ алынған орынға су толтырудың маңызы бар ма? VI. Үйге тапсырма беру кезеңі: 19-22- беттерді оқу, мазмұны.Террикон, оба сөздерінің түсініктемесін жазу. Бағалау. Оқушыларды мадақтау
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ