![]()
І
Елге «етікші» деген атпен таныс, Семен әйел, бала-шағасымен бір мұжықтың үйін жалға алып тұрады. Етік тігуден тапқан ақша не тамаққа, не киімге жетпейтін.
«Қыстың қамын жазда ойла» деген бар. Алда қақаған қыс келе жатыр. Етікші мен әйелі екеуінде ортақ бір ғана тон бар-тын. Бірақ оның ӛзі тоз-тозы шығып, жыртылуға айналған. Ал етікшінің ендігі қайғысы қысқа жаңа тон тігіп алу үшін қой терісін сатып алу еді. Күзге қарай отбасының аузынан жырып, азын-аулақ пұл жиған. Қазір әйелінің сандықшасында қағаз үш сом және кӛрші ауылда біраз алажақ қарыз ақшасы бар еді. Сӛйтіп таңертеңгі астан соң етікші жейдесінің сыртынан әйелінің мақтадан тігілген күртешесін, мауыт жемпірін киді. Қағаз үш сомын қалтасына тӛрт бүктеп әдемілеп салып, қолына ұзын таяқ алып, кӛрші ауылдарға қарызын жинамаққа беттеді.
«Жігіттерден бес сомымды алсам, оған үш сомымды қосып, тон шығатындай үлкен тері сатып алам, ол тонды әйеліме кигізсем, сондай қуанып қалар еді. Маған майға піскен бауырсақты да пісіріп берер еді», – деп ойлап келеді.
Етікші ӛзіне қарыз адамның біреуінің үйіне келіп еді, ол жоқ болып шықты, екіншісінің үйінде әйелі ғана бар екен, бірақ ол күйеуінің жоқтығын сылтауратып,
«шалым келгесін қарызымды міндетті түрде қайтарамын», – деп шығарып салды. Ал үшінші біреуі «ақшам жоқ», – деп ант-су ішіп, тек жиырма тиын ғана берді.
Амалы жоқ етікші байғұс теріні қарызға сұрап кӛріп еді, сатушы кӛне қоймады.
-
«Қарыз – күліп кетіп, жылап келеді», – деген сӛз бар. Ақшаңды әкел де, қалағаныңды таңдап ал. Ертең қарызды ӛз аяғымызбен іздеп барар жағдай жоқ, – деді.
Сӛйтіп етікші Семеннің сапары сәтті бола қоймады. Тек, жиырма тиын мен бір кісінің: «жамап берші» деген етігін құшақтап үйіне қайтты. Жол-жӛнекей кӛңілін сергітіп алайын деп ол жиырма тиынға арақ алып ішті. Таңертең күн аяз секілді еді, асқазанға арақ түскен соң ба, дала жып-жылы болып кӛрінді. Бір қолымен шық түскен қамыстарды түртіп, бір қолымен етікті ары-бері бұлғап, ӛзімен-ӛзі сӛйлесіп келеді.
-
«Мен, – деді, ӛзіне-ӛзі – тонсыз да тоңып келе жатқан жоқпын. Маған оның түкке де керегі жоқ. Мен тонсыз да ӛмір сүре аламын. Міне, мен қандаймын, ә?!» – деп, еңсесін тіктеп, кеудесін ұрғылап қойды.
Кенет есіне әйелі түсіп кетті
-
Тек… әйеліме керек болмаса… Еріксіз ренжиді де екенсің, сен етігін тігіп бересің, ал ол ақыңды бермейді. Бәрі бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай. «Ақшам жоқ, ақшам жоқ» деп. Сенде ақша болмаса мен қайтпекпін. Маған қарағанда сенің баспанаң, қораң, мал-мүлкің бар. Ал менде олардың бірде-бірі жоқ. Осыдан келесіде ақшаны бермесең, басыңдағы тымағыңды жұлып аламын… Адамды алдап жиырма тиын ғана береді. Оған не келеді? Тек, ішуге ғана жетті. Ал маған нан сатып алу үшін елу тиын керек. Адамды аямайды, бұлар!». Осылайша ӛзімен-ӛзі күбірлеп етікші кішкентай шіркеудің қасына да жақындаған еді.
Алдынан ағараңдап бірдеңе кӛрінген сияқты болды. Бірақ күн қараңғы болған соң, анықтап ештемені кӛре алмады. «Мұнда ешқандай тас жоқ секілді еді ғой. Бұл не нәрсе болды? Мал дейін десем, малға ұқсамайды. Адам дейін десем, – аппақ. Оның үстіне мұнда адам не істемек?» деп ойлады. Жанына барып еді, анық байқалды. Адам екен. Қимылсыз. Не ӛлі, не тірі екені белгісіз? Жалаңаш күйде жатыр. Етікшінің денесі түршігіп, жүрегі тулап қоя берді. «Біреулер ӛлтіріп, киімін сыпырып алып, ӛзін тастап кеткен ғой… Қой, қасына барсам, басым бәлеге қалар, есім барда елімді табайын» деп сырт айналып кетпек болды. Тез-тез жылдам басып жүрмек болып еді, ішінде бір қызығушылық жібермеді. «Жарайды, тағы бір бақылайыншы» деп, шіркеудің артынан барып сығалап еді, жалаңаш адам кӛрінбеді. Шіркеуді қайта айналып келесі жағынан қараса, ӛлдіге жорыған адамы қимылдап жатыр екен. Етікшінің есі шығып кетті: «Әй, тірі ғой… Ал, енді не істеймін? Барсам ба, әлде кете берсем бе екен? Барсам, бәле болар ма, қандай адам екенін қайдан білемін. Жақсы адамдар жалаңаш жатпас болар… Егер жақындасам, мойнымнан қылғындырып, ӛлтірем десе не істемекпін?.. Бірақ, жалаңаш адам маған не істей алмақ. Егер ӛлтірмек болса, мен де қарап қалмаспын. Ал егер кӛмектессем үстімдегі киімімді шешіп беруге тура келеді. Қой, Құдай сақтасын!» деп, етікші жүрісін жылдамдатып шіркеуден тез-тез кетіп қалмақшы болды. Бірақ жүрейін
десе, кеудесінде жұдырықтай жүрегі әлденеге кінәлі секілді бір күйге түсіп, лүпілдеп қоя берді. Екі аяғы да осы халді сезгендей икемге келмейді. – «Семен, сен не істеп тұрсың? – деді ол ӛзіне. – Біреу қиналып, ӛлім аузында жатса, айналып қашқаның адамдыққа жата ма? Ол да сен секілді пенде ғой. Мүмкін ол тоңып, аш жатқан шығар. Мүмкін кӛмек керек болар. Егер бүйтіп кетіп бара жатқаныңды сезсе, «қайырымсыз екен» деп, ренжімей ме?» Осы ойлардан кейін, Семен кейін бұрылып, жерде жатқан адамға жай басып жақындады.
ІІ
Жалаңаш жатқан бейтаныстың бет-әлпеті кӛрікті екен, әрі жалпы сұлбасы қағілез секілді. Денесінен ешқандай жарақат ізі білінбейді. Суықтан болар, дір-дір етеді. Семен бетіне үңіліп еді, ол басын кӛтеріп, кӛзін ашты. Кӛзінің кірпіктері әлсін-әлсін қозғалады. Жанары мӛлтілдеп, жәудіреп, бұның келгеніне қуанғандай, кӛз ұшқынында бір үміт сәулесі жарқ етті. Мына кӛрініс Семеннің бүкіл күдігін жойып, аяушылық сезімін оятып жіберді. Қолындағы етігін жерге лақтыра салып, жүн шекпенін шешті де: – Тұр бауырым, қане, кел киіндірейін, – деді. Шынтағымен сүйемелдеп орнынан тұрғызды. Денесі тап-таза, қол-аяғы сынбаған бүтін, түрі сүйкімді екен. Семен оның иығына шекпенін жауып, белбеуін мықтап байлап берді. Басындағы жыртық бас киімін шешіп, кигізбек болып еді, ӛзінің басы жаурап кетті. «Әй, менің басымда, бір тал шаш жоқ тақыр, ал бұның самайында шашы бар, әрі қалың. Жаурай қоймас» деді де, бас киімін қайтадан ӛзі киіп алды. Одан да аяғына етік кигізейін» деп, әлгінде жамап беруге алған етікті кигізді.
-
Ал, бауырым, сәл қимылдап, денеңді жылытып ал. Қалғаны бір Құдайдың қолында. Жүре аласың ба? Анау Семенге риза және таңқалған кейіппен қарады.
-
Неменеге сӛйлемейсің? Осы жерде қыстаймысың. Үйіңе тез жетуің керек. Әлің жоқ болса, мә, мына менің таяғыма сүйеніп жүр. Енді есіңді жиуың керек! – деп таяғын қолына ұстатты да:
-
Ауылың қайда? – деп сұрады.
-
Бұл жақтың тұрғыны емеспін, – деді ол басын шайқап.
-
Білем. Мен мына жердің адамдарының барлығын жақсы танимын. Сені бірінші рет кӛріп тұрмын. Мұнда не істеп жүрсің?
-
Айтуға болмайды.
-
Қысылмай айта бер. Ешкімге айтпаймын. Мүмкін, біреулер тонап кеткен болар, ә? – деді жан-жағын сүзе қарап.
-
Жоқ, ешкім тиіспеді. Тек Құдай осылай жазалады, – деді күрсініп.
-
Әрине, бәрі Құдайдың қолында екені анық, бәлки біреудің қарызын бермей қойған шығарсың, – деді сыбырлап. Бейтаныс адам үндемеді.
-
Жарайды, енді қай жақта тұрасың, жеткізіп салайын.
-
Маған бәрібір, – деді ол.
Семен таң қалды. «Жынды дейін десең, сӛзі түзу, бірақ ӛзі жайлы айтқысы келмейтіні несі? Әй, адамның басынан не ӛтпейді, қиналып тұрған шығар», – деп ойлады Семен. – Олай болса, аздап ес жиғанша менің үйіме жүр, – деп етікші алдыға түсіп жол бастады. Әлгі бейтаныс Семеннін кӛлеңкесі секілді, артынан бір елі де қалар емес. Жел тұрып, Семеннің жейдесінің астынан уілдеп барады. Мастығы тарқап, тоңа бастады. Мұрнынан суы ағып, қалш-қалш етіп, тістері сықырлап қоя берді. «Қазір менің бұл түріме Матрена қалай қарайды екен. «Ӛй, ақымақ, тон әкелем деп, жалаңаш қайыршыны ертіп келіпсің ғой, тоның қайда?», деп, ашуланса не демекпін?» Матрена жайлы ойласа болды, Семеннің кӛңілі жабырқап қоя береді.
ІІІ
Семеннің әйелі таңертеңнен үй ішін жинап, шаруаға кӛңілді кірісті. Ағаш жарды, су тасыды, балаларын тамақтандырды. Қамыр ашытып нан пісірмек еді, Семеннің түскі асты басқа жақтан ішетіні есіне түсіп, «егер Семен түскі асты ішіп келсе, онда кешке нанды аз жейді. Демек, нан ертеңгі таңғы асқа да жетеді деген сӛз. Оның үстіне үйде ұн да аз қалды. Амалдап жұмаға дейін жеткізу керек» деп ойлады да, күйеуінің жыртық жейдесін жамамақ болды. Жамап отырып күйеуі қойдың терісін әкелетіні, одан ӛзіне арнап тон тігілетіні, киіп ап кӛршілеріне қалай мақтанатыны кӛз алдына елестеді. «Тек тері сатушы алдап жібермесе болды. Семен аңқау. Оған айғыр егіз құлындапты десе де сенеді. Сегіз сом аз ақша емес. Үлкен тонға жетеді. Иленген теріден болмаса да, жақсы тон алуға болады. Алдыңғы қыста тонсыз қалай қиналған едік. Суға да шыға алмай қалдық емес пе? Қазір ол жалғыз тонмен түзде жүр, ал мен үстіме не киерімді білмей отырмын. Жә, ӛзінің де келіп қалатын уақыты болды. Қайда жүр екен? Ішіп кетпесе болғаны еді…»
Матренаның осыны ойлағаны сол еді, баспалдақ сықыр-сықыр етіп, үйге екі адам кіріп келді. Бастары салбыраңқы. Біреуі бейтаныс. Үстіне бұлардың жалғыз тонын жамылып апты. Әйелі мұны кӛріп «Алған ақшасын араққа жұмсап, әбден кӛңіл кӛтерген екен. Онысымен қоймай қасына қаңғыбас досын да ерте келіпті» деп ашуланып кетті. Матрена оларға тӛрді нұсқап, ӛзі пештің түбіне барды. Бәрінен де оған Семенның ертіп келген адамы күдікті кӛрінді. Бұл жергілікті емес. Үстіне киген шекпенінің ішінде жейде жоқ, басы жалаңбас. Кіргелі бері не қимылдамады, не басын кӛтермеді. Семен бас киімін, күртесін шешті де:
-
Матрена, бізге тамақ берші, – деді.
Матрена ӛзімен-ӛзі бірдеме деп бұрқылдап қоя берді. Екеуіне кезек-кезек қарап, басын шайқай береді. Семен әйелінің ашуға булығып тұрғанын байқады, бірақ байқамағансып:
-
Кел үстелге отыр, бауырым, қазір тамақ ішеміз, – деді.
Бейтаныс адам үстелге жайғысты.
-
Немене, Матрена, сен бүгін тамақ пісірмегенсің бе? Матрена одан сайын ашуланды.
-
Пісіргенмін, пісіргенмін, бірақ саған жоқ. Сен не, миыңды ішіп қойғаннан саумысың? Таңертең «тон әкелем» деп кетпеп пе едің, ол аздай қасыңа жалаңаш қайыршыны ертіп келіпсің. Сендер секілді алқаштарға берер тамағым жоқ.
-
Матрена, аузыңды бақ! Сен алдымен мұның қандай адам екенін сұрасаңшы…
-
Одан да ақшаны қайда құртқаныңды айт! Семен шекпенінен бір қағазды шығарды да, үстелдің үстіне қойып:
-
Міне ақша, ал Трифонов қайтармады, ертең берем дейді.
Матренаның одан сайын жыны ұстады. Күні бойы қиялдаған тоны жоқ болды, оның үстіне соңғы шекпенін біреудің иығына жауып, онысын ертіп келіпті. «Мұнымен қоймай тамақ беруім керек». Үстелдің үстіндегі ақшаны тығып қоюға әкетіп бара жатып:
-
Менің барлық маскүнемдерді тойдыратын жайым жоқ, – деді.
-
Эх, Матрена, алдымен айтқанды тыңдасаңшы…
-
Алқаш адамдарда не ақыл болушы еді? Саған күйеуге бекер тиген екенмін. Әттең шешемнің айтқанын тыңдауым керек еді. Ақымақ болыппын, – деп, шешесі есіне түсіп кетті ме, әлде ашудан ба, тамағына бір ащы ӛксік келіп, – кезінде шешемнің жасауыма берген маталарын да сатып іштің, бүгін тонға барып, оны да араққа айырбастадың. Ұят деген сенде атымен жоқ.
Семен оған тек жиырма тиынға ғана ішкенін, ал қасындағы адамды қалай жолықтырғанын айтайын десе, Матрена оған сӛз берер емес, тіпті он жыл бұрынғыны қозғап кетті. «Әйелмен әйел боламын ба, жарайды соның айтқаны жӛн. Мүмкін менде ұят деген нәрсе жоқ та шығар» деп ойлады. Матрена бұрқылдап-бұрқылдап «сӛз ӛтпейді бұған» дегендей, Семеннің жеңінен ұстап:
-
Менің бешпентімді ӛзіме қайтар! Ӛзің не болсаң, о бол! – деді.
Семен үстінен шолақ бешпентті шеше беріп еді, қатыны бар ашумен еріксіз бешпентке жармасып, жұлып алмақ боп тартып қалды. Бешпенттің тігісі сӛгіліп, екіге айырылып кетті. Мұнысына ӛзі ұялып кетті, әйелдің ашуы тез қайтты. Онысын қонаққа білдірмейін деп, үстіне жамыла салды да, сыртқа беттеді. Осы кезде оның кӛңілінде бейтаныс адамға деген қызығушылық оянды.
IV
Матрена ақырын күйеуінің жанына барды да, құлағына:
-
Семен, мына адам кім? Үстінде дымы да жоқ қой. Егер дені дұрыс адам болмаса, жалаңаш жүрмес еді ғой.
-
Мен бағанадан бері осыны айтайын деп едім ғой. Ӛзің де бір құлақ аспайсың. Әлгінде шіркеудің жанынан ӛтіп бара жатсам, мына бейшара жалаңаш, тоңып жатыр
екен. Жаз айы емес қой. Аяп кеттім. Байғұс-ай. Әйтпесе, ӛліп қалуы мүмкін еді. Ӛзі
«Құдай жазалады» дейді. Ердің басына не іс түспейді? Киіндірдім де, осында әкелдім. Енді басқа не істемекпін? Кӛріп тұрып қайрылмағанымыз – күнә болар. Сол үшін Құдай бізді де жазалауы мүмкін ғой.
Семеннің мына сӛздеріне Матрена тағы да ұрыспақ болып еді, ана байғұстың түрін кӛріп, үндемеді. Ол да орнынан қимылдамай, тек орындықтың шетінде ғана отыр екен. Қолдарын тізесіне қойып, басын кеудесіне дейін салбыратып, тіпті бір кӛтермейді де. Осы жанжалға себепкер ӛзі секілді.
Семен оған қарап:
-
Матрена, сен де Құдайдан қорқатын шығарсың? – деді.
Құдайды аузына алған соң, ана адамға тағы бір қарады да, мейірімі оянды. Оның да ӛзі секілді пенде екені есіне түсіп, жүрегі елжіреді. Пештің қасына барып, үйдегі бар тағамды үстелдің үстіне шығара бастады. Кеселер мен квасты ортаға қойды. Соңғы нанды да дастарханға әкелді. – Жеңіздер, – деді.
Семен қонағын үстелге жақын отырғызып:
-
Кел, достым, тойып ал, – деп нан турай бастады.
Ал Матрена болса, үстелдің шетінде жұмбақ адамнан кӛз алмай отырды. Қараған сайын бойынан оған деген аяушылық сезім оянып, оны бауырындай қатты жақсы кӛріп кетті. Кенет бейтаныс адам, таңданған кейіпте басын шайқады да, Матренаға қарап, жымиды. Тамақтанып болған соң Матрена үстел үстін жинап жатып, кезбеден:
-
Қай жақтансың? – деп сұрады.
-
Мен жергілікті емеспін.
-
Ал мұнда қайдан жүрсің?
-
Оны айтуыма болмайды.
-
Сонда кімдер сені тонаған?
-
Мені Құдай осылай жазалады.
-
Қардың үстінде жалаңаш жата бердің бе?
-
Құдайдың дегеніне кӛнгеннен басқа не істей аласың? Амал жоқ. Осылайша жалаңаш, тоңып жатқан жерімнен, Семен кӛріп, аяп, үстіндегі шекпенін кигізіп, осында ертіп келді. Ал мұнда сен де маған жаның ашып, тамақтандырдың. Жақсылықтарың Құдайдан қайтсын!
Матрена орнынан тұрып күндіз жамаған Семеннің жейдесін, одан басқа да киім- кешек әкеліп:
-
Міне, ал, байқауымша, сенде жейде атымен жоқ сияқты. Мыналарды киіп ал да, қалаған жеріңе жатып демал, – деп, жарықты сӛндірді де, ұйықтауға кетті. Бірақ тӛсекке қисайғанымен кӛзі ілінбеді. Жұмбақ адам туралы ойлады. Ертеңгі асқа нан қалмағанын және жейде мен киім бергенін есіне алса, іші ашып кетеді, ал кезбенің риза
болып, бұған күлімдеп қарағаны кӛзіне елестесе болды, жүрегі елжіреп кетеді. Матрена былай бір, олай бір дӛңбекшіп ұзаққа дейін ұйықтай алмады. Семен де ояу секілді.
-
Семен! А, Семен! – деді сыбырлап.
-
Ау!
-
Бағана соңғы нанды жедік, мен ертеңге пісірмеген едім. Таңғы шайға не қоярымды білмеймін. Маланья құдағидан сұрайын ба?
-
Тәуекел, бір реті болар. Матрена біраз үнсіз жатты да:
-
Анау жаман адам емес сияқты, бірақ ӛзі жайлы жасыратыны несі?
-
Құдай айтуға рұқсат бермейді дейді ғой. Шынымен қиналатын шығар.
-
Сѐм!
-
А!
-
Біз осы адамдарға кӛмектесеміз, ал бізге неге ешкім кӛмектеспейді?
Семен не айтарын білмеді. Ары қарап жатты да, аю құсап қор ете түсті. Ұйқыға
кетті.
V
Ертеңінде Семен ерте оянды. Балалар ұйықтап жатыр екен. Әйелі кӛршілерден
қарызға нан сұрауға кетіпті. Кешегі ертіп келгені тӛбеге қарап ойланып отыр. Ӛңі кіріп қалған секілді.
-
Қарныңа тамақ, жалаңаш денеңе киім керек болып отыр ма? Күн кӛру керек.
Қолыңнан жұмыс істеу келе ме? Бұрын немен айналысқансың? – деді.
-
Жоқ. Менің қолымнан ештеме келмейді. Қайран қалған Семен:
-
Қалайша? Адам деген бір нәрсемен айналысып күн кӛру керек қой…
-
Иә. Егер адамдар үйретсе, мен де істеймін.
-
Сенің атың кім?
-
Михаил.
-
Ал, Михаил, ӛзің жайлы айтқың келмесе, ӛзің білесің. Ал, бірақ, күн кӛру керек. Бұл ӛмірдің ӛзгермес қағидасы. Не жұмыс берсем, соны істейсің, аштан қалдырмаймын.
-
Құдай алдыңнан жарылғасын. Мен бәрін тез үйреніп алам. Тек не істеу керектігін айтсаң болды.
Семен саусағына иірілген жіпті орады да, ұшын түйе басады.
-
Қиын жұмыс емес, жӛндеп қара…
Михаил да тура осылай істеп, ұшын түйіп берді. Енді Семен оған жіпті қалай күйдіру керектігін кӛрсетті. Оны да Михайл бірден қағып алды. Сосын жіпті қалай есетінін және қалай тігетінін де үйретті. Семен қандай жұмыс кӛрсетсе де, ол бәрін тез
түсініп, ал үшінші күннен бастап ӛмір бойы етік тігіп жүргендей жұмысқа кірісіп кетті. Жұмысы тындырымды, тамақты аз ішеді; жұмыстан сәл босаса, үнсіз тӛбеге қарап отырады. Кӛшеге шықпайды, артық сӛз айтпайды, қалжыңдап, күлмейді де. Оның күлімсірегенін бұлар алғаш келген күні Матренаның тамақ бергенінде ғана кӛрген…
VI
Осылайша күндер зымырап ӛтіп жатты. Ал Михаил болса Семеннің туған бауыры секілді үйінде тұрып, жұмысын істеп жүрді. Осы кезден бастап Семеннің шеберлігі ел аузына іліне бастады. Ел ішінде «Семеннің жұмысшысы Михаил секілді ешкім етікті мықты тіге алмайды» деген сӛз тарады. Сӛйтіп Семеннің үйіне жан-жақтан етік тіктіруге адам ағылып жатты.
Қыстың бір күнінде Семеннің есігінің алдына үш ат жеккен арба келіп тоқтады. Арбадан бір жас бала түсіп, жүгіріп қақпаның есігін ашты. Одан үстінде үлкен тоны бар, бір дәулетті адам түсіп, үйге қарай беттеді. Матрена жүгіріп есік ашты. Шонжар еңкейіп барып үйге кірді, басы тӛбеге сәл ғана жетпей тұр, денесі бүкіл бұрышты алады. Семен орнынан тұрып, шонжарға иіліп сәлем беріп, таңырқаған кейіпте қайран қалды. Бұрын-соңды мұндай алпамсадай дәуді кӛрмепті. Семеннің ӛзі де ірі емес еді, Михаил болса арықтау, ал Матрена тіпті кішкентай. Мынадай адам бұларға басқа бір әлемнен келген секілді. Екі беті қып-қызыл, мойны бұқаның мойнындай, тұтас. Сірә, шойыннан жасалған ба дерсің.
-
Отағасы, етікші қайсысың? – деді тонын шешіп жатып ол.
-
Мен, – деді Семен.
Бай әлгіндегі жүгіріп есік ашқан қызметшісіне:
-
Әй, Федька, тауарды алып кел! – деді.
Қолында түйіншегі бар жігіт жүгіріп келді. Бай түйіншекті алып, үстелдің үстіне қойды да:
-
Шеш, – деп бұйырды. Семенге қаратып, затын нұсқап:
-
Ал, етікші, жақсылап тыңда. Тауарды кӛріп тұрсың ба?
-
Кӛріп тұрмын, жоғары мәртебелім.
-
Сен мұның қандай тауар екенін түсінемісің? Семен ұстап кӛріп:
-
Жақсы екен, – деді.
–Жақсы болғанда қандай?! Сен, ақымақ, мұндай затты әлі кӛрмегенсің. Бұл немістің жасаған тауары. Бақандай жиырма сом тұрады.
Семеннің аузына сӛз түспей қалды.
-
Біз ондайды қайдан кӛреді дейсіз?
-
Жарайды енді, күмілжімей. Осы тауардан менің аяғыма етік тіге аласың ба?
-
Тігуге болады.
Бай оған айғай салды.
-
«Болады» емес, дұрыстап тік! Кімге және қандай тауардан тігіп отырғаныңды ойлан. Жыл бойы тозбайтын, жыртылмайтындай етіп тік. Қолыңнан келсе істе, істей алмаймын десең, тауарды бекерге кесіп, бүлдірме. Алдын-ала ескертіп қояйын, егер бір жылға жетпей жыртылатын, не қисаятын болса, сені түрмеге қаматамын, ал жақсы тіксең, еңбегің үшін он сом ақша тӛлеймін. Келісесің бе?
Семен абдырып, не айтарын білмей, сасып қалды. Михаилға бұрылып:
-
Не істейін? – деп ымдады.
Михаил басын изеп: «Ала бер», – деген ишара танытты.
Семен Михаилдың тілін алып, жыл бойына шыдайтындай етік тігуге келісті.
Бай қызметшісін шақырып, аяғындағы етігін шешкізді де: – Ӛлше! – деді. Семен он оралған қағазды алып, тізерлеп отырды да, шекпендінің шұлығын былғап алмайын деп, қолын алжапқышына сүртті. Аяғын ӛлшеуге кірісті, балтырын ӛлшеп бастап еді, қағаз жетпеді. Ӛте семіз екен.
-
Байқа, қонышы тар болмасын.
Семен үлкенірек қағаз іздей бастады. Шонжар үйдің ішін ала кӛзімен ары-бері шолып, Михаилға кӛзі түсті.
-
Мынауың кім тағы?
-
Жұрт мақтап жүрген етікші – осы.
-
Жақсылап тік, – деді шонжар Михаилға қарап, – ұзаққа шыдайтын болсын.
Семен да Михаилға бұрылып қарады. Михаил дәуге қарап жымиып күліп тұр
екен.
-
Әй, сен нақұрыс, тісіңді неменеге ақситасың? Қайталап айтамын, етік
тозбайтындай қыл және дер кезінде дайын болсын.
-
Тура уақытында дайын болады.
-
Солай істе.
Етігі мен тонын киіп кетуге ыңғайланды. Еңкеюді ұмытып кетіп, тӛбеге басын аямай ұрып алды. Онысына қатты ашуланып, есікті бар екпінімен бір тепті де, арбасына отырып, кетіп қалды.
Ол кеткен соң Семен:
-
Не деген адам? Мұны ұрып ӛлтіре де алмассың. Есігімізді сындыра жаздады ғой. Сірә, мұндай адамдар жайшылықта ӛле қоймас, – деді.
VII
Семен Михаилға қарап:
-
Тапсырманы алуын алып алдық, енді басымыз бәлеге қалып жүрмесін. Тауары да ӛзі секілді екен. Қате істеп қоймасақ болғаны. Сенің кӛзің менен ӛткір ғой, сен үстін тік, ал мен астыңғы жағын ұлтара берейін.
Михаил байдың тауарын үстелдің үстіне жайып, екі қабатынан алып, пышақпен кесе бастады. Михаилдың қимылын қалт жібермей бақылап отырған Матрена таң қалды. Матрена да етікшіліктен хабары бар адам, бірақ, Михаилдың кесіп жатқанын түсінбеді. Ол етікке емес, басқа нәрсеге арналғандай, дӛңгелек етіп пішіп жатыр. Айтайын деп оқталды да: «Мүмкін Михаилдың бір ойлағаны бар шығар», – деп үндемеді. Михаил былғарының екі сыңарын да қиып, етік секілді емес, жеңіл аяқ киімге ұқсатып ұшынан піше бастады. Бұған Матрена тіпті таңғалды, бірақ үндемеді. Ал, Михаил жалғастырып жатыр. Семен орнынан тұрып қарап еді, байдың тауарынан Михаил етік емес, қонышы жоқ, жалаң аяққа киетін аяқ киім тігіп қойыпты. Семеннің тӛбе шашы тік тұрды. «Бір жыл бойы жұмысынан жаңылмай келе жатқан Михаил қалайша қателесті? Бай болса, ұзын етікке тапсырыс беріп еді, ал бұл аяққа іле салатын, ӛкшесі жоқ аяқ киім тігіпті. Тауарды бүлдірген. Енді әлгі байға не демек? Мұндай тауардың табылуы да қиын.
-
Айналайын-ау, саған не кӛрінді? Мені тірідей ӛлтірдің ғой! Бай етік тік деп еді, ал сен не істегенсің? – деді Семен жыларман болып.
Осы кезде біреу есікті қақты. Семен «бай қайта айналып келді екен» деп зәре- құты қалмады. Жайлап терезеден сығалап еді, әлгі байдың шабарманы екен. Матрена есікті ашты.
-
Кешіріңіздер!
-
Не болды?
-
Байекенің әйелі етікке жіберді.
-
Етікке дейсің бе, а, а…?
-
Ой, етік дегенім не! Етік енді керек емес.
-
Қалайша!
-
Сендердің үйлеріңнен шыққаны сол еді, жүрегі ұстады ма, әлде басқа бірдеңе болды ма, ол жолда қайтыс болды. Үйге жеткенде арбаның есігін ашып қарасақ, денесі мұздай болып ӛліп қалапты. Әрең дегенде шығардық. Сосын әйелі мені сіздерге қайта жіберді. «Енді бізге етік емес, ӛлікке кигізетін жеңіл аяқ киім керек. Тігіп біткенше күтіп, алып кел» деді. Сол үшін келдім.
Михаил үстелдің үстінен тауардың қиындыларын орамға келтіріп жинады, сосын дайын болған аяқ киімдерді бір-біріне қағып, алжапқышына сүртті де жігіттің қолына ұстатты. Қызметші жігіт тез дайын болғанына қуанып, алғысын айтып шығып кетті.
VIII
Михаилдың Семеннің үйінде тұрып жатқанына алтыншы жылдың қысы ӛтті. Михаил сол баяғыша ешқайда шықпайды. Келгелі екі-ақ рет езу тартып жымиғаны болмаса, артық мінез танытқан жоқ. Алғаш Матрена тамақ бергенде, екінші рет етік тіккізуге келген байға қарап жымиған еді. Семен оның еңбегіне дән риза. Ісі тиянақты.
Оны бұрынғыдай «қайдан келдің?» деп те мазаламайды. Қайта Құдайдан «кетіп қалмаса екен» деп тілеп отыратын болды.
Бір күні Семен Михаилдың сыртқа тесіліп қарап тұрғанын кӛріп таң қалды.
«Неге сонша қарап қалды, бұрын мұндай әдеті жоқ еді ғой» деп ойлады да, терезеден сыртқа қарап еді, далада мұның үйіне қарай бастарына түбіт орамал таққан егіз қызды жетектеп бір әйел келе жатыр екен. Егіз қыздың бірінің аяғы ақсақ секілді, сылтып басады. Әлгі әйел табалдырықтан аттап үйге кіріп келді де:
-
Отағасы, амансыздар ма? – деді.
-
Кіріңіздер. Тӛрлетіңіздер.
Әйел орындыққа жайғасты. Екі қыз бӛгде адамдарды жатырқап, әйелдің тізесіне жармасты.
-
Қыздарыма кӛктемде киетін кебіс тіктірейін деп едім.
-
Біз бұрын-соңды кішкентай кебіс тікпеген едік, бірақ жасауға болады. Кебістің үстіңгі жағын матамен айналдырып тіге аламыз. Міне, мынау – Михаил, бұл істің хас шебері. Семен Михаилға қарап еді, ол екі қыздан кӛзін алмай қарап отыр екен. Семен таңғалды. Қыздардың сүйкімді екендері рас. Кӛздері қара, беттері алқызыл, томпиған. Киімдері де ӛздеріне жарасып тұр, бірақ Михаилдың ескі танысын кӛргендей қадалып отырғаны қайран қалдырды. Семен әйелмен ары қарай сӛйлесіп, қыздардың аяқтарын ӛлшеуге кірісті.
-
Мына қыздың екі аяғын да ӛлше. Қисық біткен аяққа біреу, ал түзу аяққа үш кебіс тік. Екеуінің аяғы бірдей, бұлар егіз, – деді.
Семен ӛлшеп біткен соң, ақсақ аяқты қызға қарап:
-
Бұл қыздың аяғына не болған? Ӛзі сүйкімді екен. Туылғаннан солай ма? – деп сұрады.
-
Жоқ, шешесі басып кеткен.
-
Сонда сен бұлардың шешесі емеспісің?
-
Мен бұлардың шешесі де, жақыны да емеспін. Асырап алғанмын.
-
Ӛгей болсаң да, туған шешесінен кем емес екенсің. Екеуіне ықыласың ауып тұрғаны кӛрініп тұр, – деп Матрена сӛзге араласты.
-
Қалай жақсы кӛрмейін. Екеуін де ӛзім емізгенмін. Ӛз баламнан кем кӛрмедім.
Менің де осылармен қатар балам болатын. Бірақ ол жастайынан шетінеп кетті.
-
Сонда бұлардың шешесі кім?..
ІХ
Әйел бар оқиғаны басынан бастап айтып берді.
-
Осыдан алты жыл бұрын бір аптаның ішінде, «бұл байғұстарды тас жетім болады» деп кім ойлапты? Сейсенбі күні әкелерінен айрылса, үш күннен соң шешелері кӛз жұмды. Мен бұлардың әке-шешесімен кӛрші едім. Тіпті, есіктеріміз де қарама-
қарсы орналасқан. Әкелері орманда ағаш кесуші болып жұмыс істейтін. Бірде оған үлкен ағаш құлап, бүкіл денесін басып қалып, дәрігерге жете алмай кӛз жұмды. Кӛп ұзамай сол аптаның ішінде шешелері де мына екі егізді босанып, жан тапсырды. Ертесінде кӛрші әйелдің хал-жағдайын білуге барсам, соңғы демін алып жатыр екен. Ӛліп бара жатып бір қызының үстіне аунап түсті. Міне, қараңыз, содан мына бейшараның аяғы қисық бітті. Содан ауыл адамдарын шақырып, ӛлікті жуып-шайып, табытқа салып, жерледік. Ол кезде менің екі айлық балам болатын. Кішкентай қыздарды сүтпен тамақтандырмаса, ӛліп қалуы мүмкін еді. Ауыл адамдары маған:
«Мария, сен әзірге қыздарды баға тұр. Кейін не істейтінімізді ойланып кӛре жатармыз», – деді. Мен бірінші мына сау аяқтыны еміздім, ал мынаны «адам болады» деп ойламадым. Кейін нәрестенің қатты қиналғанына жаным ашыды. Аяп кеттім. Сосын оны да емізе бастадым. Ол кезде күш-қуатым артық, жас едім. Жеп жүрген тамағым да құнарлы еді ғой, шіркін. Құдай да шаршатпай, кӛкірегімді сүтке толтырып қойды. Үшеуін алма-кезек емізіп жүргенімде ӛзімнің туған екі жасар ұлымнан айрылдым. Бірақ жағдайымыз жақсы. Бір кӛпестің диірменінде жұмыс істеймін. Айлығымыз жоғары. Тек осы екі қыздан басқа бала сүймедік. Бірақ, кейін осы екі қозым болмаса мен қалайша ӛмір сүрер едім деп ойладым. Ӛмірімнің шырағы да осылар. Әйел бір қолымен ақсақ қызын құшақтап, кӛзінің жасын сүртті.
Матрена ауыр күрсініп:
-
«Әке-шешесіз ӛмір сүресің, ал Құдайсыз бір күн де ӛмір сүре алмайсың» деген мақал бекер айтылмаған ғой, – деді.
Олар ӛзара әңгімелесіп болған соң, үй иелері қонағын шығарып салды. Семен Михаилға қарап еді, қолын тізесіне қойып, жоғары қарап, күлімсіреп отыр екен.
Х
Семен, оның қасына келіп, не болғанын сұрады. Михаил орнынан тұрып, алжапқышын белінен шешті де, Семен мен Матренаға қарап:
-
Кешіріңдер. Бүгін мені Құдай кешірді, сендер де кешіңдер, – деді.
Үй иелері аң-таң. Михаилдың жүзі нұрланып, керемет бір түрге енді. Семен оған басын иіп:
-
Михаил, байқауымша, сен жай адам емессің. Мен сені артық ұстай алмайтын секілдімін. Бірақ сен маған бір нәрсені түсіндірші. Неге сен үнемі мұңды жүресің? Мен сені кездестіргеннен бері үш рет күлгеніңді ғана кӛрдім. Бүгін міне нұрға бӛленіп, жарқырып тұрсың, – деді.
-
Мені Құдай жазалаған болатын. Бүгін кешірді. Сондықтан нұрға бӛлендім. Ал, келгелі бері үш рет жымиып, күлгенім, Құдайдың үш ауыз сӛзін білуім керек болатын. Мен Құдайдың сӛзін түсіндім; бірінші сӛзін: әйелің маған тамақ бергенде түсіндім, сол үшін езу тартып едім. Екінші сӛзін шекпенді бай етік тіктіруге келгенде ұқтым, міне,
бүгін егіз қыздарды кӛргенде, Құдайдың үшінші сӛзінің де қандай екенін білдім, содан түйін шешіліп, жарқырап кеттім.
-
Михаил, мен сенің бірде-бір сӛзіңе түсінбедім, – деді Семен сӛзді бӛліп.
-
Бәрін басынан баяндайын. Мен періште едім. Бірде Жаратушы ием, мені бір әйелдің жанын алу үшін жіберді. Тапсырманы алып, құрбандығыма келсем, ол егіз босанып, жағдайы нашарлап жатыр екен. Тіпті сәбилерін бауырына басуға шамасы жоқ. Жаңа туған шақалақтары тырбаңдап жатыр. Әйел мені кӛріп, бәрін түсінді де, жылап: «Құдайдың періштесі! Күйеуімнің үстіне ағаш құлап, жақында қайтыс болып еді, әлі топырағы қатқан жоқ. Егер артынан мен кетсем, мына жетім балапандарымды кімге тастаймын. Бұларды бағатын менің не бауырым, не туысым жоқ. Менің жанымды алмашы. Болмай қалғанда балаларымды аяғынан тік тұрғызайын. Бұлар да менсіз қайтіп ӛмір сүреді?» – деп жалынды. Менің жаным ашып, бір қызды шешесінің бауырына салып, екіншісін қолына әпердім де, қайтадан кӛкке ұшып кеттім. Құдайға келіп: «Әйелдің жанын ала алмадым. Жаңа ғана екі шақалақты босаныпты. Күйеуінің қайтыс болғанына үш күн болыпты. Шешесі маған жылап, жанын алмауды ӛтінді», – дедім.
Сонда Құдай маған: «Бар да әйелдің жанын ал, сонда үш сӛзді білесің: бірінші, адамның бойында не бар? Екінші, адамның маңдайына не жазылмаған? Үшіншісі – адамдар несімен тірі? Осы сырды білген кезде қайтадан аспанға ораласың», – деді.
Мен қайтадан жерге түсіп, жаңа босанған әйелдің жанын алдым. Нәрестелер тас жетім қалды. Ӛлі дене тӛсектен домалап, бір қыздың аяғын басып қалды. Мен кӛкке ұшып, әйелдің жанын Құдайға апарып бермек едім, жел соғып, қанатым сынып кетті. Оның жаны Құдайға жалғыз ұшты да, мен жерге құлап түстім.
ХІ
Осылайша мен бір күннің ішінде адамның кейпіне еніп шыға келдім. Құдай адамды барлық жаралыстан артық етіп жаратты. Сол кезде біз мына топырақтан жаралған құбыжықтың бізден қалайша артық екенін түсінбейтінбіз. Адам кейпіне енген соң қарным ашып, тоңа бастадым. Тіпті жанымды қоярға жер таппадым десем де болады. Айналама қарасам, анадай жерден шіркеу кӛрінді. Жүгіріп соны паналамақшы болдым. Бірақ, есігі жабық екен. Ішінде ешкім жоқ. Қатты тоңып бара жатқан соң, шіркеуді ықтай тұрайын деп ойладым. Қарным шұрылдап барады. Бұл бірінші рет қарнымның ашуы еді. Бір кезде қолында етігі бар, ӛзімен-ӛзі күбірлеп келе жатқан адамды кӛрдім. Ӛзі ішіп алған. Кӛрден жаңа шыққан ӛлік секілді. Тірі ӛлік. Мен «бұл адам маған кӛмектесе қоймайды» деп ойладым. Ӛйткені оның ойында тек тон мен нан болған. Ол адам маған үрейлі кейіппен бір қарады да, айналып кетті. Менің кӛңілім одан әрі құлази түсті. Сәлден соң, әлгі адамның бері қарай келе жатқанын кӛрдім. Түрі адам танығысыз. Алдында үстінен ӛлімнің иісі шығып тұрған еді, енді Құдайдың
сипатын кӛрдім. Қасыма келіп мені киіндіріп, үйіне әкелді. Есіктен кіре бергенімде алдынан арпылдап әйелі шықты. Одан да ӛлген адамның кейпін кӛрдім. Аузынан Ӛлген Рухтың сасық иісі шығып, тұншығып кеттім. Ол мені далаға қуып жібермек болды. Кенет күйеуі оған Құдай жайлы айтып еді, әйел дереу ӛзгеріп шыға келді. Ол бізге тамақ беріп жатқанда, мен оның түрінен Құдайдың Сипатын кӛрдім. Ойыма Жаратқанның «Адамдардың бойында не бар екенін кӛресің» деген сӛзі есіме түсті. Мен сендердің бойларыңнан махаббаттың ұшқынын байқадым.
Арада бір жыл ӛткесін, үйге етік тіктіруге бір шонжар келді. «Майыспайтын, тозбайтындай етіп, тік! Бір жылға шыдайтындай болсын» деп әмір ете бастады. Ал мен бұл кезде оның артынан ӛзімнің досым, ӛлім періштесінің тұрғанын кӛрдім. Содан байдың күн батпай ӛлетінін білдім. Сонда маған мынадай ой келді: «Адам бір жылға қамданады, алайда кешке тағдырының қалай болатынын білмейді». Осымен Құдайдың екінші жұмбағының сыры ашылды.
Бүгін мына екі қызды ертіп әйел келгенде, мен қыздарды бірден таныдым. Сонда ойыма «шешелерінің қыздары үшін менен ӛмір тілегені» оралды. Әке-шешесіз адам ӛмір сүре алады, ал Құдайсыз бір минут та ӛмір сүре алмайды екен. Мен сол кезде ӛгей әйелдің бойынан Құдайдың сипатын кӛрдім. Ол жетім қыздарға сондай зор махаббатпен қарап отыр екен. Осымен Құдайдың жасырған жұмбақтарының түйіні шешіліп, мен періште қалпыма келдім.
ХІІ
Бір кезде періштенің денесі жалаңаштанып, толығымен жап-жарық болып, кӛзге шағылысардай нұрға бӛленді; даусы ӛзінен емес, аспаннан шығып тұрғандай қатты естілді.
-
Мен барша адамның ӛзінің ғана қамын ойлауымен емес, махаббатымен мәңгілік тірі екенін түсіндім. Әлгі ӛзім жанын алған шешенің балаларының ӛміріне не керек екенін білу бұйырмаған. Байдың ӛзіне етік немесе ӛлгенде киетін кебіс керек екенін білу бұйырмаған. Адам кейпінде болған кезімде мен ӛз еркіммен емес, ӛтіп бара жатқан адам мен әйелінің бойындағы мейірім арқылы тірі қалдым. Жетімдер де ӛгей әйелдің аяушылығы мен махаббатының арқасында тірі қалды. Барлық адамдар тек бойларында махаббат болғаннан кейін ғана мәңгілік жасамақ, олар сонысымен тірі. Бұрын мен Құдайдың адамдарға ӛмір беріп, олардың тіршілік етуін қалайтынын білетінмін. Енді менің кӛзім басқа да нәрселерге жетті. Мен Құдайдың адамдармен бірлесіп ӛмір сүргенін қалайтынын білетін едім. Бірақ неге екенін түсінбейтінмін. Олардың араларын жақындатып тұратын махаббат бар екенін қазір ғана ұқтым. Енді мен адамзаттың өз қамын ойлаумен емес, бір ғана махаббатпен тірі екендігін түсіндім. Кімнің жүрегі мейірім мен махаббатқа толы болса, оның бойында Құдай бар, Құдай сонымен бірге, ӛйткені Құдайдың ӛзі – Ұлы махаббат. Періште Құдайға мадақ
айтқанда үйдің іші сілкініп кеткендей болды. Тӛбе де орнынан қозғалып кетіп, жерден аспанға дейін отты бағана кӛтерілді. Семен әйелі, балаларымен бірге кӛздерін жұмып, жерге жата қалды. Періштенің арқасына қанат бітіп, аспанға ұшып кетті. Ал, Семен есін жиған кезде, үйде отбасынан басқа ешкім де болмады.
![]()
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адам баласы білмейтін үш нәрсе Л. Толстой

шағым қалдыра аласыз