Материалдар / «Адам бол!»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Адам бол!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қазан 2020
365
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өзін – өзі тану

Күні: 1.10.2020

Сыныбы: 4

Машықкердің есімі: Нұртасқызы Құндыз

Тақырыбы: «Адам бол!»

Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттері: Қанағат, тәртіп, ынтымақтастық.


Мақсаты: оқушыларға адам болу үшін дұрыс әрекет құндылықтарының маңызы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мінез, адамдық қасиеттер жайлы түсінік бере отырып, дүниетанымдарын кеңейту;

Дамытушылық: Оқушылар бойындағы қанағат, тәртіп, ынтымақтастық.

қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.


Ресурстар:

(Презентация, электронды оқулық)

http://school.ozin-ozi-tanu.kz/library/show/id/54

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу.

- Сәлеметсіңдер ме балалар? Қалдарыңыз қалай?

- Мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 310 – топ машықкері Нұртасқызы Құндыз. Бүгінгі сабақты сіздерге мен жүргіземін.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

Орындарынан тұрып:

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

5Т – ережесі

А3 форматында




Сабақтың дәйексөзі

(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Мінез – адамның айнасы.

Әбу Насыр әл-Фараби

Сұрақ:

Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Электронды оқулық http://school.ozin-ozi-tanu.kz/library/show/id/54

  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

«Аңызда да шындық бар» Мамытбек Қалдыбай

Сұрағың болса, сұра.

Әуелі әлденіп алайық, Бауке.

Е, мейлі, «қонақ қойдан жуас» дегенді мен шығарған жоқпын ғой, қарағым.

Тез қимылдап, ортаға журнал столын қойып, дастарқан жайдым. Бағаналы бері Баукеңнің сөзін бөлуге батпай, қипықтап жүрген жұбайым енді еркін қимылға көшті. Қазақша ет асқан едік, бірақ Баукең оған бір рет те қол салмады.

Тамақтан, мына қазыдан алсаңызшы! – деген маған көзін аларта қарап:

Әй, қарағым, «алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым» деген қайда? Мен жегім келсе, сен алыңыз демесең де, жеймін ғой. Тәбетім шаппай отыр, – деді жақтырмай.

Келгелі бері жөндеп нәр татқан жоқсыз. Бұл ағзаңызға зиян ғой. Баукең мырс етіп күлді.

Әнеугүні үлкен қызым Ақан: «Әке, екінші тәулік тамақ ішкен жоқсыз. Құр жатасыз да қоясыз, ешкіммен сөйлеспейсіз, Мұныңыз қалай? – деді.

Қызым, мен ойланып жатырмын. Ойланған кезімде тамақ есімнен шығып кетеді.

Таң қалып қарап:

Рас па? – деді.

Табиғаттың бір қызығы – басыңа ойлар келгенде, қарның ашпайды екен. Ал кейбір кісілердің тамақсау келетіні – ойланбайтынынан болса керек. Қызым таңырқап не дерін білмей тұрып қалды.

Қарын ашпаудың себебі, қызым, күллі ағзаны ой

билеп кетеді екен. Ол таңырқаған күйі бөлмемнен үнсіз шығып кетті.

Бір қызығы, мен тамақты аз жесем де, арықтап көрген кісі емеспін. Қысқасын айтқанда, тамақтың екі түрі болады екен. Бір түрі – кәдімгі өзіміз жеп жүрген тамақ. Түсіндің бе? Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Екінші түрі – рухани тамақ. Рухани тамағың болып тұрса, соны ойлап, толғанып жатсаң, қарның ашпайды екен. Ал рухани азығы жоқ адамдар қай жақта асхана, кафе, мейрамхана бар, үйге барғанда не жейміз дейді

екен. Қасиетті кітаптан оқығам, бір пайғамбар үйінен кетіп қалып, таудың ішіне барып, қырық күн аш жатады. Жұрт іздеп таппайды. Қырық күн өткен соң, өзі қайтып келеді.

Тақсыр-ау, тамақсыз қалай жан сақтадыңыз? Аң аулап жейтін қару-жарағыңыз болған жоқ. Қалайынша аштан өлмедіңіз? – дейді жұрт.

Мен қырық күн ойланып жаттым. Ойланған кісі аш бола ма? Не деп отырсыңдар?! – деп тастапты.

Әрине, бұл – аңыз. Дегенмен, қарағым, аңызда да шындық бар.

Сұрақ – жауап:

Бауыржан ата өзінің тамаққа тәбеті жоқтығын қалай түсіндірді?

Ойлану адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Рухани тамақ дегенді қалай түсінесіңдер?

«Рухани тоқ адам» деп қандай адамды айтуға болады?

Өзің қандай адам болғың келеді?

Стикерлер арқылы сұрақтар беру

  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Шығармашылық тапсырма

1 -тапсырма

Нақыл сөздерді оқып, мағынасын ұғып алыңдар. Нақыл сөздердің ішінен түйінді сөздерді теріп жазыңдар.

Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет.

Әбу Насыр әл-Фараби

Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік.

Жүсіп Баласағұни

Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

Шәкәрім Құдайбердиев

Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе.

Василий Сухомлинский

Адамның шын мағынасымен «Адам» болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Мағжан Жұмабаев

2-тапсырма

«Мен әдепті баламын» тақырыбында эссе жазыңдар.

Қатар бойынша топқа бөлу.

1 – топ: Адам болу үшін не істеу керек? Постер құрау.

2 – топ: «Адам» сөзіне «Синквейн» әдісі бойынша өлең құрау.

3 – топ: Өзіңе «Мінездеме» жаз.

Талқылау, топ басшысынан топ мүшелерін қалай бағалайтынын сұрау.



Стикер, А4 форматындағы ақ парақтар, маркерлер, таратпа материалдар.






  1. Топпен ән айту.

Абай ақын атамыз

Өлеңі мен әнін жазған: Жақсыгүл Қалжанова

Абай ақын атаның

Туған күнін тойлаймыз.

Өзі айтқандай өнерпаз,

Болуды біз ойлаймыз.

Қайырмасы:

Әнін тыңдап әсерлі,

Жырын жаттап өсеміз.

Туған күні бабаның

Құтты болсын десеміз,

Құтты болсын десеміз.

Сайрандаймыз, ойнаймыз,

Қызыққа біз тоймаймыз.

Жүрегінің түбіне

Ақылымен бойлаймыз.

Қайырмасы.

Таратпа материалдар





5. Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ. «Жүректегі ой» мәтінін оқып келу. Сұрақтарға жауап беру.


Жүрек адамға қалай қызмет етеді?

Ойды Жүрекке салудың мәні неде деп ойлайсыңдар?

«Жүрек бәрін біледі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Өзің жүрекке салып ойланып көрдің бе?

Электронды оқулық http://school.ozin-ozi-tanu.kz/library/show/id/54

6. Сабақтың қорытынды сәті.

Кері байланыс. «Белгілер» әдісі.

- Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма ? Олай болса сабағымызды «Белгілер» әдісімен бағалайық.

- Сонымен балалар, «Адам бол» атты кезекті сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!