Материалдар / "Адам бол!" атты сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Адам бол!" атты сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушырғадың бойына жақсы қасиеттерді дарыта отырып, адамдық қасиеттерді бойына сіңіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2020
554
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК




«Бекітемін»: _________

колледждің әдіскері:

Жунусова.Л.Б

«Келісемін»: _________

Сынып жетекшісі:

Асаубаев.Р.Т


САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «Адам бол!»

Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі

Сынып: 4

Мерзімі: 01.09.2020

Тобы: 310

Машықкер: Құмарова Қаламқас Арманқызы

Баға: «__»___________





Семей, 2020 жыл



Тақырыбы: Адам бол!

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Тек жақсы сөздер ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушырғадың бойына жақсы қасиеттерді дарыта отырып, адамдық қасиеттерді бойына сіңіру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Қазақтың атақты ойшылдарының ұлғатты сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке баулу.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау жүйесін дамытып, білімге құштарлықтарын ояту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Талаптыға нұр жауар» әңгімесі

Сұрақтар:

1. Қос ана Абайға қандай тәрбие беруді көздеген еді?

2. Абайдың мінезінде қандай ерекшелік болды?

3. Жас Абайдың ауыз әдебиетін сүтюі неден байқалды?

4. Өзің Абай ата туралы не білесің?









Сазды әуен

https://youtu.be/CxmMzGa1BAM









































  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Мінез-адамның айнасы»

Әбу Насыр әл -Фараби

Сұрақтар:

1. Өз бойыңнан кандай жаксы мінезді көргің келеді?
2. Достарыңа кандай кеңес берер едің?

3. Дәйексөзден не түсіндің?

Балалар, жақсы адам ретінде болмыс қалыптастыру үшін әрдайым көркем мінез қажет. Мінезің жақсы болса айналаға да шуақ нұрын сеуіп, жақсылықтармен көркейтіп жүресің. Мінезі жақсы адамнан өзгелер дұрыс үлгі алады.

А3 форматтағы қағаз

  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

«Балалар елін бағындыру»

Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты – Ойын екен. Айнала айқай-шу, дыр-думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні – тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақрұм қалуға айналады. Есіл-дертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала, тіпті, тамақ ішіп, бір ауық жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен.Ата-аналар әрлі-берлі ақылдасып, енді Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар елінің тіршілігі жаңадан жанданып қоя беріпті дейді. Балалар бір уақ ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оның дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Ата-ананың қадіріне жетіпті. Бұл – ел өміріндегі өзінше жақсы кезең болған екен…

Осылайша уақыт өте беріпті. Бірақ, сонда да, ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсенің атын Оқу деп тауыпты.

Өйткені балалар Ойын ойнап шынығып, Еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Сонымен енді көмекке Оқу келіпті.

Ойын мен Еңбекке жіберетін уақыттың біразын балалар енді оқу оқып, білім алуға жұмсапты. Сол-ақ екен, балалар өмірі тіпті қызықты бола түсіпті.

Өмірдің құпия сырын меңгеріп, біліммен қаруланған олар ересектер шаруасына да араласыпты. Мұнан кейін күні бойы сабақ оқып, қажыған баланы сергіту үшін тағы бір мейірбан жан жәрдемге келеді. Оның аты Спорт екен.

Спортпен тұрақты айналысқан баланың денсаулығы мықты, көңіл күйі сергек, денесі сымбатты болыпты. Оны көріп, Өнер есімді сұлу бойжеткен де жас ұланды баулуға белсене араласып кетеді. Әр жерде ән шырқаған, күй шертіп, би билеген Балалар еліндей ел, әй, дүние жүзінде болмаған шығар…

Оқудың Кітап деген атасы бар екен. Өзі – бір көзәйнек таққан қайырымды қарт көрінеді. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түсіпті.

Бұл бір Балалар елінің кемеліне келіп, гүлденген дәуірі екен. Өйткені Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап – алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады.

Бұл алтауы елдің ең сүйікті адамдарына айналады.

Олар да балалардыкереметжақсыкөредіекен. Кейде, тіпті «мен алам», «жоқ, енді мен алам» депөзараталасыпқалып та жүреді.

Сұрақтар:

1. Ойын мен Еңбектің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2. Балалар еліне Спорт пен Өнердің қандай пайдасы болды?

3. Неліктен Оқу мен Кітап «Балалар елінің» өмірін жақсарта түсті деп ойлайсыңдар?

4. Өздерің «Балалар елінде» болып көрдіңдер ме?



  1. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: Нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Нақыл сөздердің ішінен түйінді сөздерді теріп жазыңдар.

1.Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет.(Әбу Насыр әл-Фараби)

2.Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік.(Жүсіп Баласағұни)

3.Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе.(В.Сухомлинский)

4.Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.(Ш.Құдайбердиев)


2 -тапсырма: Өлеңді оқыңдар.Өлеңде айтылғандарға сүйене отырып, «Мен әдепті баламын» тақырыбында эссе жазыңдар.

Жеткіншекке

Автобуста қысылып,

Таппаса орын кәрі адам,

Ұшып тұрып ұсынып,

Өз орныңды бер оған!

Келсең үйге сабақтан,

Міндетіңді біл ұғып.

Уақытылы тамақтан,

Уақытылы тынығып.

Денесін кіл баптаған,

«Тәні саудың-жаны сау».

Тазалығын сақтаған

Балалардың бәрі сау.

(Тілеген Шопашев)


3-тапсырма: «Әдептілік» тақырыбында шағын қойылым қою.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

1 топ: «Автобустағы оқиға"

2топ: «Дүкендегі жағдай»

3топ: «Ауладағы оқиға»


Түрлі – түсті қағаздар, А4 бет, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер.

5. Топпен ән айту.

Бала тілегі
Сөзін жазған С. Молдасаұлы 
Әнін жазған Ф. Лұқпанова
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, өндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2рет)
Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік - ұлан-байтақ елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2рет)
Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2рет)

Т
аратпа қағаздар (әннің сөзі бар)

  1. Үйге тапсырма

Сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.

Мені жақсы көретін адам – ол ................

Менің жақсы қасиетім – ол ...............

Менің жақсы көретін сөзім – ол ...............

Менің жақсы көретін ойыным – ол ................

Менің жақсы көретін ісім – ол ....................

Менің мақсатым - .................

Менің арманым – ол .....................

2. Келесі сабақ. Маытбек Қалдыбайдың «Аңызда да шындық бар» әңгімесін оқып келу.



7. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Рефлексия: «От шашу» . Балалар, бүгінгі сабағымызды «От шашу» әдісі арқылы бағалап жіберейік.



img11 (1).jpg







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!