Тәрбие сағатының тақырыбы: Адам және табиғат.
Мақсаты:
1) Оқушыларға адам ман табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету.
2) Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру
3) Туған жердің табиғатын аялаулауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер
Барысы:
Кіріспе сөз
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: « Адам және табиғат ». Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата- бабаңның « Жер- қазына, су- алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз,тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.
Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10-15 милион гектар орман жойылады екен.
Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді.Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған қасиетті Семей жерінің аянышты халі осының айғағы.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы , ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.
1- оқушы:
Табиғат- сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп ер жетімін
Биікке самғап жетемін.
2 - оқушы:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ғой сәніміз,
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
3 - оқушы:
Табиғаттың орны бөлек ғаламда
Тигізетін пайдасы зор адамға
Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар
Жойылмасын жасыл желек ормандар!
Болсын тек ауа таза , тұнық су
Басылмасын айдын көлде құстың шуы
Төңіректе кесілмесін тал терек
Араша түс табиғатта бәрі керек!
Тартылмасын теңіз көлдер су алып,
Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.
Қолда барда қадір тұтып сақтайық
Жаратқанның бергеніне қуанып.
Мұғалім: Табиғат аясы- адамның алтын бесігі. Қазақ халқының табиғатқа деген
сүйіспеншілігін, күнделікті қолданатын тұтыну заттарындағы ою өрнектерден де
көруге болады. Мысалы: Түс киіздердегі ою- өрнектерде даланың хош иісті гүлдері,
өзен - көлдері, тау жоталары бейнеленсе, сырмақтарда қошқар мүйіз, құс тұмсықтары
мен қанаттары салынған.
4- оқушы:
Мен сүйем ерікті еркін құсын
Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.
Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.
5-оқушы:
Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.
Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.
Су- тіршіліктің көзі.
Ауа- өмір тынысы.
Мұғалім: Қазақ халқы сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке, қайыңға, жауқазынға, аққуға, құралайға, елікке теңеген. Сұлулықты нәзіктікті – аққуға, мөлдірлікті,тазалықты- бұлаққа, батырлықты- сұңқарға, қыранға балаған. Ардақты азаматын асқар тауым, шалқар көлім, қара орманым деп қастерлеген. «Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз» деп ұл мен қызын жұлдыз бен құндызға теңеген. Құндыздың терісін жоғары бағалап, сыйлы адамдарға тарту - таралғы жасаған.
Көрініс:
Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп
батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты. Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем
сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал
қойыпты.
Райымбек: ( оқушы )
Жер дегенім не
Ел дегенім немене?
Жер сәні деген немене?
Ел сәні деген немене?
Жер құты деген немене?
Жерді не көтереді?
Елді кім көтереді?
Төле би: (оқушы)
Жер дегенің- тіршілік,
Ел дегенің- қара халқың,
Жер сәні - ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.
Ел сәні - өркендеп өскен ұлы мен қызы.
Жер құты – қойнауындағы кені.
Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.
Мұғалім: Расында жер - елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы.
Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер - қазына» деумен бірге, « Жер
қазынаның басы, мол - байлықтың көзі, батыр - ел сақшысы.» Мал - бір жұттық,
батыр - бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген.
6-оқушы:
Табиғат - әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан – жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысың
7-оқушы:
Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген
аңын да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті
үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының
қаншалықты бақытты екенін сезінсе ғой!
8 - оқушы:
Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы!»
Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тоңғаныңда күн шуағыммен
жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаңына сая болдым. Мөлдір, таза
ауаммен дем алдың, жер ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға
жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіңдің! Бірақ мен
саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым
лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты?
Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада
өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн
көреді? Әлі де кеш емес ойланыңдар! Табиғатты аялай, қорғай біліңдер! деуші еді.
9-оқушы:
Ей, қазақтың ұланы,
Болғайсың дана қыраны
Жер- суын қорғау бабаңның
Емес пе еді басты ұраны.
10- оқушы:
Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қаситті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті. Табиғат пен Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
Қорытынды: Табиғатты қорғау үшін қандай іс - шаралар өткізу керек?( балалар өз ойларын ортаға салады).
Мұғалім: Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.
Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің,
Айың анау, күнің анау, жерің мынау
Ау,адамдар жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!
Асырайды ол сені , мені, елді де!
Тәрбие сағаты:
«Ана-әлемдегі
ең
жақсы сөз"
Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы»
Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы
түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән
жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер
жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген
мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған
қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен
қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана
сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының
барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана
есімі болмақ! «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» - атты ертеңгілігіміз
сіздерге арналады.
1 жүрг: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып – деп ән
мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты
аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп
жетті.
2жүрг: Сіздер ер – азаматтардың қолқанаты, тірегі мен жүрегі болып
табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің
шуақты күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын
сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
1 жүрг:
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
2жүрг:
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Балалардың тақпақтары
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын.
Презентация бейнефильм
Ән шашу:
1 жүрг. Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8
наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді
қыздарымызды құттықтап, ұлдардың орындауында «Су тасушы қыз»
әнін қабыл алыңыздар.
2жүрг: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын көңілінен шыққан,
жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің алдында
балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр,
қандай тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп
ұсыныс білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Ән шашу
1жүрг: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің
мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты
әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас
еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
Омар:
Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже
Сахналық көрініс
«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ - қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен)
5бала шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем,
сол адам бір сөз айтады. Мыс: ботақаным – дейді.
5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту керек. Дұрыс тапқан
бала орнына отырады.
2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен
бақытты – деп, ортаға балаларды шақырайық.
Ана деген сөзді де
Апа деген сөзді де
Әке деген сөзді де
Аға деген сөзді
хормен: Ойлап тапқан балалар!
Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
хормен: Ойлап тапқан аналар!
Ән шашу:
1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді
Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Мақсат
бата
беремін деп отыр.
Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!
Ән шашу:
1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей
Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт,
дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар
әкелсін.
Енді балалар өздерінің қолдарынан дайындаған мамаларына деген
сыйлықтарын тапсырады
Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын тарту
етсін.
Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.
Тақырыбы:
«Табиғатты
аялайық!»
Мақсаты:
Оқушылардың
қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін
кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу
іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру.
Табиғатты
қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке
тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен
қарауға жетелеу.
Көрнекі
құралдар: интерактивті
тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, «Өзін-өзі
тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео
фильм,
1.Ұйымдастырукезеңі:
Мұғалім өлең
оқу: (музыка әуені жүріп тұрады)
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!
Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне сол анам еді мені тапқан.
Ойласаң табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ,болған емес,
Ал қоғамсыз, табиғаттың өзі де өлі .
Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуіңнің араңдағы байланыс,
Өмірбақи
үзілмесін, қосылсын.
2. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;
Мақсатымыз:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің өткізетін
«Табиғатты аялайық» атты іс-шарамызға қош келіпсіздер. Біз бүгін,
сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы
түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға
сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен
сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан
мейірімділікті
үйренеміз!
Табиғат
адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан
ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз
бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз
орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге
айтайық!
Хормен
Қайырлы күн,
күнім, далам,
орманым,
Қайырлы күн,
гүлім, құсым,
көлдерім.
Қайырлы күн,
өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн,
бар тіршілік иесі!
Өте
жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат
дегеніміз не ? Оларға нелер
жатады?
Оқушылар: Ауа,
су ,өсімдіктер, хайуанаттар,
құстар,балықтар...
ІІ
слайд
3)
ІІІ.Ендеше,
саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы
–ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға
беріледі.
Думан:
Табиғат
байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі
–ауа.
Тіршілікте не
дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам
қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа
қымбат бәрінен,
Ауа қымбат,
алатұғын дем қымбат.
Расында да
ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем
алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген
сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап
бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың
үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод,
фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949
жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар
ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады.
Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден
өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық
дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай
демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады,
өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны
ластама!
Болмасын ауа
ешкімнің арман -мұңы,
Ауадан асқан
жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге
керек боламыз біз,
Жұтудан таза
ауаны қалған күні.
Мұғалім:
Ия, балалар,
ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың
борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін
бе?
ІІІ
слайд
Ендігі екінші
аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты
маңыздылығы бар екен
?
Ділназ:
Табиғаттың
көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық
көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан
Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды
өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп со
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адам және табиғат.

шағым қалдыра аласыз