Материалдар / Адам және заң
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Адам және заң

Материал туралы қысқаша түсінік
заң туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
645
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы Байқадам ауылы

Қорғантұз ЖОББ мектебі

Тарих пәні мұғалімі

Нұриманов Бекболат Нұрлыбекұлы

Сабақтың тақырыбы: Адам және Заң

Мақсаты:

1.Оқушылардың құқықтық білімін арттырып, құқықтық тәртібін қалыптастыру, құқықтық жауапкершілігіне назар аудару.

2. Құқықтық құжаттарды құрметтеуге, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу

3. Ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту

Көрнекіліктері:Қанатты сөздер, «Құқығыңды сақтап үйрену, басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», « Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Заң біткен жерде зұлымдық басталады», «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген қ ұл болмайды».(Б.Момышұлы)

Жоспары:

1.Ой қозғау

2.Мен заңды қаншалықты білемін?

3.Заңсыз арал

4.Құқық бұзушылық қайдан шығады?

5.Ой қорыту

Ой қозғау. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқанынан гөрі оның алдын алған әлдеқайдажақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталмауынан ғана емес сонымен бірге жасөспірімдердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі, олардың құқықты жиі бұзуы, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соқтырады. Оқушылардың құқық бұзушылығының алдын алып құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Жасөспірімдер заңның негізгі принциптерін біліп қоймай оны меңгере білу қажет. Осы мақсатта ата-аналармен оқушылар арасындағы «Құқықтық сауаттылық – қоғам талабы» тақырыбындағы «Сонымен солай дейік» атта ток-шоуына қош келдіңіздер!

Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»деген қанатты сөз бар. Ақылды болу айналадағы адамдарды сыйлай білу,құқықтық тілмен айтқанда бұл заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды, заңды білмегендіктен заңсыз істер іспен зарпдап шегеді, өзін қорғай алмайды.

Интерактивті тақта арқылы. Ауыл іші,түн,топ бала өлең айтып шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқандардың біреуі атып тұрып: -Әй, бері кел деп айқай салды. Қайырылмаған оған күш көрсетті.

  • Қалай ойлайсыздар. Демалып отырған балалар заң бұзды ма?

  • Кім қалай бұзды?

  • Ата-аналар сіздердің тараптарыңыздан қандай жауапсыздық кетті?(ата-аналар жауабы тыңдалады.)

  • Заң қызметкері бұған қалай жауап береді?

  • Демалып отырған жастар қандай заңды білу керек?

2.Мен заңды қаншалықты білемін.

Төмендегі суреттердің ішінде қайсысы қылмыс деп ойлайсыздар? Себебін айтсаңыз?

Оқушылар түсініктеме бергеннен кейін заң қызметкері заңға сүйеніп, өз ойын айтады

3. «Заңсыз арал»

- Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек не болар еді?(Оқушылар пікірі тыңдалады)

Заңсыз арал жоқ

Қасым ханның қасқа жолы

Есім ханның ескі жолы

Тәуке ханның жеті жарғысы

Адам құқы туралы

Адам құқықтарының жалпы декларациясы 1948 жыл

Балалар конвенциясы

Конститутция

Қорытындылау. Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді. Тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды». (Б.Момышұлы)

4.Құқық бұзушылық қайдан шығады?Интерактивті тақтада бірнеше суреттер көрсетіліп. Оқушылар пікірі тыңдалды.

Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі – Мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы көбейіп отыр.

Құқық бұзушылықтың себебі неде деп ойлайсыз?

Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан Абай атамыз айтқандай «Көйлегі көктік тамағы тоқтық аздырар адам баласын»

Ата – аналарға екі сурет көрсетіледі.

Біреуі тіп-тік әдемі салынған үй, екіншісі іргетасынан бастап дұрыс қаланбаған құлағалы тұрған үйдің суреті. Бұл тек үйдің суреті ғана емес көріп отырып, бала тәрбиесі туралы не айтуға болады. Сурет жайында ата-аналар тыңдалады.(Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала, екінші сурет – тәрбиесі дұрыс болмаған бала жөнінде айтылады. Бала тәрбиесі үйдің іргетасы сияқты жас күннен басталатыны ата-ананың назарын аударту керек. Ата –ана Сәнімгүл- «Отбасы- барлығының басы, жан жақты негізіболатын тәрбие институты. Ата-анамен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше , ата мен әже, апа мен аға баланың алғашқы тәрбиешілер»-деп В.А.Сухомолинский айтқандай басталмағанын көрсетіп тұр.

Баланың қылмыскер болып шығуына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Оған ата-ананың баланы бақылаусыз жіберуі баланың топқа кіріп кетуі,жақсы жолдастарының болмауы бұны дер кезінде байқап балаға көмекке ұмытылсақ оны сақтауға болады. Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге әсер ететін нәрсе өскен орта ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса бара-бара адамды замандас жолдастың аздырып адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі»,-деген . Сол сияқты балаңыздың қылмыс жолына түспес үшін бірден бір жауапты ата-ана, өздерінізсіздер. «Құқықтық сауаттылық – қоғам талабы» үн парағы ата-аналарға таратылдлы.

Сонымен бүгінгі сабағымызды мына сөздер арқылы ой қорытайық. Құқық, қылмыс, жаза, заң, бала, тәрбие,,тәртіп. Сонымен солай дейік, солай боларына сенейік.

  • Құқық мемлекет тарапынан заңдастырылған қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар.

  • Қылмыс е л болашағына /қауіп төндіреді.

  • Заңның құрығы ұзын\

  • Жазасын тарпайтын жамандық жоқ

  • Бала біздің болашағымыз

  • Тәрбие тал бесіктен

  • Тәртіпке бас иген құл болмайды.







  1. Мұғлім : Бала тәрбиесіндегі басты рөлді ата- ана атқарады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!