жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адам өмірі үшін ең қажетті заттар не?
|
17-сабақ ТАҚЫРЫП: АДАМ ҮШІН ЕҢ ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? |
Мектеп: |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
|
СЫНЫП: 2 |
Қатысушылардың саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Осы сабақтың оқыту мақсаттары |
2.3.4.1. Табиғи ресурстар түсінігін білу. 2.3.4.2. Табиғи ресурстарды әртүрлі белгілері бойынша жіктеу. Табиғи ресурстардың көздерін білу. 2.1.2.1. «Ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру. |
||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: |
||||||
|
|||||||
|
Оқушылардың көпшілігі: |
|||||||
|
|||||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||||
|
|||||||
|
Тілдік мақсат |
Дағдыларды дамыту:
|
||||||
|
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: |
|||||||
|
Табиғи ресурстар, жанды және жансыз табиғи ресурстар, табиғат күштері. |
|||||||
|
Сабақта диалог/жазба үшін қолданылатын тіл: Талқылауға арналған сұрақтар: Заттардың өмірі неден басталады? Табиғи ресурстар қандай топтарға бөлінеді? Жерді (топырақ) неге «асыраушы» деп атайды? «Қазыналы жерлер» сөз тіркесі нені білдіреді? Біздің еліміз, сенің өлкең қандай ресурстарға бай? Табиғи ресурстарды сақтау үшін оқушылар не істей алады? |
|||||||
|
Алдын ала қажетті білім |
Өсімдіктер мен жануарлардың топтарын біледі. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігін сақтаудың маңыздылығын түсінеді. Су мен ауаның қасиеттерін біледі. Ауа мен судың ғаламшарымыз үшін мәнін және олардың тазалығын сақтаудың маңызын түсінеді. |
||||||
|
Жоспар |
|||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
1 минут |
(Ұ) Жағымды көңіл күй туғызу. «Табиғат қызықтары» видеосынан бейнефрагмент тамашалау – Бұл бейнефильм қандай көңіл күй тудырды? (Көңілді, жалынды). – Басты тақырып не? (Табиғат). – Біз де минут сайын өзімізге қандай да бір жаңалық ашамыз. Сендерге мұны қуаныш және тамаша көңіл күймен жасауды тілеймін. |
«Табиғат қызықтары» видеосы: https://www.youtube.com/watch?v=N9vGZYTiFbg |
|||||
1 минут |
(Ұ) Ребусты шешіңдер де, бүгінгі зерттеуіміздің тақырыбын айқындаңдар. Шешуі: табиғат. |
Оқулықтағы тапсырма |
|||||
3 минут |
(Ұ, МК) Көрсету. Балаларды табақта жатқан заттармен қызықтырыңыз. Бұлар – моншақ, сырға, білезік, ақша. – Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Бағалы заттар, байлық). Табаққа алма, қызанақ, қабыршақ, көмір түйірін қосыңыз. – Бұл заттарды неге табаққа қойдым? Бұларды байлық деп айтуға бола ма? Бұлар ненің байлығы? (Табиғат байлықтары) – Біз сабақта не туралы айтатын боламыз? – Сабағымыздың мақсаттарын айқындаңдар.
|
Моншақ, сырға, білезік пен ақша салынған табақ, алма, қызанақ, қабыршақ, көмір түйірі.
Оқулықтағы кесте (кестені флипчартта шығаруға болады) |
|||||
3 минут |
(Ұ) – Судың қасиеттері мен табиғаттағы күйлерін атаңдар. – Судың тіршілік иелері үшін маңызы туралы әңгімелеңдер. – Ата-аналарыңмен бірге «Шөлмектегі бұлт» тәжірибесін жасап, өздерің үшін қандай жаңалық ашқандарыңды айтыңдар. |
|
|||||
27 минут
|
(Ұ, Ө) Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз : Бұл заттардың өмірі неден басталады? Олардың қайсылары адамның қолымен жасалған?.
(Ұ) Проблемалық сұрақ: – Сендердің ойларыңша, осы заттарды жасауда адамның ғана еңбегі бар ма? (Балалардың жауаптары). (Ұ, Ө) Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Балалардан мәтіннен табиғаттың адам үшін мәнін қысқаша ашатын екі сөйлем табуды сұраңыз. (Табиғат бізге тамақ, киім, қоныс, отын, энергия мен материалдар береді, адам олардан тұрмыс заттарын, мәшинелар мен дәрілер жасайды. Адам табиғатсыз және оның байлықтары – ресурстарсыз өмір сүре алмайды). (Ұ) Әңгіме. – Ресурстар ұғымын қалай түсінесіңдер? (Көмек Білгішбектің хабарламасында бар). Қорытынды: өміріне қажеттінің бәрін адам табиғаттан алады. – Сендердің ойларыңша, жеріміз қандай ресурстарға бай? – Табиғат байлықтарын атаңдар. – Оларды қандай топтарға бөлуге болады? (Ұ, Ө) Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың назарын сызбаға аударыңыз, табиғи ресурстар қандай топтарға бөлінеді? Әр топқа сипаттама беріп, мысалдар келтіруді сұраңыз.
– Жансыз табиғи байлықтарға не жатады? ( Тас, су, жаңбыр, қар, құм). – Олар неліктен табиғи байлықтар болып табылады? – Жанды табиғи байлықтарға не жатады? (Жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар). – Неліктен? – Үшінші топты табуға сендерге жұмбақтар көмектеседі.
(Ұ) Балаларды жұмбақтармен қызықтырыңыз: Күн көзiнен құйылады, Жер бетiне жиылады. (Күн жарығы)
Көзіңе көрінбейді, Қаңғуға ерінбейді. Шалғынды жапырады, Жол бойын сыпырады. (Жел)
Туған жердің
белбеуі,
– Күн адамға не береді? Жылу, энергия. – Адам жел күшін қалай пайдаланады? (Жел қондырғылары, желкендер). – Адам өзен ағысын қалай пайдаланады? – Үшінші топ – табиғат күштері.
(Ө) Ойын «Сиқырлы сандық» – Тақтада шыққан сызбаға қараңдар. Үстелдеріңде табиғи ресурстардың бейнелері бар суреттер бар. Оларды өз сандықтарымызға салайық.
(Ұ) Динамикалық үзіліс «Табиғат дауыстары» үнтаспасын тыңдатуға болады.
(Т) Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың назарын жансыз табиғи ресурстар тобына шоғырландырыңыз. – Жерді (топырақ) недіктен «асыраушы» деп атайтынын және «Қазыналы жерлер» сөз тіркесі нені білдіретінін ойланыңдар.
(Ұ) Өлең тыңдау. И.Байзақовтың Қазақстан табиғатының байлықтары туралы өлеңін оқыңыз.
Гүлденген Қазақстан кең даласы, Кен шөккен өндірісті айналасы. Ақ күміс алтын арай жент секілді Елімнің, міне, қандай тамашасы!
Дариядай шалқып жатыр бізде мұнай, Мол байлық мұнай алқа жанарындай. Қарсақбай, Қарағанды, айдын Балқаш Қайнардай кен береді тыным алмай.
Риддер, алтын Алтай тасын өрген, Сүзбеген суынан да алтын терген. Қалбаның қойны-қонышын кені басып, Бәрі де қазан шұңқыр оған төнген.
– Автор қандай табиғи ресурстар туралы айтты? (Көмір, алтын, күміс, мұнай). – «Жасыл» энергия туралы не білетіндеріңді еске түсіріңдер. Олар адамға қалай көмектеседі? Қандай ресурстар тобына жатады?
(Ұ) Оқулықпен жұмыс. Оқушыларды стикердегі «Күнмобильдер» туралы ақпаратпен қызықтырыңыз. – Адамдар мұндай мәшинені не үшін ойлап тапқан?
(Ө) Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу іскерлігін дамытуға арналған жаттығулар. Тапсырма.Энциклопедиялардан адамның табиғат күштерін падйлануы туралы қызықты фактілер тап.
(Ұ) Оқулықпен жұмыс. Балаларға иллюстрацияға мұқият қарап, Қазақстан бай болып келетін ресурстарды атауды ұсыныңыз. (Ұ) Проблемалық сұрақ: Проблемалық сұраққа қайта келіңіз: Осы заттарды жасауда адамның ғана еңбегі бар ма? (Балалардың жауаптары). Қорытынды: Бізді қоршаған барлық заттар бір кездері табиғаттың бөлігі болған және оларды адам алған. Табиғат өз байлығын жомарттықпен адамға береді. Адам табиғаттың барлық байлығын белсенді пайдаланып, табиғатқа жиі зиян келтіреді.
(Т) Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Табиғи ресурстарды сақтау үшін оқушылардың не істей алатындығын топпен талқылауға кеңес беріңіз.
(Ұ) Әңгіме. – Табиғат сыйларын теріс пайдалану мысалдарын келтіріңдер. – Адамның табиғаттағы мінез-құлқының экологиялық ережелерін еске салыңыз.
|
Оқулықтағы иллюстра-циялар
Оқулық
Оқулық
Үш сандық не олардың суреттері, табиғи ресурстардың суреттері мен атаулары бар хатқалта.
Музыкалық сүйемелдеу.
Оқулық
«Табиғат дауысы» үнтаспасы: https://www.youtube.com/watch?v=BMteomnQvYo
Оқулық
Энциклопедиялар; Ғаламтор ресурстар, СD-диск «Табиғи ресурстар»
Оқулық
|
|||||
8 минут |
(Ұ) Тақырыпты қорытындылау. – Бүгінгі сабақта табиғаттың қандай байлықтары туралы білдіңдер? – Табиғат байлықтарын неге үнемдеу қажет? – Табиғат пен заттар қалай байланысады? (барлық заттар бір кездері табиғаттың бөлігі болған және оларды адам алған)
– Табиғат
сөзіне синквейн құраңдар.
(Ө) Деңгейге қарай дәптердегі тапсырмалар. Ақпарат өңдеу №1 тапсырма (1-деңгей) – Сызбаны суреттер және сөздермен толықтыр. №2 тапсырма (2-деңгей) – Артық сөзді сызып таста. №3 тапсырма (3-деңгей) – Айсұлу жанды табиғи ресурстарды, Қуаныш жансыз табиғи ресурстарды таңдады. Көрсеткіш оқтардың көмегімен балалардың таңдауын көрсет. №4 тапсырма – Көмекші сөздерді пайдаланып, өлең жолын аяқта.
|
А-4 пішінді парақтар, фломастер-лер
Ғылыми күнделік |
|||||
1 минут |
1. Мәтіндерді оқыңдар және табиғи ресурстар туралы әңгіме дайындаңдар. 2. Түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, адамның табиғи ресурстарды пайдалануы туралықызықты фактілер тап. |
|
|||||
1 минут |
(Ө, Қ) «Кішкентай паровоз» рефлексиялық бағалауы сабақтағы өз жұмысын бағалауды білдіреді. Әр сабақтың басында педагог пен балалар мақсат қояды: нені білуіміз қажет және нені үйренеміз? Рефлексия кезеңінде бала нені біліп, нені үйренгенін, яғни сабақ басында қойылған мақсатқа жетіп-жетпегенін талдауы тиіс:
Оқушылардан сабақтағы өз жұмысын бағалап, вагондарды бояуды сұраңыз. Егер екі сұраққа «иә» деп жауап берсең (яғни екі қосу болса), онда үш вагонды бояймыз, егер бір сұраққа «иә», екіншісіне «жоқ» деп жауап берсеңдер (бір қосу және бір алу), онда екі вагонды бояймыз, екі жауап «жоқ» болса (екі алу), онда бір вагонды бояймыз. |
Түрлі түсті қарындаштар
|
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Дифференциация – Оқушыларға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың ілгерілеуін/білімін бақылауды қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыстар «Өзін-өзі тану» «АКТ» |
|||||
|
Қажеттілігіне қарай мұғалім жұппен жұмыс жасайтын оқушыларға көмек көрсетеді.
Жоғары деңгейлі ынтасы бар оқушылар сыныптастарына Ғылыми күнделіктегі тапсырмаларды орындауға көмек көрсетеді. Айқын ақыл-ой қабілеттері бар балаларды пайымдауға ынталандыру, болжамдарды толықтыру.
Күшті оқушыларға энциклопедиялардан, Ғаламтор желісінен өз бетімен ақпарат табуды ұсыну |
Мұғалім:
|
Өзін-өзі тану - пікір алмасу, топтағы кез келген оқушы мен мұғалімді тыңдау; жұп пен топтағы өз әрекеттерін келісу.
АКТ – мультфильм тамашалау, ән тыңдау, Ғаламтордан ақпарат іздеу.
Экология – табиғатты, оның ресурстарын күту.
Ерте мамандандыру – эколог ғалымдар. Бейнелеу өнері – табиғи ресурстардың суретін салу |
|||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген