Адам өмірінің мәні
Адам – осынау ғаламатта ең биік күшке ие, таңғажайып болмыс. Себебі Алла тағала адамзатқа ойлау, сезіну, таңдау жасай алу сынды қасиеттерді дарытқан.Адам баласының өзге тіршілік иелерінен айырмашылығы, өз – өзіне сауал қойып және оған жауап таба білуі. Көпті ойландырар, «Адам өмірінің мәні неде?» деген аса маңызды экзистенциялық сұраққа жауап іздеп көрдім. Бұл сұрақтың жауабын табу мақсатында, сауалнама жүргіздім. Әркім өз ойларың айтып, ой тарқатты.
Қазақ тілі пәні мұғалімімнің айтуынша, «өмірдің мәні – өмірден өз жолыңды табу. Адами құндылықтарды басшылыққа ала отыра, бар бола білу, яғни өз – өзінді таңбалау. Өлгеннен кейін ізім – ғайым жоқ болудан сақтану.» Меніңше, дұрыс айтылған.Бұл біздің осы жарық дүниеге келгеннен кейінгі негізгі миссиямыз іспетті. Ал сыныптасымның айтуынша, « өмірдің мәні - дүниежүзі халқы мойындайтын танымал болу. Қатарындағының әр кез алды болып, мәртебеге ие болу.» Менің ойымша, бұл орайда сәл ойлану керек, себебі бұл адамның бәріне жарамсыз тар мағынада айтылған сияқты. Мәртебе теориясы карьерист типтерге ғана сай келетін іспетті. Сауалнама соңында, өз анамнан сұрадым. Айтуынша, « өмірдің мәні – бізбіз, балалары» Ең жылы жауап болғанына қарамастан, адам баласын, өмірдің мәні ретінде қарастыру қателік сияқты. Әркім өздерінің субъективті ойларың білдірді. Бірақ ойлана келе, өмірдің мәні объективті болады деп пайымдадым. Яғни өмір сүруге мотивация беретін күш жалпы адамзатқа ортақ.Негізінен иә, «Өмірдің мәні не?» деген сұраққа «Ол мынау?» деп кесімді жауап бере алмайсың. Дей тұрғанмен, өмірдің мәнін бір нәрсеге негіздеуге болады.Ол - махаббат! Меніңше, өмірдің мәні – оны махаббатпен сүру, өмірге махаббатпен қарау, өзгелерге махаббат сыйлау, адам баласынан, жыбырлаған тіршілік иесіне дейін махаббатпен сүю. Белгілі неміс философі Карл Ясперстің айтуынша, «Адам болмысы жай ғана бар болып тұрған нәрсе емес. Ол – өзін қандай формада бар қылу керек екенін өзі шешетін болмыс». Яғни, адам бұл өмірде әр кез таңдау жасай алады. Өмірдің қай жолын таңдаса да оған тікелей адам әрекеті әсер етеді. Сондықтан өмірді мағыналы етіп сүрген жөн. Ажал сағаты соққан кезде өмірден бос кетіп бара жатқан сияқтанбау үшін, оны ертерек ойлап, қамдану керек. Сыртта болып жатқан лас ситуацияларға ілекпей, жанды таза ұстаған абзал. Өмірге махаббат көзімен қараған кезде бәрі саған күліп тұрған сияқтанады. Жан дүниенмен, ойлаған ойың таза болған кезде бәрі өз ретімен келіп, өмірде орын алған шиеленіскен түйіндер өзі – ақ шешіледі. « Жақсы адам – магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң – жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жаман болсаң – жалғыз жүресің; орташа болсаң – сен де бір жақсының жанын жағалайсың» Адам өмірің жақсы адамдармен өткізуге тырысқаны абзал себебі ортаң сенің сен болып қалыптасуына әсер етеді. Жалғыздық құдайға ғана тән демекші, адам оқшауланбай өзгелермен байланыста болғаны жөн, себебі адамның жаны адамдар арасында ғана ашылады.
Қорытындылай келе, «Адам өмірдің қалай толтырады?» деген сұраққа жауапты Виктор Франклдың ұсынған үш жолымен көрсетейін. Біріншісі – « Жасампаз құндылық». Яғни, адам дені сау кезінде іс – әрекетімен артында өшпес із қалдырады. Екіншісі – «Сезім құндылығы». Табиғаттың таңғажайып көрінісіне назар салып, кеудесін сезімге толтырады. Үшіншісі – «Позиция құндылығы». Ажал сағаты соққан кезде де, өлімді абыроймен күтіп алуға бекіну. Мұны тек өмірді мәнді сүргендер атқара алады. Сонымен өмір бізге берілген сый. Өмірді тек мәнді ситуациялар негізінде толтыру керек, махаббатпен және жылы сезімдермен. Ал махаббат әр адамның бойынан табылатын құндылық, тек оны сезіне білу керек. Махаббатпен сүрілген өмір мәнді де сәнді. Оны Абаймен оп – оңай түсіндіруге болады.
«Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа, Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа. Адамды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде мұнан басқа?»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз