Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі. 8-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қажетті әдіс-тәсілдер, бағалау түрлері, функционалдық сауаттылық тапсырмаларымен құрастырылған қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Тарау:

Тірі ағзалардың көптүрлілігі құрылымы мен қызметтері

8.3В Қозғалыс

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

Тірек қимыл жүйесінің маңызы мен қызметін анықтайды;

Қаңқа бөлімдерін атап, ерекшеліктерін сипаттайды

Құндылықтар:

  • Озық ойлы ұлт:еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

  • Озық ойлы ұлт: бірлік және ынтымақ

  • Адал азамат: Әділдік және жауапкершілік

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту. 3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) «Фонарик» әдісі бойынша 3 топқа бірігуді ұсынады.

Оқушылар ұстазымен амандасады, көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал жасайды;

«Фонарик» әдісі арқылы оқушылар топтарға бірігеді.




Жаңа сабаққа кіріспе. Мағынаны білу. 6 минут

«Түсіндірмелі-иллюстративті» әдісі арқылы ақпаратты түсіндіріп, көрнекі құралдар (суреттер, скелетті, 3 D анатомия атлас, слайдтар) пайдаланып сұрақтарға жауап ала отырып, жауаптарын жаңа тақырыппен байланыстарады, сабақтың тақырыбын , мақсатын анықтайды

Тақырыпты түсіндіреді.

Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонаққа Тірек атты оқушы келді. Тіректің қаңқа құрылысымен танысатын боламыз.


Қызықты мәліметтер

Бас сүйекте 22 сүйек бар, оның 14 — і бет және 8 — і бас ми сүйегі
Eң ұсақ сүйектер – құлақтағы ұсақ үш сүйек
Ең ұзын сүйек – бүкіл дененің төрттен бір бөлігін құрайтын сан сүйегі
Ең жалпақ сүйек – жамбас сүйек
Көптеген адамдарда 12 жұп қабырға бар, тек 500 адамның бірінде ғана 11 немесе 13 жұп қабырға болады. Біздің денеміздің көп бөліктерінің үштен бірі судан тұрады, ал сүйектер тек бестен бір бөлігін ғана құрайды.
Aдам денесіндегі барлық сүйектердің жартысынан астамы дерлік табан мен білекте орналасқан.

Адамда тобық және тізе қақпағы сүйектері 2-6жас аралығында толық қалыптасады. Оған дейін дамымайды.

Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады

https://youtu.be/z6XwLL33e_g?si=zaYqAIKV-0_TJmY7

қаңқа сүйектерінің маңызы тура өз ойларын айтады.

Тірек қимыл жүйесінің маңызы қандай?

Шынында адам өмірін қозғалыссыз елестету мүмкін емес. Еңбек қимылы, акробатикалық трюктар, мың бұралып билеген бишілердің қимылы. Қаңқа адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы.Оның арқасында адам тік жүреді, қозғалады. Қазақ халқында жүгіріп, секіріп, теңселіп ойнайтын ойындардың көптеген түрлері бар.Мысалы: алтыбақан, ақсүйек, бәйге, күрес, көкпар т.б бұл ойындар ашық алаңда, адамның тірек-қимыл жүйесінің дамуына, дененің сымбатты, құрыштай шынығуына зор әсерін тигізеді

Қажеті ақпаратты дәптерлеріне жазады.


Бейне роликті көріп өз ойларын айта отырып, жаңа сабақтың тақырыбынн ашады.

презентация

https://youtu.be/z6XwLL33e_g?si=zaYqAIKV-0_TJmY7


Сабақтың ортасы мағынаны түсіну

5 минут

Тапсырма-1. Жеке жұмыс мұғалім түсіндірген ақпаратты түсінгендіктері бойынша «Семантикалық карта» әдісі арқылы тапсырманы орындайды.

Қосымша 1


Берілген парақтағы сүйектің атауларын дене бөліктерінің сүйектеріне қарай жіктеп, + белгісін қояды.

Тапсырманы болған соң көршісімен өзара бағалау жүргізеді, параққа балл қояды.

Тапсырманы орындап болған соң видео көреді.

Дескриптор:

- бас бөлімінің сүйектерін ажыратады;

- иық белдеуінің сүйектерін ажыратады;

- аяқ бөлімінің сүйектерін ажыратады.

Әр дұрыс жауапқа 1балл

Барлығы 6 балл

ҚБ: Өзара бағалау

Оқулық




Сабақтың ортасы

Мағына

ны қолдану

10 минут



Тапсырма-2 Топтық жұмыс. Ойлау дағдысы: қолдану, талдау

«Визуалды коллаж» әдісі арқылы топтық жұмыс ұйымдастырады

1-топ: Берілген суреттегі бағдаршамен көрсетілген сүйектердің атауын, типтерін ажыратыңыздар.

Ортан жілік сүйегін синквейн әдісі арқылы сипаттаңыздар.

2-топ: Берілген суреттегі бағдаршамен көрсетілген сүйектердің атауын, типтерін ажыратыңыздар.

саусақ сүйектерін синквейн әдісі арқылы сипаттаңыздар.

3-топ: Берілген суреттегі бағдаршамен көрсетілген сүйектердің атауын, типтерін ажыратады. Қабырға сүйегін синквейн әдісі арқылы сипаттаңыздар.

Оқушылар топтарда мұғалімнің бағыт берумен берілген тақырыпты талдап, жаттығу жұмыстарын орындайды

Оқушылар жұмыс барысында оқулықпен қатар әлеуметтік желі ресурстарын қолдана алады.

.



Дескриптор

Берілген суреттегі бағдаршамен көрсетілген сүйектердің атауын, типтерін ажыратады.

синквейн әдісі арқылы сипаттайды


ҚБ: «Бонус карта»

Мұғалімнің бағалауы


Топтар бірін бағалауы

А4, А3 форматтар, компьютер, ғаламтор желісі, стикерлер, түрлі түсті қағаздармаркерлер

Shape1

Сабақтың ортасы.

Мағынаны жинақтау

6 мин




Тапсырма-3 Жұптық жұмыс

2;4;6; 8 сандарымен берілген сүйектерді атаңыз және қызметін анықтаңыз.



2_______________________

4_______________________

6_______________________

8_______________________


Дескриптор:

- тірек- қимыл жүйесіне қатысатын №2,4,6 және 8 санмен берілген сүйектерді атайды

- тірек-қимыл жүйесіне қатысатын №2,4,6 және 8 санмен берілген қызметін сипаттайды Жалпы – 2 балл;


Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

7 минут



















Оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.


Тапсырмалар айдарындағы тапсырманы орындатады, бақылайды

Функционалдық сауаттылық тапсырмасы

Мәтін: Аружан спортзалда жаттығу жасап жатып, оң қолын қатты ауыртып алды. Ол дереу дәрігерге барды. Дәрігер рентген түсіріп, оның білезік сүйегінің сынғанын анықтады.












3-тапсырма

Сараланған тапсырма. Деңгей. Жинақтау «Ойлан, тап» әдісі күрделі логикалық

«Ситуациялық сұрақтар» әдісі арқылы оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру;

Жағдаят:

Аружан спортзалда жаттығу жасап жатып, оң қолын қатты ауыртып алды. Ол дереу дәрігерге барды. Дәрігер рентген түсіріп, оның білезік сүйегінің сынғанын анықтады.

Сұрақтар:

1. Аружанның білезік сүйегі қандай сүйектер тобына жатады (ұзын, қысқа, жалпақ)?

2. Адам денесінде білезік сүйектері қандай қызмет атқарады?

3. Егер сүйек дұрыс емделмесе, қандай асқынулар болуы мүмкін?

4. Ағзаға кальций мен фосфор не үшін керек екені туралы пікірлеріңді айтыңдар. Олар қайда болады?

бар?

Дескриптор:

Қойылған жағдаяттық сұрақтарды шешеді Жауаптарына талдау жасайды адам қаңқасының құрылымдарын зерделейді;

Жалпы балл-2


Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс

2 минут

Кері байланыс

«Бағалау пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс жасауды ұсынады

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Қатысушылар «Бағалау пирамидасы» арқылы кері байланыс жасайды



Мұғалім оқушыларды «Білім класс» әдісі арқылы бағалайды.




Үй тапсырмасы

1 минут


Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі






























Берілген сүйектерді «+» тиісті бағанға қойыңдар

бассүйек

Қол қаңқасы

Аяқ қаңқасы

Толарсақ сүйегі




Тоқпан жілік




Шүйде сүйегі




Самай сүйегі




Бұғана




Қасаға сүйектер


















Берілген сүйектерді «+» тиісті бағанға қойыңдар

бассүйек

Қол қаңқасы

Аяқ қаңқасы

Толарсақ сүйегі




Тоқпан жілік




Шүйде сүйегі




Самай сүйегі




Бұғана




Қасаға сүйектер








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
263
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі