Тақырыбы:Адам табиғат
қорғаны.
Мақсаты:
1.Табиғатты қастерлеу,жасыл даланың көркемдігін
сақтау,табиғатқа жанашырлықпен қарау,оқушыларды табиғатты қорғауға,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
2.
Оқушының тілін,ойын,шығармашылық қабілетін
дамыту.
Көрнекілікті: интерактивтік тақта,табиғат туралы
суреттер,нақыл сөздер,балалар шығармасы.
Сабақтын
барысы (музыка ойнап
тұрады).
Кіріспе
сөз . Мұғалім: Табиғат сөзі кең
ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін
орта Ерте кездерде халқымыз
табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды
өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен
адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін
алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы
өздері қастерлеген жерлерді «әулие-бұлақ», «әулие-ағаш» деп атап,
оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар,
т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің
иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде
рұқсат етпеген.
1-оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген
еркемсің,
Жаным сенен жаратылған
өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып
туғаным,
О,туған жер! Тамашасың,
көркемсің.
2-оқушы: Иә,туған жер,өскен ел жүрекке
жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп
жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар,аса көркем,бар сұлулықты
өн бойына жинап алған өлке.
3-оқушы:Табиғат- адам баласынын
дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін,күн шуағын
жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.
4-оқушы:Табиғат- адамның бойына
қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен
әсемдік әлем. Табиғат-әлем денсаулығының сақшысы,жаңға дауа
шипагер.
Кең
дала көремісің сонау жатқан
Жібектей жасыл шөппен бетін
жапқан.
Асқар тау,айдын шалқар,
көл,өзен,
Әке,сол анам еді мені туған.
Ән: «Ана».
5-оқушы:Табиғаттың басты байлығы-жер.
«Күте білсең, жер-жомарт» деген халық мақалы тектен-текке
айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан
алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны
денен тиіп кетсе ұғады.
Еңбегінді есесінен беретін.
Жақсылықта топырақтан шығады.
6-оқушы: Тіршілік атаулының өмірлік
өзегі,арманы-таза ауа.
Тіршілікте не ғой дейсің ең
қымбат,
Тіршілікте адам қымбат,сен
қымбат.
Ал
адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа
қымбат,алатұғын дем қымбат.
7-оқушы: Табиғаттың көркін
ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су.
Су-адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету
мүмкін емес. Су –адам жүрегіне жыр,көңіліне нұр,сезіміне гүл
сыйлайтын берекелі зат.
Су
деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су
деген табиғаттың жаны емес пе?
Су
жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес
пе?
8-оқушы: Табиғат-ол өсімдік.
Өсімдік-бүл жасыл желек,көк майса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік
ашыққанда тамақ, шөлдегенде-сусын,ыстықта көлеңке сая,суықта пана,
ауырғанда-дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі-гүл.
Өсімдік таза ауа,еліміздің дәулеті-жасыл-желек
орман.
9-оқушы: Табиғат –ол жануарлар әлемі
.Жүгірген аң,ұшқан құс, ән мен сәннің иесі-бұлбұл,орман-тоғай
емшілері- тоқылдақ болса, дала ажары- ақ
бөкен.
Бөкеннен сұлу аңды мен
көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең
көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді,
Адамның баламсынын кем көрмедім. ( Сәкен
Сейфуллин)
10-оқушы: Ал, су аруы- аққу. Аққу
тәбиғатымыздың сәні емес пе?
Аққулар, аққулар мойын сүмбе
қанат,
Алаңсыз тарануда күнге
қарап.
Тарақ етіп тұмсығымен тарайды
кеп,
Тарайды кеп,тарайды қауырсынын.
Аққулар,аққу мойын сүмбе қанат.
Көрініс.
(Мылтық асылған аңшы жан-жағына қарайды,ұшып келе
жатқан 2 аққуды көреді де біреуін атады. Тосыннын бір адам
шығады).
-
Ей,
кімсің?
-
Тірісің бе? Жаның бар ма?
-
Аққуды неге атасың, арың бар
ма?
-
Таста қаруынды!
-
Кел
бері,кеуденде жаның бар ма?
-
(екінші адам) Тиме аққуға!
-
Мендейлердің атын ал,түйесін
ал.
-
Тиме аққуға! Аққудың иесі бар.
-
Мендейлердің затың ал, биесін
ал.
-
Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.(Аққуды көтеріп
алып кетеді).
(бірінші адам) Көз алдымда көгілдір тау
мұнартып,
Аспанымда аққудын әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді туған
далам,
Жатамын көк шалғында жаным
балқып.
11-оқушы: Табиғат сенде бәрі
ортақ,
Аспаның,күнің,айында.
Тегінде жаның жомарт –ақ,
Ізгілік жатыр бойында.
12-оқушы: Табиғат қызығам сенің с
уретіне,
Бас
ием сенің құдіретіне.
Тұрасың күллі әлемге нұр
таратып.
Тұтқасы тіршіліктің бетінде.
Мұғалім
сөзі: Сонымен біз табиғат туралы
білгенімізді , білетінімізді ортаға салдық.Енді табиғатты қалай
қорғап қаламыз?
Осы төңірегінде ой қозғасақ
Ой-қозғау. Қазіргі кезде барша адамзат
алдында тұрған келелі де,кұрделі де мәселелердің бірі – табиғат
ананы қорғау, оның байлығын ұқыпты пайдаланып, кейінгі ұрпаққа
қалдыру. Халқымыз ата заманнан бері жерін,суын қадірлеп,қасиет
тұтқан. Кейінгі ұрпаққа үлгілі,өнегелі тәрбиелік мұрағат боларлық
мына жолдарды есте сақтайық.
Сұраусыз суын бұзғызбай – суын
қорғаған.
Жөнсіз жерін жыртқызбай – жерін
қорғаған.
Көк майса шөбін таптатпай – шөбін
қорғаған.
Ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің
берекесін
кетірмей – жануарларын
қорғаған.
Ал,
біз болашақ ұрпақ табиғатты қалай қорғап,сақтап
қаламыз?
-«Бір ағаш кессең,он ағаш ек» - «Жасыл ел»
бағдарламасына ат салысамыз.
-«Судың да сұрауы бар»- суды ысырапсыз
пайдалануға жол бермейміз,ластамаймыз.
-Орман,тоғайды,бақтарды күл-қоқыстан
тазалап,өрттен қорғаймыз.
-Аң,құстарды рұқсатсыз атуға тиым
саламыз,қамқорлық жасаймыз.
Табиғатқа байланысты қандай ырымдар мен тыйымдар
сөздерді білесіңдер?
-
Ұя бұзба
-
Суға түкірме
-
Жасшыбықтыкеспе
-
Құмырсқаныңилеуінбұзба
-
Аққудыатпа
13-оқушы: Табиғат- адам баласының
дүниеге келтірген аяулы-ана,бүкіл тіршілік атауының алтын үясы және
аялы бесігі,құтты қонысы мен өніп-өсер
мекені.
Табиғатты сүйіндер
Сүю
үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіндер.
Апаттан оны сақтандар
Ебін тауып баптандар.
Шығармашылық жұмыс:
-
Егер табиғатқа тіл бітсе ... деген тақырыптарға өз ойларынызды
ортаға салайық. Мен қазір алғашқы жағын бастаймын сендер
жасғастырасыздар.
-Егер мен ақын болсам,табиғат,табиғат сұлулығын
түсіне білуге,қорғай білуге үйрететін,табиғат ананы қорғауға
шақыратын өлендер жазар едім.
-Егер сен суретші болсан...
-Егер мен суретші болсам,жиі өртеніп,құрып бара
жатқан орман даланы,ластанған ауа,бүлінген жеғрімізжің кескінін
суреттер едім. Адамдарға ой салып табиғатты қорғауға шақырар
едім.
14-оқушы: 2030-дың
барасының
Еш
нәрседен саспайтын арысымыз.
Өркениетті елімізді
гүлдендіреміз
Алға қойған негізгі парызымыз.
Бәрі хормен:
Табиғаттың панасымыз-
Түйіп айтар сөзіміз.
Табиғаттың панасы-
Біздің м ына өзіміз.
Қорытынды
Ертеден қалған өсиет сөздерде «Көзіңді қалдыр –
бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр,
өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі
өзіңнен кейінгі ұрапағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан
көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман –
құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.