400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Адамдық борышың

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға қажет, дөңгелек стол үйымдастыруға көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тоқтағұлова Нұржамал Шаленқызы

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі



«Адамдық борышың» атты Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған дөңгелек үстел сценарийі

Өткізілу түрі: әдеби-сазды кеш


Мақсаты: Дарынды және қабілетті оқушыларды пікір айта білуге баулу, өзіндік көзқарасы мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,оқушылардың борыш, міндет сынды асыл құндылықтардың мәнін пікіралмасу барысында ашуына мүмкіндік жасау,Отан,Туған жер,ата-ана алдындағы парызды түйсіну,сезіну сынды қасиеттерді дөңгелек үстел арқылы дарыту.


Слайд №1

1-жүргізуші:

Адамдық борышың,-

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта, оны біл.

Талаптан да, білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,өнерсіз,

Болады ақыл тұл.

Мақтанба, салынба,

Мансаптың тағы үшін.

Нәпсіңе билетпе,

Басыңның бағы үшін


2-жүргізуші:Армысыз, сөз қадірін өз қадірім деп білетін,аталы ой мен баталы сөзден тәлім алуды мақсат еткен көзі қарақты көрермен және азамат ретінде айтарым бар, «Адамдық борышың...» атты сүбелі тақырыптың талқылануына үлес қосам деп жиналған дөңгелек үстелге қатысушы жастар!

Алдымен, дөңгелек үстелге қатысушы ойы оралымды,қиялы қарымды жастарды таныстырып өтейік.

Слайд № 2


1-жүргізуші: Ұлтының адал перзенті Шәкәрім қажы сөзін болашаққа осылай арнады. Дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығымен танысқанда, ақынның ұлтын ерекше сүйетіндігіне танданасың. Ол ең алдымен адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жырлай отырып, үлкен философиялық жырлар жазды. Әрбір қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы адам деген биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.

2-жүргізуші: Қазақ халқының мәдениеті тарихында үлкен орын алған ойшыл, ұлы ақын, философ Шәкәрім қазақ даласында философия көшімен бірге келіп, сол кемеңгерлік жолда талмай еңбек етті, мол философиялы, терең ойлы сөздермен жазылған, шығармаларын бізге жеткізді, прозалық трактат үлгісіндегі «Мұсымандық шарты» , «Үш анық» әлем әдебиетіндегі озық туындылар санатында.

Слайд №3


1-жүргізуші: Абай қарасөздерінің жалғасы іспеттес туындылар, «жаны таза адам», таза иман іздеу концепциясын жалғастырып, толықтыра түсетін философиялық эсселер десе де болатын сияқты. Бұл көркем прозалық туындыларында ақыл ой мәселесі, ақыл ұғымы, сондай ақ жақсы мен жаман, ақ пен қара, ардың тазалығы мен моральдық-эстетикалық категориялар төңірегінде кемеңгер ақын философиялық ой қорытады. Қандай мәселе төңірегінде ой айтса да, Шәкәрім оны қазақ өмірінің шындығына мейлінше жақындата түсіндіруге ұмтылады. Мәселен «Үш анық» еңбегінің негізгі идеясы: Сенім ақиқаты, жаратушы болмысын мойындау, жан мәңгілігі туралы идея.

2-жүргізуші: . Ең басты шарт – «адам болу»,- деп Шәкәрім адам болудың ең басты шарты таза еңбек, адал еңбек дегендерді айтады.

Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,

Адамды сонда адам деген мақұл.

«Таза еңбек деген не? Еңбек әрекеті адамның ішкі болмысы мен ниетінің,қажыр-қайратының икемділігінің категориясы. Еңбек қарекетінің түзу жолға бағытталуы , ол- адал еңбек. Шайтандық әрекет зұлымдыққа бастайды. Шәкәрім адал еңбекті ізгілікті еңбек деп көрсетеді. Еңбегіңнін ізгілікті іс шықса, ол қаракет. Шәкәрім айтуынша, осындай адал еңбек ізгілік жолына, халық мүддесіне қызмет етеді. Ізгілікті еңбектен таза ақыл шықпақ. Ал,ақылы толық,кемел ойлы адам біреуге қиянат жасамайды.Табиғаттан нәр алған,алланың жаратқан тіршілік иесіне мейірім шуағын төге қарайды.Ал, мейірім деген - ізгіліктің формасы.

Слайд №4

1-жүргізуші: Алдымен Шәкәрім ақынның «Адамдық борышың» өлеңін тыңдап көрелік.

Ақынның осы өлеңді жазудағы мақсаты не деп ойлайсыздар?

Шәкәрімнің «Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл» деген өлең жолдары нені меңзейді?

«Борыш» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

«Азаматтық міндетім» деп нені атар едіңіз?

(Оқушылар жауаптары тыңдалады)

2- жүргізуші: Танымал ғалым Асқар Жұмаділлаев : «Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң –бақыт деген осы!- деп айтқандай, әрбір ұлтын сүйген, жеке басының арман-мақсаты мен мүддесін ұлт болашағына арнай алатын ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз.Бала тәрбиесі,оның саналы әрі ұлтжанды болып шығуы әр педагогтың парызы.Ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынов: «Ұлым дейтін ұлт болмаса,ұлтым дейтін ұл қайдан болсын» деген болатын.Отан,Туған жер,ұлт болашағы жұдырықтай жүрегін толғандырып жүрген,бойындағы дарыны мен қабілеттерін өлең-жырларымен өріп, ел игілігіне жұмсауды мақсат етіп жүрген шығармашыл жастардың балауса жырларына құлақ түрейік.

(Жас ақындар шығармашылығына кезек беріледі)


1-жүргізуші: Ел ішіндегі кейбір келеңсіздіктерді көріп-біліп,түңілген ақын,ақылы мен білімін залалды жолға, алдап- арбау,арамдықпен мал табуға сарп еткен ел басқарушылардан жиреніп, «жолама қулар маңайға» деп толғанады. Бұларда ақыл бар, бірақ ол таза ақыл емес. Ол қандай ақыл? Зұлымдыққа жұмыс істейтін ақыл» дейді ақын.Бұл ойды Шәкәрім ағасы Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң арқалан» деген ойымен сабақтастырған. Таза еңбекпен пайдаланса, адамды сонда «адам» деген мақұл. Олай болмаған кезде адам залым. Ол әлемнің жауы, адамның дұшпаны»,- деген пікірді философ ғалым, Ғарифолла Есім Шәкәрім жайлы мақаласында зерттеп көрсетеді. Мәселе дәл осылай Шәкәрімге дейін біздің Отандық философияда қарастырылмаған.

Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек!
Жалмағанша, жәрдемің тигізсеңші,
Жығылған, жылағанға болып көмек.
Мархаматты теріс деп кім айтады,
«Адамшылық – сол» дейді тамам зерек.
Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам –
Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.


2- жүргізуші: Ол «Мұтылған» философиясы атты ғылыми мақаласында: «Бұл өмірдің мәні туралы Шәкәрім өмір философиясы хақында тек өлең жазумен шектелмей, санасындағы сансыз сұрақтарға жауап іздеп, Меккеге барып қайтқандығына тоқталады. Ол бұл сапарын тек қажылыққа ғана бағыштамаған, өзіне-өзі қойған сұрақтарына жауап іздеген.Елден безіп, оңаша жер іздейді. “Қауымнан қаштым қағылып, оңаша өмір сағынып” — дей келе “ойға оңаша жер керек, ойыңды ұғар ел керек” — деп тағы қапаланады»,- деп көрсетеді. Адамның адамгершілік қасиетін ұстазы Абай хакім екеуі жоғары мағынада түсіндіріп айтып берді.

Слайд №5

1-жүргізуші: Құрметті, дөңгелек үстелге қатысушы жастар,

Абыройлы адам деп кімді айтар едіңіз? Өз құрдастарыңыздар арасынан кімді абыройлы азамат деп айтар едіңіз?

2-жүргізуші: Бізде «ар» сөзіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беріледі? «Шәкәрім» энциклопедиясында А.Тоқсамбаева: «Ар - адамгершілік сана, этика-философиялық категория. Адамгершілік (адамшылық, адамдық) қазақ халқында адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтық мағынасын білдіретін ұғым-өлшем болса, Ар оның шығу тегі, бұлақ бастауы. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді.

 1-жүргізуші: Ар - адамдық сананың негізі деп: «ар түзер адамның адамдық санасын» деген өлең жолдарымен Шәкәрім де айтқан. Шәкәрімше айтқанда ар өзіне жақын, әлі ара жігі ашылып зерттелмеген ұят, ұждан ұғымдарымен бірлікте.Шәкәрім «Ашу мен ынсап» атты өлеңінде «ар» сөзін бірнеше рет қайталанған:

2-жүргізуші:

Бәріне де құлақ сал,

Рахым, ұят, ар қайда?

Көп наданнан жасқанып,

Сорлың елге бас ұрған.

Рахым, Ұят, Арының,

Бетін топырақ жасырған.

Дайын қылдым бәрін де,

- Сақтық, Ұят, Рахым, Ар,

Ынсап деген кәрің де. –дейді.

 

 1-жүргізуші:

Бағаласам, адамның бәрі арманда

Санай берсем, табылар сан арман да.

Өзі білмес, білгеннің тілін алмас,

Анық ойлап қарасам, әне, арманда, деп түйіндейді.

Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ:

Білгеніңнің жақсысын қыл,

Білмегенді біле бер.

Білген ердің бол шәкірті;

Білмегенді қыл шәкірт.

2- жүргізуші:

Үйренуге қылма намыс,

Үйретуге болма кер.

Пайда қылмай бір адамға

Пайда қылма сен одан.

Неге десең «босқа аламан»

Ол білгеннің ісі емес.

Слайд №6

1-жүргізуші:

Жастар, қалай ойлайсыздар: Өнер мен білімді игілікке жұмсау деген не?Ақын неліктен оқып үйренуден жалықпа! Шәкірт болуды намыс көрме! деп толғанады?Отан алдындағы және отбасы алдындағы парыз туралы ойыңыз?

Міне, осындай өлеңі арқылы ол, өз халқын өмір бойы ғылым білім үйренуге шақырып өтті. Әсіресе жастардың оқу оқып, еңбек етіп, халқына пайдасын тигізуін көкседі. Өзінің философиялық ойлары, тұжырымдары арқылы халқының ертеңіне мол үмітпен қарады. Ғұлама ақынның өзінің де бар өнері халықтың игілігіне жұмсалған еді.

2-жүргізуші: Кешегі Асан қайғы бабасындай жер - жерді шарлап, шұрайлы жерін таппаса да, өз дәуіріндегі, заман тынысына «қайғы философиясы» құшағына түскен сол заманның Асан қайғысы.

Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті.

Слайд №7

1-жүргізуші:

Абай ақын жастарға «Бес нәрсеге асық бол! Бес нерседен қашық бол! –деп айтқан болатын.Оның осы идеясын Шәкәрім «Адамдық борышың» атты өлеңінде жалғастырды. Адам бойындағы қандай қасиеттерді ең асыл деп бағалар едіңіз?Қандай әрекеттеріңізбен елге пайда келтіруді жөн деп есептейсіз?


2-жүргізуші: Адамдық борыш - өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды.

1-жүргізуші:Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. Ал, Шәкәрім қажы адамдық борыш турасында: «Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл», - дейді.

Слайд №8


2-жүргізуші: Шәкәрім ақынның ағасы әрі рухани ұстазы Абай ақын «Кісіге қарап сөз алма,сөзіне қарап кісіні ал» деген екен.Осы сөздің мәнісі неде?Кісілік деген не? Кішілік деген не? Жастар,сіздер қандай істі ардың ісі деп санайсыздар?

1-жүргізуші: Адамдық борыш –абыройлы іс.Абырой дегеніміз ар адамнын бойында болуы тиіс қасиет.Адамгершілігі ,ұяты ,еңбекқорлығы бір жерде түйіскен  адам ғана абыройлы бола алады .Абырой - жүректін қойнауында ұйықтап жататын бір тылсым күш .Оны тек оята білу қажет .Бұл оңай болып көринсе де ,шын манинде оте қиын .Оятқанның өзінде де бұл күшті қашырып алмауымыз керек.Сонымен қатар абыройлы болу парызымыз.

Слайд №9

2-жүргізуші: Абыройлы болу өмірге келген ар перзенттін анаға деген парызы сияқты. Бұл парыз басқаларға қарағанда маңызды болып табылады.Ұятың мақұлдамаған нəрсенiң бəрiнен сақтан. Ұяла бiлетiн ғана борышты сезiне алады.

1-жүргізуші: Ар –ұят айналаңдағы адамдарды түсінуге көмектеседі.Ал борыш адамға риясыз жақсылық жасай білуге және оларға жәрдем беруге көмектеседі.Ұят түтін емес,көзді ашытпайды, бірақ ұяты адамның жанын ауыртады.

Слайд №10

2-жүргізуші:Адамның бойында оны ұдайы мазалайтын өз жеке басының соты, ар кодексі бар,оның аты –парыз.Адамзаттың биік тұлғалы саналатын тұсы - баршаның алдындағы борышым дейтін, соны түйсінген,өзін соған жауапты сезінген сәті.

  1. жүргізуші: Жастар,біз бүгін келелі тақырып «Адамдық борышың» жайында пікір алмасып, азамат ретінде өз ойымызды, көкейімізді кернеген пікірлерімізбен алмасып, тақырыпты талқылып, түйіндедік.Хош,сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
1373
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі