Тәрбие сағатының
тақырыбы: Адамгершілік – рухани
байлық. Мақсаты: Баланың бойына
рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата
білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.Бір-бірімен
қарым-қатынастарын жақсарту,оларды адамгершілікке
,имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті,
дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға
даярлау. 2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта
білуге дағдыландыру.
Түрі: Пікіралысу
Тәрбиелік
бағыты: Ақыл-ой. Рух.
Адамгершілілік
Көрнекілігі: музыка,үлестірмелі
материалдар, слайд, түрлі-түсті
стикерлер
Сабақтың
барысы:
-
Рефлекция
-
Ұйымдастыру
кезеңі
Тыныштық сәті. Көзіңізді жұмып, терең дем алыңыз, денені босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен
келе жатқаныңды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз.Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен,сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шықтыңыздар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып,өзіңізді қауіпсіз сезіндіңіз, су астында жүзу қандай керемет.
Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі
жарқырай қалқыған. әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар.
Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем.орасан зор әдемі балықтар.
Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осытыныштық күйде болыңыз (бірнеше секунд үнсіз
қалады..
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға
жақсылып қарап алыңыз.
Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді
дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға
жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және
осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық
білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз.
Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз
бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
2. Адамгершілікке қандай
қасиеттерді жатқызуға болады? (топтастыру) – стикерлер
арқылы
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің
бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру,адамдық ар-намысты
ардақтау,әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.
Бекіту. Мен не істер едім?
3 топқа бөлініп, жағдаяттар
беріледі. Сол жағдаяттардың шешімін табу керек.
Шығармашылық тапсырмалар
3 топқа бір-бір тақырыптан
беріледі. Сол тақырыпқа байланысты әңгіме
құрастыру
Қорытындылау. « Жүректен
жүрекке» жаттығуы.
Балалар бір-біріне шынайы
тілектерін білдіреді.