Адамгершілк ордасы -Отбасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамгершілк ордасы -Отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні бойынша ата-аналарға арналған семинар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп №4_ОМ__Мерзiм16.03.17

Мұғалiм: Аждарова.Ж.А

Сынып:11

Оқушылар саны:14

Тақырып Ата-анаң – алтын тұғырың

Құндылық: Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет

Қасиеттер: парыз, жауапкершілік, ізеттілік, сыйластық________________________


Мақсаты:Ата-аналарға деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін нығайта отырып, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.

Міндеттері:

1.Білімділік. Отбасындағы мейірімділікті, сыйластықтың өмірлік мәнін түсіндіру;

2.Дамытушылық. Дұрыс ойлап, әр іске жауапкершілікпен қарау ддағдыларын дамыту;

3.Тәрбиелік. Сыйластыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.







Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Дәптер, видео үзінді, кітап

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлеу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:“Мен нұрлымен.Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақ:

  • Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

  • Қандай әсерде болдыңыздар?

Қорытынды: Олай болса, осы нұрды жүректеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды сақтайық. +



Үй тапсырмасын тексеру

91 беттегі Б.Соқпақбайевтың "Менің атым Қожа" шығармасынан үзінді оқу.

Сұрақтар:

1. Әңгімеде не туралы айтылған?

2. Басқа балалардың әке туралы сөздері Қожаны қандай ойларға баурады?

2.Бала Қожа анасын неге аяйтын еді? Қожаға анасынан қандай қасиеттер жетпеді?

3. Қожаның әкесі қандай адам болған?


1. Айналадағы адамдарға сүйіспеншілікті қандай дұрыс әрекеттер арқылы бере аламыз?

2. Сендер ата-аналарыңа қандай жақсылық жасап жүрсіңдер?

3.Отбасындағы жақсы қарым- қатынасты сақтап қалу үшін қандай дұрыс әрекеттер жасау керек?

Ой түйіндеу. 


Ата-аналарымыздың риясыз сүйіспеншілігін, дүрыс түсіне отырып қиянат жасамауды ұстануымыз керек.

Ескерту

Дәйексөз.

Әке -асқар тау,

Ана-ағып жатқан бұлақ,

Бала жағадағы құрақ.

Халық даналығы


Біз ата-анамыздың жалғасы, өмірдегі гүлі, ұрпақ жалғастырушымыз, сондықтан дұрыс әрекетіміз арқылы олардың мәртебесін көтеріп көтеріп жүру адамгершілік парызымыз. Әке біздің желден, бораннан қорғар панамыз, ана-қиналғанда сусыны мен шөлімізді басатын бұлағымыз.


3-рет қайталап, 3-4 оқушыдан жатқа сұрау.

Сұрақтар:

1. Әке -асқар тау,

Ана-ағып жатқан бұлақ -деп, алуымыздың мәні не де?


2.Біз ата-анамыздың жалғасы, мақтанышымыз сондықтан дұрыс әрекеттер жасауда қандай қасиеттерді ұстанамыз?

Қорытындылау

Олай болса, ата-анаға деген сүйіспеншілігімізді әр ісімізде көрсете білейік.






Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

"Соқыр ана" үзінді көрсету.

Мазмұны

Жол апатына ұшырап жолдасы қайтыс болады. Ұлының көзіне зақым келгендіктен үлкен тәуекелге барып, көзін береді. Бірақ бұл жайлы ұлы мүлдем білмей, анасының сырт келбетіне ұялып, көп қиянат жасайды. Оқуын аяқтап, үлкен қалаға оқуға кеткенен анасы мен хабарласпай, сол жақта от басын құрып, балалы болады. Араға көп уақыт салып, анасы қалаға келеді. Үйіне келген анасын балаларымды қорқытасың деп қабылдамай, дөрекі мінезі мен қуып жібереді. Бұл әрекетіне балалар үйінде өскен әйелі ренішін білдіріп, кетіп қалады. Көп ойланып, анасын іздеп келгенде анасының хатын көршілері береді. Бұл кезеде анасы қайтыс болған. Хатта барлық шындық айтылған еді. Бәрі кеш болған еді.

1.Осы жерден қандай құндылқтарды көріп отырмыз?

2.Ананың сүйіспеншілігі қандай деңгейде?

3.Баланың қателігін түсінуге не түрткі болды?

4.Шынай өмірде болуы мүмкін бе?

5.Дұрыс әрекетті кімнің бойынан көре аламыз?


Ой түрткі.

Ананың шектен тыс сүйіспеншілігі Әлидің дұрыс әрекет жасасап, ақиқатты тануына кедергі жасады. Ақиқатты білмей жатып адамдарды , жақындарымызға қиянат жасауға асықпау керек. Сондықтан...,,,











Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

93-94 беттердегі нақыл сөздерді пайдала отырып, "Ата-анам берік қорғаным" тақырыбына эссе жазу.




















Топпен ән айту.


Әке

Отқа түстің суға түстің мен үшін

Енді міне бағын берді жемісін

Бала қыран шыңға шықса бұл күнде

Мұның бәрі әке сенің жемісің

Қайырмасы

Анашымды отырғызып жаныма

Той берейін салып алақаныма

Ей адамдар шүкіршілік етіңдер

Мына өмірде әкелердің барына

Тек әкелер сендер ғана лайықсың

Хан сарайы патша тағына


Алатаудай қадірін білесің бе?

Армандау мен ұлдарың өсуде

Алтын шапан кигізсемде аз саған

Айтшы әке не істей алам мен саған

Кайырмасы


Ана жұмақ, әке жұмақ қақапасы

Бұлар жаққа бұрсаңдаршы ат басын

Бір күндері жұмақ іздеп барғанда

Қапа болып қапа ашылмай қалмасын

Қайырмасы




Сұрақ.

Өлеңде қандай қасиеттерді байқаймыз?

Түйін.

Ата-анамыз біздің қасымызда мәңгі жүрмейді, өкінбейтіндей дұрыс әрекет жасайық


Үй тапсырмасы.

95 бет №21 сабақ

Қаз дауысты Қазбек би. Жаттап келу.

Шығармашылық жұмысты аяқтау.









Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.


Қорытындылау: Балалар, көзімізді жұмып отырып, бүгінгі сабақта айтқан құндылық пен қасиеттерді есімізге түсірейік те, жүректерімізге түйіп қояйық. Іштеріңізден: «Мен өзімді сүйемін, өзіме өмірдің бар жақсылығын тілеймін. Менің өмірім өз қолымда, сондықтанда, өзімінің адамгершілік қасиеттерімді жүзеге асыруға дайынмын»

Түйін.

Олай болса балалар, дұрыс әрекет жасай отырып сүйіспеншілігіміз бен ата-аналарымыздың , Отанымыздың үлгі тұтар азаматтары болайық.

Бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Сау болыңыздар!











Мұғалім: __________ Ж.А.Аждарова


Директор : _ Д.Ж.Турсынбаев






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
444
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі