жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адами асыл қасиеттер
|
Ортақ тақырып: |
«Құндылықтар» |
|||
|
Пән: Әдебиеттік оқу |
Мектеп: Ғ. Мұратбаев |
|||
|
Күні: 05.10.2020 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: А. Бегалы |
|||
|
Сынып: 4 «Б» |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақ тақырыбы |
Адами асыл қасиеттер |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру 4.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Өз ойын, сезімін салыстыра алады. Әр өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра алады. Көптеген оқушылар: Орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып, түзете алады. Кейбір оқушылар: Өлеңдер ішіндегі сөздерден «Құндылықтар» сөзіне ассоциация құрастыра алады. |
|||
|
Жетістік критерийлері |
|
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
Сабақ барысында жаттығуларды орындау, сын есімді анықтауға арналған әдебиеттік оқу пәннен алған білімдерін пайдаланады. |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Суреттер |
|||
|
Бастапқы білім |
Адами құндылықтарды ажырата алады, оларға түсініктеме бере алады. |
|||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 10 минут |
Сергіту жаттығуы «Кездесу» ойыны Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады. Жаңа топ құру Топтарға бөлу. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бірігіп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 2-топ «Көк кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау «Ойыңмен бөліс» айдары (Т) «Ойқозғау» әдісі бойынша жаңа сабаққа көпірше жасауға болады. – Сен үшін қымбат кімдер, нелер? – Саған не қиын? ҚБ: дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау. Сабақтың мақсатын айқындау. Сабақтың тақырыбы мен күтілетін нәтижені хабарлау. |
Оқушыларды топтарға біріктіруге арналған суреттер.
Тиімді кері байланыс орнату.
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары |
||
|
Сабақтың ортасы 20 мин |
Мұғалім: Оқушылар осындай сұрақтарға біздің алқалы билеріміздің бірі Қазыбек би өз жауаптарын бізге қазына ретінде қалдырыпты. Қазыбек би туралы естулерің бар ма? (Оқушы жауаптарын тыңдап, толықтыру) Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764) – мемлекет басқару ісіне белсене араласқан. Орта жүздің атақты биі. Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Жоңғарлар қолына түсіп қалған Абылай ханды тұтқыннан босатып алған. Ел ішінде оны Қаздауысты Қазыбек би атап кеткен. «Түсініп оқы» айдары (Т) Өлең мазмұнына сәйкес суретті сипаттау «Көрме» әдісі бойынша жүргізіледі. Әр топ өздеріне берілген өлең мазмұнына сай постер құрастырады. Ол сурет немесе тірексызба көрінісінде болуы мүмкін. Осы бойынша көрші топ көрме барысында өзге топтың өлеңінің мазмұнын қаншалықты түсінгенін баяндайды. Содан кейін әр топ өздеріне берілген өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашады. «Ойыңмен бөліс» айдары Бұл айдармен барлық топ жұмыс істеп, жауабын стикерге жазып, сабақ соңында өткізіп, уақытты үнемдеуге болады. - Өз бетіңмен қиындықты жеңу дегенді қалай түсінесің? Өлеңді қайталау әдісімен еске түсіру. Ақын өлеңде бір нәрсені, құбылысты бірнеше рет қайталап, сөз әсерін күшейте түседі. Бұл – өлеңдегі қайталау әдісі.
Түсініп оқы Әйтеке шешен Әйтеке би (1667 – 1700) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі. Қазақ елінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы, кеңесші би болды. Әйтеке бидің кесенесі Ташкенттен 75 шақырым жердегі Қауыншы және Шыназ ауылдарының маңында. «Жаңа сөздер сандығы» Орманбет би – Орта жүздің биі «Есіңе түсір» айдары - 3-сыныпта оқыған Әйтеке бидің ағайын-туыс, мінез-құлық туралы сөздерін есіңе түсір. ТЖ. Шешеннің пікірін оқып, топтастыру сызбасын құраңдар. «Дәлелде» айдары «Бұрыс па, дұрыс па?» ойыны барысында Асан тақтаға жазған нақыл сөздердің дұрыс-бұрыстығын дәлелдейді. Яғни, шамның жанатынын, балдың сұйық болғандықтан ағатынын айтады. Жақсылардың үлгісі – Жанып тұрған шамдай. Шешендердің сөзі – Ағып тұрған балдай. Дескриптор: Өлеңге түзету жасайды. |
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|
||
|
Сабақтың соңы 10 минут |
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады. «Тұжырымда» айдары Шешендердің сөздерінен өзің үшін үлгі болатын сөзді анықтап, тұжырым жасайды. Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Кері байланыс. Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.
|
Түрлі түсті суреттері бар журналдар, флипчарт, желім
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. |
||
|
Үй тапсырмасы: Өзіңе ұнаған шешендік сөзді жаттап ал. |
||||
|
Қосымша ақпарат |
||||
|
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? |
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. |
|||
|
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау парақтары |
|||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
|
|||
|
Қорытынды бағалау |
||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген