Тренинг
тақырыбы: «Адами қарым –қатынас
ізгіліктері»
Мақсаты:Өзара
қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
Ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған
жұмыстар, мейірімділік атмосферасын
орнату.
Бүгінгі
мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен,қарым
–қатынасымыз қандай,олар кімдер,біз
кімбіз, өзімізді өзіміз тани аламыз ба?
Деген сұрақтарға жауап іздеп,тұлғаның
даму көзқарасын анықтау. Яғни, әріптестер
бір –бірімізбен сыйластық қарым
–қатынаста болуға, стрестен арылуға
арналған «Адами
қарым –қатынас ізгіліктері» психологиялық
тренинке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға
шақырамыз. Ендеше сіздерге сәттілік
тілей отырып,тренингімізді бастаймыз.
Тренинг
ережесі:
1.Құпиялылық
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді
бөлмейміз
3. Белсенді боламыз
4.
Бір-бірімізге ренжімейміз
5. «қазір»
және «осында» принціпі
1.Танысу
«Саяхатқа шығу» жаттығуы
Мақсаты:Топ
мүшелерінің алғашқы кезеңдерінде
болатын ауыртпалықты сейілту, топ
мүшелерінің белсенділігін арттыру.
Психолог:
Құрметті ұстаздар, қазір бәріміз демалып
келуге саяхатқа шығамыз. Әр мұғалім өз
есіміне байланысты сол саяхатта бізге
қажетті деген затты алып шығамыз.
Мысалы, Маржан –саяхатқа қазан алады
т.б
2.
«Әртіс» жаттығуы
Барлық
қатысушыларға ойын барысы түсіндіріледі.
Анаңыздың
сізге тосын сый жасаған кездегі түріңіз?
Алыстағы
көптен көрмеген туысқанды көрген
кездегі түріңіз?
Өте
қатты ұнайтын затыңызды сатып алған
кездегі түріңіз?
Өзіңізге
ұнайтын адамыңызды кездестіргендегі
түріңіз?
Сен
мықтысың немесе мақтау сөздер естіген
кездегі түріңіз?
3.
«Ыстық картоп» жаттығуы
Мақсаты:
Қатысушылардың
көңіл –күйлерін көтеру.
Қатысушылар
шеңбер құрып түрады. Алдын –ала
дайындалған сұрақтар қағазға
жазылып,дөңгелек пішінде умаждап,ыстық
картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен
қосылады,қатысушылар ыстық катопты
жылдам бір –біріне береді.
Ең
жақын адамың кім? «Айтыңыз»
Арманыз
барма, қандай? «Айтыңыз»
Ең
жақын досыңыз, сырласыңыз? «Айтыңыз»
Жақсы
адам қандай болу керек? «Айтыңыз»
Соңғы
рет кімге көмектестің? «Айтыңыз»
Сүйікті
ұстазыңыз? «Айтыңыз»
Күн
тәртібіңіз? «Айтыңыз»
Жақсы
көретін тамағыңыз? «Айтыңыз»
Есіңізде
қалған көңілді сәтіңіз? «Айтыңыз»
Жабырқаған
кезде не көмектеседі? «Айтыңыз»
Егер
өмірге қайта келсеңіз, кім (құс, адам,
жануар, ағаш т.б) болып келгіңіз келеді?
3.
«Кішкентай
ергежейлі» ойыны.
Жүргізуші
қатысушыларға кішкентай кішкентай
мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды
ұсынады. Жүргізушы қол соққанда ,
қатысушылар қолдарының шынтақтарын
бүгіп, саусақтарын алдыға қарай созып
«У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен
айтады.
Егер
жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын
ақырын айтады.
Өздеріңіздің
мейірімді ергежейлі екендеріңізді
ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.
4.
«Біз өмірімізді неге арнаймыз?» жаттығуы
5.«Орнымызды
ауыстырамыз».
Бұл
ойын кішкене қимылдауға, көңіл-күйді
көтеруге, сонымен қатар бір-бірі туралы
қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Бір орындық алынып тасталады да, жүргізуші
босаған орынға отырып алу үшін келесідей
тапсырма береді: «
Ойынның
шарты түсінікті болғаннан кейін,
орындарын ауыстыру жағдайы күрделене
түседі. Енді сұрақтар қатысушылардың
кәсіби қызметінің, білімінің
ерекшеліктеріне және т/б. байланысты
болуы керек.
Мысалы,
орындарын ауыстырады ...
Өмір
бойы бір мекемеде қызмет етіп келе
жатырғандар;
Қазіргі
уақытта жаңа бағдарламамен жұмыс
жасайтындар;
Өз
жұмысын жақсы көретіндер;
10
жылдан астам педагог болып жұмыс жасап
келе жатырғандар;
Бала
кезден мұғалім болуды армандағандар;
шалбар
кигенді жақсы көретіндер,
алмұртты
жақсы көретіндер,
гитара
тарта алатындар,
сағат
тағып жүргендер,
Азанда
шай ішіп келгендер,
Түрік
сериалын жақсы көретіндер,
Аудандық
сайыстарға қатысып жеңіспен оралғандар,
Тренингке
бірінші рет қатысып отырғандар; және
т.б.
орындарын
ауыстырсын.
Қорытынды:
Ғ.Мұратбаев
атындағы №17 орта мектеп
Тренинг
тақырыбы:
«Адами
қарым –қатынас ізгіліктері»
(жас
мамандармен)
Мектеп
психологы:Б.Есенова
2016-2017
оқу жылы