жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Адами қарым – қатынастар ізгіліктері»
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: Ұзынкөл ЖОББМ Мерзiм: қаңтар № 19сабақ
Тақырып: «Адами қарым – қатынастар ізгіліктері» (1-сағат)
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: адамдарға риясыз қызмет ету, шынайылық, жауапкершілік.
Мұғалiм: Мурзакаева Н.Б.
Сынып: 9а
|
Сабақ мақсаты: Оқушылардың адами қарым – қатынас туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - адами қарым – қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіру; - адамдарға риясыз қызмет ету ізгіліктерін дамыту; - адами шынайылық танытуға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу; |
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталату. Тыныштық, тәртіп, тазалық, талап, татулық. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз. Тыныштық сәті Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Үй тапсырмасын тексеру Ж.Бейсенбаевтың әңгімесі Сұрақтар: «Сәлемдесу – әдептілік бастауы» дегенде нені түсінесіздер? Адамның жас ерекшеліктеріне, күн мезгіліне қарай әр түрлі сәлемдесудің мәні неде? |
Сабақа барысын талдау |
|
Дәйексөз. «...Түсінудің өзі де – адамның үлкен еңбегі» Б.Момышұлы -Дәйексөздің мағынасын қандай ой түйдіңіздер? |
|
|
Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы) Екі дос Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе – тең етіп екіге бөліп алатын.Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: «Өнімді және шыққан пайданы тепе – тең бөлгеніміз дұрыс болмады,» - деп ойлайды, «Мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ». Осындай оймен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адамы болмайды, » - дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түн жасырын түрде бір – бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір – біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір – біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.
|
|
|
Шығармашылық жұмыс Тапсырма: Күнделікті өмірде кездесетін сыпайы сөздердің тізімін жасап, жоба құру. (Мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтиже ретімен орындауды ұсынылады).Өздері жасаған жобаны орындап, қорғайды. |
|
|
Топпен ән айту. «Сен маған сүюді үйреттің» (Әні-Ербол Байырбеков, сөзі-Ақмарал Леубаева)
Ұмытып кеткен едім. Басымды июді үйреттің, Тәкаппар өктем едім ... Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруді үйреттің, Ұстазсыз мектеп едім. Қайырмасы: Сен маған ұшқанды үйреттің, Тордағы бұлбұл едім. Сезіммен құшқанды үйреттің, Күдікшіл құмбыл едім
Уайымшыл бір мұң едім. Иіскеп қысқанды үйреттің, Құшақсыз бір гүл едім. Шынайы күлуді үйреттің, Нөсерлі көктем едім. Өмірді сүруді үйреттің, Ұстазсыз мектеп едім.
Қайырмасы: Сен маған ұшқанды үйреттің, Тордағы бұлбұл едім. Сезіммен құшқанды үйреттің, Күдікшіл құмбыл едім. Үй тапсырмасы. Ұ.Асыловтың «Алдын ала ойлану – асыл қасиет» әңгімесін оқу |
|
|
Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген