Адамның денсаулығына психология қалай әсер етеді?
90 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет – ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы.
Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған. Тарихы тереңде бір адамның ғұмырындай уақыт болған ҚазҰУ-дың Республикалық деңгейде де халықарлық деңгейде өзінің орны бар. М.Әуезов атамыз сабақ берген, «Махаббат қызық мол жылдар» атты көркем шығарманың кейіпкері Ербол, халықаралық спорт шебері Ермахан Ыбрайымов сынды атақты тұлғалар білім алған ҚазҰУ киелі орда. Әрбір бітіруші жас талапкердің арманына айналған бұл оқу орнының берер мүмкіндігі мен білім сапасы жоғары екені белгілі. Сапалы кадрлар дайындауда өзіндік үлес қосып келе жатыр.
Қазіргі жылдам қарқынмен дамыған заманда кейде кездері біз ең маңызды нәрсе – өзіміздің денсаулығымызды ұмытып кетеміз. Жұмыс кезіндегі жүйке жүйесі мен адамның психикасына деген түсетін жүктеменің үнемі өсуіне байланысты денсаулық психологиясы проблемасы көптеген жылдар бойы өзекті болып қала отырып, жетілдірілуде, сонымен қатар ғылыми білімнің басқа салаларымен өзара әрекеттеседі.Бұл ғылым психологиялық компонентке сүйене отырып, адамның өз денсаулығын сақтауын, оны нығайтуын қамтамасыз етуге бағытталған (мінез, сезім, темперамент, қабілет, интеллект). Осылайша, адамдар өзін-өзі дамытуға, мансаптық өсуге, өз әлеуетін ашуға, ең бастысы белсенді ұзақ өмір сүруге көбірек мүмкіндіктерге ие. Осы мүмкіндіктерді түсініп пайдалана білу үшін психологияның оқытылуы, соның ішінде қызметтегі психологияны зерттейтін мамандардың дайындалуы қазіргі таңда өте қажет.Адамның денсаулық психологиясы туралы сөз қозғар болсақ бұл тақырыптың тірегі ретінде мыналарды айтып өтуіміз қажет. Тұлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, рухани дамуға негізделеді. Адамның психологиялық денсаулығы мәселесі психология ғылымында ұзақ уақыт бойы өз деңгейінде қарастырылмай келді. ХХ ғасырдағы психология ғылымы адамның психикалық ауытқулары мен тұлғалық дағдарыстарын зерттеуге бағытталды, ал психикалық және психологиялық денсаулық назардан тыс қалып отырды. Бұл денсаулықты ауытқулар мен науқастың болмауымен және статистикалық норма көрсеткіштерімен түсіндіруден келіп туған шектеу еді. Ғылымда беделді психоанализ бағыты адам жан-дүниесін психикалық науқас, патология, ауытқу, тұлғаішілік қақтығыс тұрғысынан зерттеп қарастырды; адамдағы невроз, жүйке күйзелістері, басқа да ауытқуларға іс-тәжірибеде тиімді жүзеге асатын теориялық сипаттамалар бергенмен, денсаулық мәселесі қозғалмады. Әйтсе де, тұлғалық үйлесімділік, психикалық саулық мәселелері көтерілсе де философиялық, медициналық ұстанымдардан аса алмады. Ал адам табиғаты тек ауытқулар мен күйзелістерден құралмайтыны белгілі. Баланың психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдары негативті симптомды немесе қалыпты әлсіретуге, жоюға бағытталған емес, баланың тұлғалық қасиетерін, адаптивті қабілеттерін күшейту, мобилизациялау үшін олардың конструктивті мүмкіндіктерін қолдануға бағытталуы қажет.Әлеуметтiк бейiмделу және психикалық денсаулық мәселесi гуманистiк педагогика мен психология үшiн өзектi болып табылады. Жас буынды тәрбиелеуде антропоцентрикалық бағытты ұстану философиялық (Т. де Шарден, М. Шелер), психологиялық (В.И. Слободчиков, И.Ф. Исаев), педагогикалық антропология (К.Д. Ушинский, Б.М. Бим-Бад), гуманистiк психология (К. Роджерс, А. Маслоу, А. Бандура) желiсiнен шығады.Психологиялық денсаулық негiзiнде балалардың жеке басының қасиеттерi дамып, психикалық кейiптерi қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдiстерiнiң жетiлуiн қамтамасыз ететiн бiрден-бiр фактор және жағдай болады. Балалардың өзiн-өзi дамытып, жетiлдiруiн, реттей алуын, яғни өзiндiк бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететiн де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтiн психологиялық денсаулығы болып табылады. Ғылымдағы балалардың психологиялық денсаулығының мәндiлiгi әркiмге – психологтарға, педагогтарға, дәрiгерлерге, ата-аналарға аян, алайда ол әртүрлi балалардың әлеуметтенуiне қатысты зерттеулерден белгiлi болғанымен, балалардың психологиялық денсаулығында зерттелмеген, шешiлмеген, қарастырылмаған мәселелер жеткiлiктi. Психологиялық денсаулық» терминiне қатысты екi жақты түсiнiк сақталады: бiрiншiден, балалардың психологиялық денсаулығы бiлiм беру жүйесiндегi психологтардың кәсiби шеберлiгiн, психологиялық қызметтiң тиiмдiлiгiн көрсететiн критерий; екiншiден, психологиялық денсаулықтың ғылыми анықтамасы әлi де нақтыланбаған. Осы жағдайға байланысты адамның психологиялық денсаулығы мәселесінің теориялық-пәндiк аспектiлерiн зерттеу, жас кезеңдерiне байланысты қазақ балаларының психологиялық денсаулығы ерекшелiктерiн, қамтамасыз ету амалдарын анықтау – практикалық психологиялық қызмет үшiн маңызды көкейтестi мәселе болып табылады. Психологиялық денсаулықты дамытудың белсендi, жедел әдiстерi – тренингтер, индивидуалды–коррекциялық тәсiлдер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық және индивидуалды жұмыстарға негiзделiп, тиiмдiлiгi дәлелденген (И.В. Дубровина, В.И. Слободчиков, А.В. Шувалов, О.В. Хухлаева). Әлеуметтiк-психологиялық тренингтердiң әртүрi – сензитивтi, оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердiң және индивидуалды коррекциялық тәсiлдердiң – бастауыш сынып жасындағы балалардың психологиялық денсаулығын қамтамасыз етуде тигiзетiн психологиялық әсерi әлi де болса кеңейтiле зерттелмеген. Қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдары, осы мақсатта бастауыш сынып жасындағы қазақ балаларымен жүргiзiлетiн тренингтер және индивидуалды коррекциялық тәсiлдердiң ерекшелiктерi осы күнге дейiн назардан тыс қалып отыр.Баланың жалпы физикалық және психикалық денсаулығы көптеген факторларға тәуелдi: дұрыс тамақтану, күн тәртiбi, таза ауада болу, қимыл-қозғалыс белсендiлiгi, шынықтырушы шаралар, психологиялық комфорт-жайлылық. Н.И. Гуткина [2] психологиялық жайлылықты психосоматикалық науқастардың алдын алу шарты ретiнде қарастырады. Баланың қажеттiлiктерi фрустрацияға ұшыраған кезде өте жиi психологиялық дискомфорт - жайсыздық пайда болады. Бiрiншi ретте мұнда белгiлi депривация феноменi жатады, ол сәбидiң анасының зейiнi мен қамқорлығы жетiспеген жағдайда нәтижесiнде психикалық және физикалық дамуында артта қалуынан көрiнеді
Қорытындылай келе біз психологияның адам денсаулығына орасан зор әсерін тигізерін біліп отырмыз.Осы білім арқылы біз өзіміздің денсаулығымызды күтіп психологиядан келетін теріс жақтардан аулақ болуға дайын болуымыз қажет. Психикасы сау адам қоғамда орын алатын қылық талаптарына қайшы шешiм қабылдамайды. Басқаша айтсақ, адамгершiлiк статусы деформацияланбаған болса, ол қабылдаған шешiмдер өзiнiң де, оны қоршаған адамдардың да, iстiң де игiлiгiне асады. Қылықтарды психикалық басқару тұрақтылығы, адамның қоғамда қабылданған адамгершiлiк нормаларына бағыттылығы оның моральдi қасиеттерiмен байланысты. Моральдi тұрақты және психикалық денсаулығы бар адам жаман қылықтарға бармайды.Психологияның осы тақырып аясында зерттеу жұмыстары барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары мен зерттеушілері өздерінің орасан зор үлесін қоса білді.Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетке осы игі істері үшін алғысымызды білдіреміз
Тленчиева Н.С.
Педагогика ғылымдарының кандидаты.
Cтасюк А.А.
Психология мамандығының 1 курс магистранты
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Жарилкат Бекарыс 1 курс студенті
Есеп және аудит мамандығы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз