Адамның ішкі әлемі №3 сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның ішкі әлемі №3 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
7сынып сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Адамның ішкі әлемі № 3 сабақ

Құндылық: «Дұрыс әрекет» Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық

Сынып – 7

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: : - оқушыларды жан дүниенің тазалығын сақтап,ар-ұжданмен өмір сүруге үйрету;

- адалдық, ақкөңілділік қасиеттерін дамыту;

-ар-ұжданды тыңдауға тәрбиелеу.

Плакат, маркер, үлестірме қағаз.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (топтарға бөлу)

Тыныштық сәтін. «Нұрға бөлену» баяу әуен тыңдау арқылы.

2. Үй тапсырмасын тексеру: Шәкәрімнің ұждан туралы берілген шығармасынан берілген үзіндіні оқып келу

Ел-жұрт неліктен тыныш ұйықтай алмады?

Адамдардың Ұжданмен кездесуінен кейінгі мазасыздануының себебі неде? Ұждан адамдарды қалай дұрыс жолға салды? Олардың ойын, ниетін қалай жақсартты?

Ұжданның ниетін түсінбегендер жағдайдан шығудың қандай жолын іздеді? Неліктен?

Адамдар Ұжданға ұялмай, дұрыс жауап беру үшін өз міндеттері мен парыздарын қалай атқаруы керек екен?

Елдегі тыныш өмірдің орнауының себебі неде?

Өздерің күнделікті өмірде Ұжданды басшылыққа аласыңдар ма? Қалай?


Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.



3. Дәйексөз:

Абайдың «Ар ұялар іс қылмас»- деген сөзін оқушылар назарына ұсыну және жаттау. Жұмыс дәптерге жаздыру.

- Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?


Абайдың сөзін оқу арқылы дәйексөздің мағынасын ашу.


АКТ-ны пайдалану.

4. Әңгімелесу (сұхбат) Шәкәрім

... Адамдағы ынсап , әділет, мейірім – үшеуі қосылып ұждан деген ұғым шығады. «Адамшылық арым соны істеуді ұнатады» деген «ұжданың солай қылғанды ұнатады» дегендік болып шығады. Бұған нана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін ешнәрсе қарайта алмайды” деген ойда әңгімелесу

Шәкәрімнің шығармасынан үзінді оқу арқылы сабақты аша түсу.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Сөздіктерден «ынсап», «әділет», «мейірім» сөздерінің анықтамасын тауып, оқыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңдар.

2. Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла...» сөзін басшылыққа алып, төмендегі рөлдерді қатыстырып сахналау ұйымдастырыңдар. Дәнекер (өмірмен байланыстырады);

Сөз тапқыш (мәтіннен жүрекке жылы сөздерді тауып айтады);

Сұрақ қоюшы (сұрақ қояды);

Реттеуші (реттеп отырады).

3 Өсиет әңгімені оқып, кейіпкерлердің мінезі мен іс-әрекеттеріндегі ерекшеліктерге назар аударыңдар. Жаңа үйдің иесінің «Әркім өзінде барымен бөліседі»,- деген ойын қалай түсіндіңдер? Өсиет әңгімеге қандай тақырып қоюға болады?

Өсиет әңгіме

Бірде бір адам үлкен, жаңа үй сатып алады. Оның бақшасында толған жеміс ағаштары. Сәнді үйдің жанында қызғаншақ көршісі болады, ол үнемі жаңадан көшіп келген көршінің көңілін бұзу үшін түрлі әрекеттер жасайды. Бірде жаңа үйдің қожайыны есігін ашса, бір шелек қоқысты көреді. Оны көршісі әкеліп қойған екен, сонда үй қожайыны шелектегі қоқысты төгіп, оның ішін тазалап жуып, баудан піскен ең үлкен алмаларды шелекке салып, көршісіне алып келіп, есігін қағады. Ал, көршісі есігін ашып, өзінің шелегі мен алманы көтерген оны көріп, абыржып қалады. Сонда жаңа көрші: «Әркім өзінде барымен бөліседі»,- деген екен.


Сахналау

  1. Топпен ән айту

Мейірімді көздер-ай!

Сөзін жазған Шона Смаханұлы

Әнін жазған Садық Кәрімбаев

Жері жоқ шолмаған,

Ғарышқа самғаған,

Қыранның көзіндей,

Қырағы көздер-ай!

Сыр сәуле төгілген,

Даналық көрінген,

Елім деп егілген Ақылды көздер-ай!

Түбіне сыр тұнған,

Жүрекке бұлқынған,

Сарқылмас нұр құйған Тұңғиық көздер-ай!

Тұп-тұнық бұлақтай,

Жайнаған шырақтай,

Жаныңның жыршысы – Мейірімді көздер-ай

АКТ-ны пайдалану.

Әнді бірге шырқау арқылы балалар өз көңіл –күйлерін көтере түседі.

7.Үй тапсырмасы.

4-тапсырма

Өз жан дүниең (ой, ниет, сөз, іс) байып, жақсару үшін не істейсің? Не нәрсе сәтті, не сәтсіз шығуда? Оның себептері неде деп ойлайсың? Жан дүниеңді (ой, ниет, сөз, іс) байытып, жақсартуға бағытталған істер жөнінде ойланып, жоспарын жаса, үлкендермен ақылдасып, іске асыр.


4-тапсырманы орындап келу.

Күнделікке жазып алу.


8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.

АКТ-ны пайдалану.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1331
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі