Адамның ішкі әлемі № 4 сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамның ішкі әлемі № 4 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
7сыныпқа сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Адамның ішкі әлемі № 4 сабақ

Құндылық: «Дұрыс әрекет» Қасиеттер: жауапкершілік, адалдық

Мұғалімі:

.


Сабақтың мақсаты: - оқушыларға жан дүниенің тазалығы мен оны кемелдендіру туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларды жан дүниенің тазалығын сақтап,ар-ұжданмен өмір сүруге үйрету;

- адалдық, ақкөңілділік қасиеттерін дамыту;

-ар-ұжданды тыңдауға тәрбиелеу


Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу.

- сынып тазалығына көңіл бөлу

- оқушыларды түгендеу. (4-түрлі түстер арқылы топтарға бөлу)

Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»

2. Үй тапсырмасын тексеру:

4 тапсырма

Өз жан дүниең (ой, ниет, сөз, іс) байып, жақсару үшін не істейсің? Не нәрсе сәтті, не сәтсіз шығуда? Оның себептері неде деп ойлайсың? Жан дүниеңді (ой, ниет, сөз, іс) байытып, жақсартуға бағытталған істер жөнінде ойланып, жоспарын жаса, үлкендермен ақылдасып, іске асыр.


Сабақ барысын талқылау, топқа бөлінеді. (Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық) сақтау керектігін еске түсіру.



3. Дәйексөз:

«Ар ұялар іс қылмас» Жұмыс дәптерге жаздыру

Дәйексөзді өалай түсінгендігін сұрау


Абай

4. Әңгімелесу (сұхбат) Шәкәрім

Таза жолмен жүруге талаптан, өзіңді сол жолмен жүруге тәрбиеле. Адалдықты, тазалықты мақсат еткен жолға қарама-қайшы келетін бұзықтықтан бойыңды да, ойыңды да аулақтат. Белгілі бір дәрежеге, деңгейге жетсең де немесе одан кетсең де, белгілеген дұрыс мақсатыңды бұзба, одан айныма. Бұл өміріңнің жолы екіге айрылып өзендей ағар, әр жақтан әртүрлі мәселелер мен қиындықтар, азғыратын жайттар болмай тұрмас. Сол кезеңде дұрыс мақсатыңды берік ұстанып таза жолдан таймай барғаның, жетпесең де алғаның көбірек болсын. Таза, тура, адал жол деген негізгі қазыққа барар жолда бұзыққа қызықпа, ындыныңды тура жолға сал, мақсатыңды бұзба, таза жолдан тайма, тура жолға ие бол. Құбылсаң, бұзылсаң, не қызығып, не именумен қайта алмай, байқамай себепке еріп жетектелсең, бұларды аттап ӛте алмай қалсаң, адалдығыңды жоғалтып, адамдығыңды кетіріп рухани тірі ӛлікке айналасың. Осыған ермей, ақ жолмен алға бассаң, міне, сонда ғана сен шынайы еркінсің, еркіңді қай бағытқа бағыттау- өзіңнің жүрегіңнің шешімі. Тура жолды сезімі ояу, есті жан ғана табады.

Мәтіндегі автордың айтып отырған «таза жолы» қандай жол деп ойлайсыңдар?

Ол «таза жолға» адамды оның бойындағы қандай құндылықтары мен қасиеттері жетелейді?

Автор мәтінде кімдерді «сезімі ояу, есті жан» дейді? Сеніңше, ондай жандар ар-ұжданын басшылыққа ала ма?

Ар-ұждан адамды қандай жолға бастайды?

Өзің өмір жолыңда нелерді басшылыққа аласың? Неліктен?

Шәкәрім

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1. Төменде берілген өлеңді оқып, ой, сөз, істегі ар-ұжданды ұстанудың нәтижелерін (себебі мен салдарын) тауып, айтып беріңдер.

Жүсіп Баласағұн


2. «Өзіңнен ұяла жүрсең, сені ешкім де ұялта алмайды» (Феофраст) тақырыбына эссе жазыңдар.


3. Жағдаятты шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер. Математика мұғалімі көзге көрінетін нақты формулаларды тақтаға жазып жатып; «Арамызда көзге көрінбейтін дүниелерге сенетіндер де бар шығар?» – деді. Бір оқушы орнынан тұрып: – Әрине, – деп жауап қайтарады.

Маған қара, адам көзге көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын заттардың болмысына сеніп, ол жайлы сөз етсе, ол ақылдылыққа жатпайды, – деді. – Апай, сіз балаңызды жақсы көрген кезде, мейіріміңіз қолға ұстала ма, ал біреуге риясыз көмектескенде оған деген жанашырлығыңызды шығарып, үстелге қоя алар ма едіңіз? – деді. Барлығы ойланып қалды... Сендер қалай түсіндірер едіңдер?

Адамның ар-ұжданы да ылғи көзге көріне ме? Оның көріністері нелер деп ойлайсыңдар?

4. Өсиет әңгімені оқыңдар. Өсиет әңгіменің астарынан нені аңғардыңдар? Мәтіндегі жағдайды адамның мінез-құлқымен, өмірімен байланыстырып, кестені дәптерге толтырыңдар. Өсиет әңгіме


Мәтін бойынша

Өмірмен байланыс



Баяу әуен қойылады.


Постер, маркер.

6. Топпен ән айту Дүние-ай

«Жігіттер» тобы

Өтетін сейілмен

Ей,дүние базарсың,

Пенделік пейілден

Жүрегім тазарсын


Қайырмасы:

Адамға бақ берер тек қана Алла мекен

Өмірдің қызығы біреуге арман екен,

Мәңгілік тұрағың болатын бар ма мекен

Бес күндік бұл дүние расында жалған екен.

АКТ-ны пайдалану.

Оқушылар бірге әнді қосылып шырқайды

7. Үй тапсырмасы. «Жаңылыс пен ақиқаттың есігі» атты аңызды оқып келу

Аңызды оқып келу.


8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. «Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік» бүкіл әлемде.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі