жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Адамның негізгі дене мүшелерін (бөліктерін) және олардың қызметтерін атау
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән: Жаратылыстану |
Мектеп: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі |
|
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Адам («Мен және менің отбасым» ортақ тақырыбы аясында.) |
||
|
Күні: - |
Мұғалімнің аты-жөні: Дайржанова Айгүл Мендыбаевна |
|
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар: - |
|
|
Қатыспағандар саны: - |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Адамның дене мүшелері |
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) |
1.2.3.1. Адамның негізгі дене мүшелерін (бөліктерін) және олардың қызметтерін атау |
|
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Адамның негізгі дене мүшелерін атау. Көптеген оқушылар: Адамның негізгі дене мүшелерін ажырату. Кейбір оқушылар: Адамның негізгі дене мүшелерінің қызметтерін анықтау. |
|
|
Бағалау критерийлері |
1. Адамның негізгі дене мүшелерін атайды. 2. Адамның негізгі дене мүшелерін ажыратады. 3. Адамның негізгі дене мүшелерінің қызметтерін анықтайды. |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Адамның негізгі дене мүшелерінің қызметтерін анықтай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: білек, шынтақ, білезік, жіліншік, башпай, сұлба, паралимпиада. Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: жамбас белдеуі, иық белдеуі, мүмкіндігі шектеулі, дене мүшесі. |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Салауатты өмір салтын сақтау |
|
|
Пәнаралық байланыстар |
Дене шынықтыру, көркем еңбек |
|
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Дене мүшелерінің атауларын біледі. |
|
|
Сабақты жоспарлаған кезеңдері |
Сабақта жоспарлаған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 мин 6 мин |
(МК,Ұ) І. Ұйымдастыру (сәлемдесу) Психологиялық дайындық (оқушылардың қызығушылығын ояту) Білу. Аудиотыңдалым. Қадір Мырза Әлі — «Не үшін?»
Түсіну. (Ж) Бір-біріне әңгімелеу. Кері байланыс: мадақтау сөздері. «Керемет, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін. Жарайсыңдар» Дескриптор:
(Т) «Тыңда, көрсет, анықта» жаттығуы Орындарыңнан тұрыңдар, секіріңдер, жүгіріңдер, бір жақтан екінші жаққа иілу басты алды артқа айналдыру, үстел үстінен затты алу. Сұрақ: Қай дене бөліктері оны істей алады. (адамның дене бөліктерін атау) Кері байланыс: ауызша |
АКТ Адамның Аудиотындату арқылы. Шаттық щеңбері.
Оқулық, 32 бет. |
|
Сабақтың ортасы 1 мин 7 мин |
(МК, Ұ) Сұрақ: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (жауабын тыңдау) Тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Сұрақ: - Сабақ соңында нені білетін боламыз? (ҚБ) Қандай тамаша, керемет. (Ж.) 1-тапсырма: Сұлба бойынша жұмыс. Сұлба терминімен танысу. Сұрақ: -
Суреттен кімдердің сұлбасын
көріп тұрсыңдар? Әрбір сұлбаға назар аударыңдар. Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын айтыңдар. (билейді, бокспен шұғылданады, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр). – Бұған қандай дене мүшелері қатысады? (Аяқ және қол қимылы, бас бұру, дене иілуі.) Оқушыларға бұл қимылдарды қайталату, дене мүшелерін атату: бас, мойын, тұлға, қол, аяқ. Оқушыларды қол, аяқ бөліктерімен таныстыру. Дескриптор - шаш және киім үлгісіне қарап сұлбаны ажырата алады; - сұлбаға қарап олардың іс-әрекетіне қандай дене мүшелері қатысып тұрғанын айта алады. |
Таныстырылым.
Оқулық, 32-бет Үлкен көлемдегі ватман парағы, дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер, маркер. Дене мүшелері суреттелген қиындылар Айтылым. Оқулық, 33-бет. АКТ, видеожазба Дәптер, 20-бет https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/11be/0012884d-6b31bcf0/img5.jpg |
|
10 мин |
(Т) Саралау тапсырмалары 1-топ: Зерттеу жұмысы
Оқулық, 33-бет Сұрақ: Адамның қандай дене мүшелері бар? Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың? 2-топ: Әр топқа дене бөлігінің суретін тарату. (Мысалы: саған қол, саған аяқ т.б.) Қысқаша хабарлама дайындау және оның қызметін көрсету (қол сермеу, аяқты бүгу, басты айналдыру...) 3-топ: Дерексөз: сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада аяғына жасанды сүйек қойылмастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті. Дескриптор:
|
|
|
1 мин 5 мин |
Сергіту сәті: Қызыл өрік (Ж) Дәптермен жұмыс. Қорытындылау.
Дене мүшелерінің суретін салып, адам денесінде нешеу екенін анықта |
|
|
Сабақтың соңы 2 мин |
Рефлексия «Ақжелкен»
|
|
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген