Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Адамзатқа төнген қауіпті дерт

Материал туралы қысқаша түсінік
"Адамзатқа төнеген қауіпті дерт" тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының материалы. Тәрбие сағатында жастарды шылым шегу, ішімдік ішу, кальян шегу, есірткі, діни экстримизм,СПИД сияқты зиянды факторлардан аластату және алдын алу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Адамзатқа төнген қауіпті дерт»

Сабақтың мақсаты:

  • Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу,шылым шегу, ішімдік ішу,есірткімен күрес, экстремизм және терроризмнің алдын алу туралы түсіндіру.Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, қазіргі замандағы діни экстремизмнің салдарын түсіндіру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.

  • Оқушыларды БАҚ мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, экстремизмге қарсы көзқарастарын қалыптастыру.

  • Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеуОқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке,
    инабаттылыққа, ел жандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

  • Оқушыларға  темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.

  • Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі үшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.

  • Оқушыларды  ЖИТС  (жүре  п.б.  иммундық  тапшылық  синдромы)  немесе  ЖЖБ дан  сақтану  әдістерін  үйрету,  төтенше  жағдай  кезінде  дұрыс  шешім  қабылдай  білу  қабілеттілігін  дамытатын  қажетті  білім,  білік,дағды  /ББД/  қалыптастыру.

Сабақтың негізі:

  • Елбасының «Қазақстан – 2030» Жолдауы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру және осы тәрбиені ұрпақ боййына сіңіру ұстаздар алдында тұрған үлкен мәселе.

  • Бұл сабақта қазіргі таңда елімізде де таралып бара жатқан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын ойландыратын СПИД дерті, экстремизм және терроризм жайлы сөз болмақ.

  • Онда СПИД-тің пайда болуын, таралу жолдарын, зиян екенін түсіндіру, нашақорлықтан бойларын аулақ ұстауға үйрету көзделді.

  • Сабақта берілген нәтижелер арқылы оқушылар шылым шегудің физиологиялық зардабын және тірі ағзаға әсерін сипаттай алуы қажет.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап,  әңгімелесу, топтастыру әдістері қолданылды.

Көрнекіліктері:  слайд, мультимедиялық тақта.

Ұйымдастыру бөлімі:

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың отбасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу тәсілдерін білгеніміз жөн. Оқушыларға  темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.

Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.

Мұғалім. Бүгін біз «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» деген тәрбие сағатымызды бастағалы отырмыз. Бастамас бұрын, адамзат ағзасына қауіп әкелетін зиянды факторлармен танысып алайық және әрқайсымыз осы туралы мағұлмат беріп өтейік.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», - деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «Адамзатқа төнген қауіпті дерт» атты жиынды ашық деп жариялаймыз.



Бүгінгі әнгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Темекі зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.


Шылым: Айдана. Темекі( Nicotiana)- алқа тұқымдасына жататын,құрамында есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік.Қазақстанда оның 3 түрі бар: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка темекі. Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97% өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.

Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20%  Қатерлі ісік  ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан боладыБарлық жасөспірімдерге алкоголь, темекі және есірткі ұсынса, әрқайсысы олардың бетін қайтара бермейді.  Л. Толстойдың «Жастық» повесінде: «... Шылымның иісі жағымды көрінді,аузымда қышқылтым дәм сезілді, тынысым тарылды. Бірақ жүрегімді қолыма алып, мен шығаруға тырыстым, көп кешікпей бөлменің іші көгілдір түтінге толды. Аздап басым айналды. Мен әрекетімді тоқтатып, қолымдағы түтікшемен айнаға қарау үшін орнымнан көтерілдім, бірақ буындарым босап, бөлменің іші шыр көбелек айнала бастады, әрең деп айнаның алдына жеткенде, одан мен өзімнің ақ шүберектей бозарған өңімді көрдім. Мен шындап қорықтым... және қатты бас аурумен әлсіреп төсекте ұзақ жаттым...» деп жазылған.


Ішімдік ішу: Қарлыға

Алкаголь ол-у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз, қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Алкоголь – қосындыларды ашытудан алынатын, күллі әлемге таралған ертеден келе жатқан есірткі. Біздің қоғамда алкоголь қалыпты өмірдің бір бөлігі сияқты. Алкоголь қанға араласады, одан әрі миға шабады екен. Алкоголь адам ағзасы үшін улы. Егер адам шамадан тыс ішсе, гастрит, жүрек ауруы, дәрумен жетіспеушілік және бауыр циррозы, белсіздікке ұшырайды, ауруларды жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйде болады. Егер алкоголь қан құрамында 0,1 – 1,15 пайызы болса, машина жүргізу аса қауіпті. 0,2 пайызы болса, түсініксіз сөз, қисалаңдап жүру байқалады. 0,4 пайызы – ес-түстен айырылуға әкеледі. 0,6-0,7 пайызы болса – адам өледі. Арақ туралы не білесіңдер? Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі – мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.






Кальян: Айдос

Темекі шегудің экзотикалық түрі - кальян қазірде өте танымал. Оған себеп не? Көпшілік кальянның темекіден гөрі зияны аз деп ойлайды. Сондай-ақ темекіге түрлі ароматизаторлар қосылып, оның жағымсыз дәмін жасырады. Кальянның түтіні қалың, әдемі болып шығады. Соның арқасында кальян ерекше романтикалық, шығыс атмосферасын қалыптастырады. Кейбір демалу орындарында кальян бөлмелері бар, ондағы интерьер тіпті кальян шегуді ерекше рәсімге айналдырады.

Сондай-ақ кальяндарды Шығыс елдерінде демалыстан кейін кәде сый ретінде алып келіп жатады. Біреулер кальян темекісінің сыртында "никотині жоқ" деген жазуға сенеді. Әрине ол тек маркетингтік айла. Кальянды темекіні шекпейтіндер де, темекіге қарсы адамдар да шегіп көруден бас тартпайды.

Кальян шегу - ол да сол темекі шегудей. Никотинге әуес болған ағза, темекі не, кальян не, бәрібір оны талап етеді. Темекі шеккенде никотиндік ашыққандық 5-10 минутта басылады. Бұл уақытта өкпеге жарты литр темекі түтіні түседі.

Ал кальянды орташа есеппен бірнеше сағат шегетіндікке байланысты, сіздің өкпеңізден 150 темекіден болатын түтін өтеді.

Оның құрамында тұншықтырғыш газдың үлкен мөлшері, ауыр металлдар тұздары мен канцерогенді қосылыстар сақталып қалады. Никотиннің қалған мөлшері бір сағатта 5 қорап темекідегідей болады.

Сондай-ақ кальян жабық бөлмелерде шегілетініне байланысты, оның түтіні гипоксия (ауа жеткіліксіздігі) тудырады. Бұл да кальянның ағзаға улы әсерін жоғарылатады.

Қазірде жастар арасында кальян отырыстарын ұйымдастыру кең етек жаюда. Жиі кальян шегу никотинге тәуелділікке әкеледі. Сондай-ақ бір кальянды бірнеше адам шеккенде түрлі тыныс жолдарының жұқпалы ауруларын (гепатит В, туберкулез, тұмау) жұқтыру мүмкіндігі жоғарылайды. Кальян шеккен достарының арасында отырған адам оны тартпаса да, пассивті шегуге шалдығады.

Кальянға құмар жандарға жүргізілген зерттеулер олардың арасында өкпе қатерлі ісігіне шалдығатындардың саны әлдеқайда көп екенін көрсетті. Сондай-ақ сараптамалар бойынша темекі шегетіндер мен кальян шегетіндердің бұл ауруға шалдығу мүмкіндіктері бірдей екен.

Никотиннің қалған мөлшері бір сағатта 5 қорап темегідей болады. Оның түтіні гипокция (ауа жеткіліксіз) тудырады.

Бір қарағанда зиянсыз бұл қызығушылықтан болашақта зардап шекпеу үшін қазірден бастап өзіңізді тыя біліңіз.


Есірткі : Мадина

Наркотик – ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі

Есірткі келтіретін зардабына сай ауыр есірткі және жеңіл есірткі болып екіге бөлінеді. Ал жүйкеге алып келетін зардабына сай синтетикалық, жартылай синтетикалық және өсімдік түрлі болып үшке бөлінеді

Есірткіні жиі қолданатын адамдарда уақыт өте келе тәуелділік пайда болады. Әдетте бұл тәуелділік екіге бөлінеді:

Жүйкелік

Физикалық

Есірткіні алғаш қолдану кезінде нашақорда тек жүйкелік тәуелділік пайда болады. Кейіннен ол физикалыққа ауысады. Физикалық тәуелділік қолданылатын өнімге және қолдану мерзіміне байланысты түрлі болады.

Жүйкелік тәуелділік есірткіні ұзақ уақыт пайдаланбаса көңіл күйі түсіп, ашуланшақ болады. Ал есірткіні қолданғанда рахат сезімге бөленеді.

Жүйкелік миды өзіне жаулап алып тәуелді қылады, адамды естен айырып өз – өзін өлтіруге дейін барды.

Физикалық тәуелділік есірткіні ұзақ уақыт аралығында қолданғандықтан, ағзаның жұмыс істеу режимін өзгертіп, өлімге дейін алып келеді.



Жалпы есірткіні қолданған жағдайда отбасының бұзылуына, адам өлтіруге, түрлі қылмыстарды жасауға әркет жасатады.

Сондықтан есірткіге мүлде жоламаңыздар...

Есірткіні елімізден жоюға, болашақ жастардың сол ұнтақты пайдаланбауына ат салысыңыздар.

Есірткіге жол жоқ.


СПИД: Аскарова Айдана

СПИД - синдром приобретенного иммунодефицита;

первая глобальная эпидемия, которая своими размерами перекрывает все эпидемии, которые перенесло человечество на всем протяжении своего развития;

Это «Чума XX века».

Пути передачи:

При внутривенном употреблении наркотиков с использованием общего шприца. Вероятность заражения в результате однократной инъекции 95%.

При обычной половой связи, в случае, если один из партнеров заражен ВИЧ СПИД

При переливаниях крови. Вероятность 95-96%

При использовании загрязненных вирусом хирургических, гинекологических инструментов

При пересадке органов и тканей от больных СПИДом

От матери к ребенку во время беременности через плаценту и при кормлении грудью через молоко

Суть заболевания в том, что вирус, внедряясь в организм, медленно убивает клетки, поддерживающие иммунитет, вызывая полное истощение иммунной системы.

Человек гибнет от инфекций: ОРЗ, ОРВИ, гриппа, воспаления легких или опухолей лимфатической и кровеносной систем.

За 11 месяцев 2015 года у граждан Казахстана зарегистрирован 2171 случай ВИЧ. Рост заражений отмечен в Восточно-Казахстанской, Костанайской, Южно-Казахстанской, Актюбинской, Северо-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской и Западно-Казахстанской областях, а также в городах Алматы и Астана. Наиболее подвержена инфицированию возрастная группа 20-39 лет, на которую пришлось 66,9% выявленных случаев ВИЧ (за тот же период 2014 года – 66,4%). На 1,4% увеличилось количество заражений среди работающих казахстанцев (35,5% против 34,1% в прошлом году).

С ВИЧ, по данным из заслуживающего доверия источника, живут 17 652 казахстанца. Больше всего инфицированных – в Алматы: 212,8 на 100 тысяч населения при среднереспубликанском показателе 102,1. За южной столицей идут Павлодарская – (201,0), Карагандинская – (190,7), Восточно-Казахстанская – (159,0) и Костанайская – (136,3) области.

В целях безопасности ведите здоровый образ жизни, соблюдайте личную гигиену, избегайте случайных связей, никогда не принимайте наркотические препараты и помните, ваша счастливая и здоровая жизнь только в ваших руках. Не разрушайте свою судьбу из – за глупой ошибки, которая приводит к заболеванию этой смертоносной болезни. Спасибо за внимание!

Діни экстремизм: Маржан Экстремизм (EXSTREMUS) деген латын тілінен енген термин,сөздік мәні соңғы,шеткі деген мағынаны білдіреді,ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс-әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен.

Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?

Біріншіден,мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды,яғни бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту;

Екіншіден, елдегі конституциялық құрылымды үзілді-кесілді мойындамайды;

Үшіншіден,заңсыз қарулы жасақтар құрады;

Төртіншіден,елде әлеуметтік нәсілдік,ұлттық,тіл және діни алауыздықты қоздырады;

Бесіншіден,елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тотолитарлық режимін орнатуға ұмтылады;




Діни экстремизм негізінен діни сауатсыздық, дінге толық таныммен келмеужәне діни сауатсыздықтың кесірінен теріс пиғылды ағымдарының өкілдерінің сөзіне ерден,надандықтан шыққан соқыр сенім деуге де болады.

Діни экстремизмнің көріністері қаазіргі заманда жастардың жат ағымның идеологиясына еліктеп,соқыр сенімнің жетегімен зайырлы қоғамға қарсы әрекет етуі.


Терроризм : Альмира

Терроризм - (араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту».) ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады.

Ең көп тараған «теле­фондық терроризм» нысандарына – вокзалдар, әуежайлар және көлік бекеттері (37,2%), демалыс және ойын-сауық орындары (24,8%), әкімшілік ғимараттар (18,6%), оқу орын­дары (16%), тұрғын үй­лер (15,1%) жатады.

Сараптама көрсеткендей «жалған террористердің» көбі ер адамдар болып табылады.

Телефон қоңырауынан қауіп төнгендегі іс-әрекеттер:

1.Түскен хабарламаны құқық қорғау мекемесіне  жеткізу керек.

2.Сөздерді толық қатесіз есте сақтап қалу немесе оны қағазға жазып алу керек.

3.Хабарлаған адамның ( ер,әйел) айтылған сөзін, дауысының мәнерін , (ашық, төмен тағы басқа) кекештігін толық есте сақтау

4.Сөйлескен кезде мынандай сұрақтарға жауап алуға тырыс: -қайда,кімге қоңырау шалу - қайда, қалай байланысу

5.Қоңыраудың қай уақытта шалынғанын есте сақтау.

6.Байланыс кезінде қандай дауыстар болғанын (дауыстың көлікте,поезда тағы басқа) анықтап қалуға тырыс.

Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.


Жанерке

«Дінге артылса сенімің, Имандылық болар серігің»


Сөз бастайын алдымен Раббым Алла.

Сәлем бердім жиылған баршаңызға,

Мен кеше жыр жазған ем шимай-шатпақ,

Соны оқып берсем деп ем жалпыңызға.


Қаны қазақ, жаны қазақ біз бауырмыз.

Бірге болған талай жерде бір басымыз,

Бесіктен кеше шыққан ел едік қой,

Бекімеген әліде бұғанамыз.


Кеуде түгіл, етекті жиып жүрген.

Иман етіп жүретін шын жүрекпен,

Халық едік, ал бүгін мүлде басқа,

Көріп жүрміз, Батысқа еліктеуден.


Дертті жан дұрыс пікір қыла алмайды.

Кекті жан ақиқатты құп алмайды,

Ащы да болса әрқашан шындық деген,

Қазағымның болашағы сағым қайғы.



Қас ашады қасыңнан күліп құшақ.

Туса екен деп тезірек бүлікті сәт,

Осындай заман бүгін байқасаңыз,

Қырылысып жүрген бәрі қырық пышақ.


Қарыны тоқ, киімі көк бейбіт заман.

Бұдан артық не керек дейді саған,

Иман кеткен, сол бізге жетіспейді,

Қазағымның ұлы мен қыздарынан.


Дінсіз болған жастарды көшемізден.

Көреміз, жалғыз емес бөтелкемен,

Жанында сыр шертісер адам жоқтай,

Неге ол дос болады ішімдікпен.


Ақылға сап халайық, терең ойлан.

Бұл жалғанда мәңгілік боп кімдер қалған,

Барлығына құм шашты деп ойламаңдар,

Демеңдер сөзімді де мүлде жалған.


Айта берсең сөзде көп таусылмайды.

Жеңіл өтсін басқа түскен әрбір қайғы,

Қазағымның болашағы жарқын болсын,

Алладан сұрайықшы осы жайды.


Ұлдарымыз иманды бала болсын,

Сол ұлдарға ибалы келін қонсын.

Екі жас қазағымды өркендетер,

Діні мықты, тілі мықты бала тусын.

Соларды қызықтайтын ата-әжелер.

Иншаллаһ, аман болсын, аман болсын!










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1099
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12